Читать книгу: «Құдайға сену»
© Бүркіт Темір, 2026
ISBN 978-5-0068-4359-2
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Алғы сөз
Бұл кітапшада Алланың қалауымен жеткізуге тырысқаным, ол өз өмірімдегі оқиғалар мен өмірден алған тəжірбелер жəне жеке ойларым. Бəлкім бұл ойларым дұрыс емес шығар, сондықтан мені қатты сынға алмауға шақырамын, өйткені менде бір күнəһар пендемін қателесуім мүмкінмін. Бұл жазғаным басылымға шығама, жоқ па ол бір Алланың қалауымен. Сондықтан бұл жазғанымды оқыған адамға өзгеге жеткізу менің аманатым болсын!
Өсек
Адам баласы өз тілімен айналасына және өзіне үлкен кес апат әкеледі. Біз көбіне өзіміз мінсіз көріп, өзгенің айыбын іздеп, айтуға құмармыз. Біреуді өсектеуге жанымыз қалап тұрады. Бұл өсектің арасына ақиқатта, жалғанда кетіп қалады. Осылайша әрі ғайбат айтушы болып қаламыз. Осы арада біз өзге адамға жүрегіне ауыр тиетін өсекті, ғайбатты таратып жүргенімізді кейде ойланбаймызда. Жаратушы бізді тілден тілге өзіміз анық білмейтін нәрсені айтпауға шақырады. Бұған жеңіл қарамауға, өйткені бұл ауыр күна екенін айтады. Сондықтан барынша жаман сөзден, жаман ойдан аулақ болайық. Қандай сөз сөйлесекте жақсыны айтайық не үндемейік. Ал егерде бір жаман сөз әңгімеге тап болсақ, бұл жала бұған сенбейтінің айтып, Алланы еске алған дұрыс болар. Бұл болмаса әңгімені жақсыға бұру қажет деп ойлаймын. Жақсы сөз сөйлеп, жақсы ойлар салып және көбірек Жаратушыны еске алсақ, бәлкім сонда ғана жақсарамыз. Жүрегіміз, жан дүниеміз жақсарып, тыныштық табады деп ойлаймын. Бала кезімде мектепте болған жайды, үйде дастарханда айтуды әдет болған еді. Бұны естіген әкем мені қатты ашумен сөкті. Осы күні ойласам, бұл дұрыс екен. Өйткені бұл -өсек, жүрегімізге қара дақ түсіруші, Жаратушыдан алыстатушы.
Ғайбат
Əлем өзгергенмен біздің әдетіміз өзгерген жоқ. Адамдар қалай зұлымдық жасаса солай жасап жатыр. Оның бірі өз тілдерінмен. Біз көбіне өзгені айыптап, өзге туралы жалған ақпаратты және ол кісі естісе көңіліне жақпайтын жаман сөздерді айтамыз. Бір сөзбен ғайбат тасушы боламыз. Біз өзімізді судан таза көреміз, алайда біздің мен мендігіміз, бізді күнәға батырып жатыр. Жаратушымыз кейбіреулерін кейбіреуді ғайбаттамауға шақырады. Əрі бұл өлген туысқанның етін жегенмен сай жаман іс екенін атап айтады. Ал осы күні қаншама ғайбат тасудамыз, бауырымыздың жүрегіне жара салатын. Сондықтан бұл істең барынша аулақ болайық. Барынша бұл дерттен тілімізді тазартайық. Өйткені тіліміз сау болса, жүрегіміз сау болады деп ойлаймын. Ал Жаратушы болса біздің дүниемізге, мәртебемізге қарамайды, тек істеген амалдарымызға және жүрегімізге қарайды. Ал біздің жанымыз әрдайым әлсіздік танытады. Ғайбат, өсекке кірісіп кетеді. Шайтан болса, оны бізге көркем іс етіп көрсетеді. Осылайша күнәдан күнәға бата береміз. Бірде бір бейне жазбаға тап болдым. Онда бір адам бір ғалымды өсектеп, ғайбаттаған екен. Ал бұны естіген басқа бір адам сол ғалымға бұл жайды жеткізеді. Бұны естіген ғалым, үйдегі тәтті тоқашын алып, ғайбаттаған адамның үйіне барады да, сол кісіге тоқашын сыйлайды. Əлгі адам таң қалып: « Не үшін?“- деп сұрайды. Сонда ғалым: „Сіз мен туралы осындай ғайбатпен өсек таратқан екенсіз, сіз менің ақыретіме үлкен сый сыйлапсыз, сондықтан осы сыйлығыныз үшін үйдегі ең тәтті тоқашымды сыйлап тұрмын! — деген. Бәлкім бұл оқиғадан сабақ алатынымыз бір жай, ол біреуді өсектесек, ғайбаттасақ бұл біздің бұл өмірде және ақыретте ұтылғанымыз. Керсінше өсектің және ғайбаттың құрбаны болған адам, ол оның бұл дүниеде және ақыретте жетістікке жеткені.
Тыңшылық
Жаратушы бір-біріміздің соңынан тыңшылық істеп жүрмеуге шақырады. Бәлкім кейде біз біреуден күмәнданып, сенбеушілік танытып, тыңшылық әрекетке көшеміз. Кейін ақиқатына жеткенде, тыңшылығымыз бекер екенін түсінеміз. Сонда істеген амалдарымызға өкініш білдіреміз. Бұл жерде бізді шайтан тура жолдан тайдырып, санамызды күмәнға толтырады. Осы күмәнға бой беріп, шайтанның жетегінде кетеміз. Сол арада тыңшылық деген жаман іске әрекеттер жасаймыз. Кезінде менде бір мәселе бойынша күмән болды. Жаман ойлар сананы биледі. Əйтеуір жүрегімді бір жаман ой мазалай берді. Алайда Жаратушы мені тыңшылық жасаудан сақтады. Күндердің бір күні Жаратушы ақиқаттың бетін ашты. Күмәнданғаным рас болып шықты. Жаным қатты қиналады. Жаратушыға мыңда бір алғыс осы сәтте мені тастаған жоқ, жаныма сабырлық сыйлады. Сабыр ақыл серігі дегендей. Бұл арада бұл мәселеде ақылмен шешім қабылдадым. Сондықтан жалғанның беті Алланың қалауымен ашылады. Жасырған нәрсе түбтін-түбінде шығады. Өйткені жалған әрқашанда жоқ болушы, ал ақиқат әрқашанда жеңіске жетуші. Себебі ақиқат Жаратушыдан. Адамға тек Құдайға деген сенім және сабыр керек деп ойлаймын. Өйткені Құдай сабырлылармен бірге. Қай заманда болсада біз тыңшылықпен ақиқатты білгіміз келеді, жанымыз соны қалайды. Осы жан қалауымен шайтанға ереміз. Шайтан осы әлсіздігімізді пайдаланады. Ал ол ақиқатты білу сол адамға қайырлыма, әлде қайырлы емеспе оны адам баласы білмейді. Оны тек Жаратушы Алла біледі. Кейбір сырды Құдай жасырса, ол сырды бізге жария ету дұрыс емес болар. Қай сәтте болсын Құдайға сеніп, разылығын іздеуіміз қажет.
Күмəн
Жаратушы бізді көп күмәндардан сақтануға шақырады. Өйткені, кейбір күмандар- күнә екенін ескертеді. Бұл өмірде біз көп нәрседен күмәнданамыз. Өйткені бізді жаман ойлар мазалайды, ал жаман ой шайтаннан. Кейде сол жаман ойдың жетегінде кетеміз. Сондықтан болар кей кезде жақынымыз, туысымыз немесе өзге адамдар бізге ақиқатты айтып жатқанда, көбіне күмәнге беріліп, сенбейміз. Өз дегенімен жүріп, өз дегенімізді істейміз. Бұдан кейін ақиқаттың беті ашылғанда, бармағымызды шайнаймыз. Сонда біз: «Сенің айтқаның дұрыс екен, сенің айтқаның тындағанда басқаша болар еді!» -дейміз. Алайда айтын не айтпадын не ол кезде бұл кеш, өткен нәрсе қайтып келмейді. Ал өмір болса бізде біреу. Шайтан бізді күмәннің жетегіне салып, адасуға апарады. Осы күмәннің арқасында туған-туысын, жақынымен және өзге адамдармен қарым-қатынасымыз үзіледі. Жаман ой, күмән тек жаман әрекеттерге итермелейді. Күмән билесе барлық нәрсенін ақ қарасын ажыратып алғаннан кейін, іс әрекетке көшкен жөн болар деп ойлаймын. Бір күмән болса, дұрысы күмәнданған адамнан көзбе көз сұраған жөн. Ол адамның соңынан тыңшылық жасап, шайтанның жетегінде жүргенше. Ақиқат түбінде жеңіске жетеді. Алланың қалауымен. Шындықтың беті ашылады. Өз басымнаң өткені бір кездері мені бір күмән биледі. Жаратушым бұл кездері мені тастаған жоқ, ақиқатын бетін ашты. Аллаға шүкір. Сондықтан жалғанның жетегінде жүрмейік, көп күмәннан алыс болайық. Жаратушыға сенейік түбтін- түбінде ақиқаттың бетін ашатын. Жаратушы Алла бізді көп күмәннан сақтап, ақиқат пен тура жолды табуға нәсіп етсін!
Көзді тосу
Бүгінгі күнде ер заты болсын, әйел заты болсын, бөгде әйелмен, бөгде еркектерге қараудан, көзді тосу, тию өте қиын. Себебі ұялы телефонда жан қалағанның бәрі бар. Ал қайсымыздын жанын алсақта, ол -жан әлсіз. Көшегеде шыққанда барлық сәнді жерімізді көрсетіп, жұрт көрсе екен деп, ашық-шашық жүреміз. Өзіміздіөзіміз саудаға салғандай жұрт көрсе екен, қызықса екен деп, жаман ойдың жетегімен жүреміз. Бұл амалымызды шайтан көркем қылып бізге көрсетеді. «Сұлулықты жасыруға болама? Оны жұрт көру керек» — деуміз мүмкін. Алайда біз алтын қазыналарымызды жасыруға ұмытпаймыз. Себебі оны бөтен арам көз көрсе ұрлап, тонап кету мүмкін. Сол сияқты біздің сұлулығымыз, абройымыз ол біздің қазынамыз. Оныда бөтен көзден жасырғанымыз дұрыс болар, ол қазыналардан айырылып қалмау үшін. Адамның абройы, ол — оның үлкен қазынасы. Абройды саудаға салу дұрыс емес, өйткені оның құнына ешқандай қазына жетпейді. Жаратушы бізге ер болсанда, әйел болсанда бөгде ерлер мен әйелдерге қараудан көздерімізді тосуға, абройымызды сақтауға, бөгделерге зейнеттерін көрсетпеуге және жасырған зейнеттерін білініп қалмау үшін аяқтармен жерді ұрмауға шақырады. Сондықтан егерде біз көзден әлсіздік жасасақ, жанымыздың қалауын тоқтату қиын болады. Əрі өз зейнеттерімізді бөгдеге көрсетпей, сол жасырған зейнеттерімізді секіріп, билеп, білдіріп алмауымыз маңызды. Өйткені біз тек өзіміздің қара басымыздың жанын ойламай, өзгенін жанын ойлауымыз дұрыс болар деп ойлаймын. Бұл арада шайтан болса, біздің көп күнәға батқаның қалайды. Теріс амал жасауға жаман ой салады. Жаман ойдың жетегінде жүрмейік. Көп Жаратушыны еске алайық және абройымызды сақтайық.
Өсімқорлық
Бірде біздің мекемеге бір депутат келіп сөз сөйледі. Онда көп мәселені көтерді. Осы күні еліміз тәуелсіздік алғалы отыз жыл болғанын. Бұл жылдар аралығында қандай жетістіктерге және алда қандай асулар бар екенін атап айтты. Əрі бүгінгі күні елміз дамыған елдердің кірмеу себебі ол корупция, білімнің төмендігі, ішкі өнімде импорттың аздығы т.б. мәселені көтерді. Сондықтан келешекте көптеген өзгерістер болатынын айтты. Сондағы мені қызықтырғаны: «Банк жүйесін келешекте өзгертеміз» — дегені. Сөздің сонында: « Сұрақ барма?» — дегенде. Мен тұрып осы банк жүйесін Турция еліндегідей өзгертуді ұсыныс жасадым. Ондағысы адамдарға қарызға бергенде, өсімді алып тастаса, тек егерде бір затты банк арқылы алатын болса, мысалы телефонды, ол 70000 теңге тұрса, банк оны дүкеннен сатып алып, 80000 теңгеге қарызға тұтынушыға сатады. Сондағы тек алып сату болады, ал өсім болмайды. Кейін Жаратушы Алла өсімнен бас тартуға шақыратының, олай істемейтін болсақ, Бақара сүресі 279 аятың оқып көрулерін ұсындым және осы аятты жобалап жеткіздім: «Одан бас тартындар, олай істемейтін болсаңдар біліп қойындар, сендер Аллаға және оның пайғамбарына соғыс аштыңдар». Осыдан кейін ешкім ештеңе демеді. Алайда сол сәтте жүрегімді қорқыныш үрей билеп тұрды. Біреу бір нәрсе дейме деп. Бәріміз үн-түнсіз тарқадық. Бәлкім ойлап көрсек, шынында осы өсіммен адамдарды жаншып, тонап жатырмыз. Шынында біз осы өсіммен Аллаға соғыс аштық. Бәлкім содан болар отыз жылдың ішінде еліміз, біз ойлаған жетістікке жете алмады. Сондықтан бір-бірімізге өсімге беруді тоқтатайық. Бір-бірімізге қамқор болайық. Бәлкім сонда ғана Жаратушының разылығына кенеліп, жетістікке жетерміз.
Мазақ
Момын, жуас адам көбіне мазаққа легеді. Көпшілік оның мінезін әлсіздікке балап, үстінен күлуге жандарын салып жатады. Бұл жерде өздерін жоғары санап, өздерін мінсіз көреді. Шайтан оларға сондай жаман ой салады. Олар болса сол ойдың жетегінде кетеді. Өзгенің үстінен күліп, мазақтап ұятқа тиетін аттар қойып залымдардың қатарына өтіп кеткенін байқамайда қалады. Өз басым бір талай мазаққа леккен едім, өйткені есімім Бүркіт еді. Сондай-ақ жуас мінезім бар. Осы күнге дейін бұл мінезімді пайдаланып, мазақтап қалатындар бар. Адамның жуас мінезіне қарап, оны жауап қайтара алмайды деп ойлайды. Бірақ бұл қате пікір. Мазақ етуші адам тілмен сайрап, бәрін тындырса, момын адам барлығын іспен тындырып жатады. Алланың қалауымен. Дүниеде момын адам көп игі істердің себепшісі болып жатады. Əрі әрбір оған арналған мазақ, сауап болып ақыреттіне қайтады деп ойлаймын. Ал мазақтаушы адам болса, өз тілімен өзінің жақсы амалдарын жоққа шығарып, жатқанын бар. Жүректері қатайып, тәкаппарлық бойын жайлап бара жатқаны тағы бар. Жаратушы бір-бірімізді мазақтамауға, бір-бірінің үстінен күлмеуге, бір-біріңе жаман атағыстарды қоймауға, бәлкім сол мазақ етілген сендерден жақсырақ болуы мүмкін екенін, әрі Құдайға сенім келтіргеннен кейін пасықтықпен аталу қандай жаман екенін атап айтады. Егер бұдан тәубемен қайтпаса, солар залымдардан өзі болатынын айтады. Сондықтан бұл қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып өтейік. Бірбіріміздің ар- намысын таптамайық. Біз білмейміз ғой, Алланың алдында кімнің қадірі қандай екенін? Бәлкім біз мазақ етіп, күліп жатқан адам, Жаратушының сүйікті құлы болуы мүмкін. Нағыз күлетін адам, соңғы күледі дегендей. Бір-бірімізді мазақтап күлуден, бір-бірімізге жаман атақтар қоюдан алыс болайық. Жаман істерде шайтанға жәрдемші болмайық.
Серік қоспау
Бала кезінде қатты ауырып, емшіге барған күндер болды. Емші тіл көз бар деп, тұмар оқып берді. Əлгі тұмарға қатты сенетінмін, әрдайым киіп жүретінмін. Кимесем бір бәлеге ұшырайтындай, сезімде болдым. Бәлкім шайтан сондай жаман ойлар салып жүрген болар. Алайда Жаратушы бізге бір жамандықты жазса, оны ешкім және ешнәрсе кетіре алмайды. Ал егерде бізге бір жақсылықты жазса, оныда еш нәрсе және ешкім кетіре алмайды. Əкем қайтқан соң, бір талай жақындарыма, туыстарыма сендім. « Сенгенім сен болсан, күйсегенім мен болайын» — дегендей, бұл жерде де сенімім ақталмады. Сенген адамына барлық көңілін арнайсын, одан бір қамқорлық, сүйспеншілік күтесін, бірақ біз ойлағандай болмайды. Қай заманда болсын, кей адамдарға бар болсан керек екенсін. Жоқ болсаң, бір талай адамдарға керегін шамалы екен. Тек Жаратушыға сені тастамайды. Жаратушы: «Маған ешкімді және ешнәрсені серік етіп қоспандар» — деп бізге бұйырады. Ойлап көрсен бұл әлемде барлық жақындарын, барлық заттарын сені қиын жағдайда тастап кету мүмкін. Ал Жаратушыға келсек, ол әрдайым сенің жанында табылады. Саған әрдайым жәрдем береді. Алайда біз оны байқамаймыз. Сен оны көрмейсін, ол сені көріп, қорғап тұрады. Сенің мұң- мұқтажынды сен ойламаған жақтан өтеп жатады. Қиындыққа тап болсан, одан шығатын жолды көрсетеді. Сені ерекше сүйеді. Жаратушы сүйгендей, сені бұл әлемде ешкім сүймейді. Нағыз досын, жанашырын бұл сенің Жаратушын. Ал біз болсақ өз сенімізді болмашы адамдарға, заттарға арнаймыз, осылайша Жаратушыға серік қосамыз, сатқындық жасаймыз. Болмашы адамдарды не заттарды жоғары көтеріп, сол адамдардан не заттардан бір жәрдем, көмек күтеміз. Ал бізге осы күнге дейін, жәрдем беріп тұрған Жаратушыны ұмытамыз. Барлық мақтауларды сол бір болмашы адамдарға не заттарға арнаймыз, ал олар соған лайықпа? Оларда сен сияты Жаратушының жәрдемі мен шапағатында болып жатқандар. Сондықтан барлық мақтауларға тек Жаратушы лайық. Оған ғана мақтау айтып, оған ғана құлшылық етіп, сенейік.
Одан ғана жәрдем, көмек сұрайық. Оған серік қоспайық.
Жан қалауы
Əр адамның әлсіз жері оның жаны. Əрбір жанның өз қалауы болады. Сол тұста адам баласы жанына сүйікті нәрсеге жан тәнімен беріледі. Соған барын салады. Құдайды ұмытады. Сол болмашы нәрсе барлығынан маңызды болады. Бұл өткенше дүние біздің жүрегімізді толықтай жаулайды. Біз сол жаққа көбіне тандау жасаймыз. Дүние жүректі соншалықты жаулап алғаны, кейде Құдайға деген орын қалмайды. Жаратушымыз: «Жан қалауын өзіне „Құдай“ етіп алған адамды оны білген халінде жолдан адастырып, құлақ және жүрегін бітеп, көз алдында перде тартып, қойған біреуді адасқаннан кейін Жаратушыдан басқа кім тура жолға салады?» — деп бізге сұрақ қояды. Йә ойланатын жай. Жаратушы бізге тандау еркін берген. Бұл көркем дүниені тандайсынба? Əлде осы көркем дүниені пайда болуына себепші болған Жаратушыныма? Ал адам заттың дұшпаны шайтан бәрін сырттан бақылап, көріп тұрады және өз достарына адасу жолын сыбырлап, шақырып жүреді. Бұл жол тек тозаққа апарады. Ютубта бір видеоға тап болдым. Онда тақуа жігітпен жүзікші қыз көрші болған екен. Тақуа жігіт жүзікші қыздың өміріне анда-санда қарап, сол өмірді іштей ойлап армандайды екен. Ал жүзікші қыз тақуа жігіттің өміріне қарап, шіркін осы тақуа жігіт сияқты Құдайға құлшылық етсем ғой деп армандайды екен. Ақыры соңы екеуі ажал құшқан соң, тақуа жігіт тозаққа түсіпті, ал жүзікші жұмаққа түскен екен. Бұл оқиғадан түсінгенім, біз өзіміздің жанымыз нені қалайды соған қарай жүрегіміз бұрылады. Ал Жаратушымыз біздің жүрегімізге және амалымызға қарайды. Ешкім бізге қиянат жасаған емес, біз өз-өзімізге қиянат жасаймыз. Жан қалауы міне осымен қауіпті. Егерде жан қалауымыз бұл дүние болса, біз құрдымға бара жатқанымыз, ал егерде жан қалауымыз Құдайға деген құлшылық болса, бәлкім бұл біздің жанат есігіне бара жатқанымыз. Сондықтан ойланайық жанымыз нені қалайды. Өз жан қалауларымен күресейік, егер ол зұлымдыққа бет алса!
Ата- ана
Кейде ойлаймын мен әке-шешеме қандай жақсылық жасадым. Олар мені өсірді, өз өмірлерін арнады. Барша сүйспеншілікпен жан махаббатын төкті. Əкем мен он жеті жасқа келгенде өмірден озды. Əкем мені ешкімнен кем болмай өсін деп, барын салды. Жаратушы Алла оған разы болсын. Рахымына бөлесін. Əкем қара күшімен ауыр жұмыстарды атқарды. Үйдің отының, малдың азығын алдын ала ойластырып, дайындап қоятын. Кейде әкемді еске алғанда сағыныш билейді. Əкеммен бірге балық аулауға барған сәттер еске түседі. Осы күндері балық аулау ма, бар қиындықтарды өз мойныма көтеріп, өзіме шешім қабылдауға тура келеді. Əкемнің жоқтығы осындайда қатты сезіледі. Əкенің қадір қасиетін жоғында біледі екенсін. Анам болса, Аллаға шүкір осы күні қасымда. Жуырда бес баланың әкесі атандым. Жаратушыға мыңда бір алғыс. Анашым осы күнге дейін үш баламды бағысып, өсірді. Енді міне екі жаңа туған сәбилерді бағып-қағуына жетпіс жастан ассада барынша жәрдем беріп жатыр. Жаратушы Алла анама күш -қуат және ауруларына шипа бере гөр. Сен шипа берушінің ең жақсысысын! Анам осы күнге дейін жұмысқа барарда тамағымды беріп, жұмыста жейтін азығымды салып береді. Балаларымның тамағын беріп, киімдері мен үстері таза болуын қадағалап жүреді. Алла разы болсын анашыма және рахымына бөлесін. Анам болмаса, осы күні мен не істер едім. Жаратушыдан сұрайтыным анама ғұмыр бере гөр. Ата- анамның осыдан басқа қаншама жақсылықтарын атамай өттім. Оны бір Алла біледі. Жаратушы ата-аналарыңа жақсылық жасауға шақырады. Бұл жерде әр перзентін міндетті өз ата-анасына жақсылық жасау деп ойлаймын. Өйткені ата-ана біздің жақсы болуларымыз үшін барын салады. Жаратушы олардың жүрегіне бізге деген махабатты салып қойған, сондықтан кейде олар өздерінің не денсаулығын, не жанында біз үшін аямайды. Өз басым мен жақсы перзент бола алмаған шығармын. Əкешім, анашым мені кешіре гөріндер. Жаратушы менің ата-анамды рақымына бөлеші. Жанаттық болуларына нәсіп ете гөрші. Мен Жаратушы Алланың рақымына үміт етемін. Өйткені менің Жаратушым өте кешірімді және ерекше мейірімді.
Балалар
Əйелім алғашқы көтергені баламыз түсік болды. Ауыр көтергеннен бе, әлде уайымнан ба білмеймін. Білетінім дәрігерлер іштегі баланы алып тастауға мәжбүр болды. Ол сәбиге дүниеге келу жазбаған болу керек. Осыдан кейін әйелім бала көтере алмай жүрді. Əйелім өзгенің сәбиін көргенде, қатты қиналатын. Əйтеуір Алла Тағала дұғаларымызды қабыл етіп, бала сүйюге нәсіп етті. Жаратушы Аллаға мыңда бір алғыстар болсын. Əйелім үшінші баланы дүниеге әкелер алдында түсік болды. Сондықтан бір талай ем қабылдауға тура келді. Қаншалықты қиын болсада, Жаратушымыз дұғаларымызды қабыл етіп, бұл сәбидің дүниеге келуіне нәсіп етті. Осы күні бір талай қыздармен келіншектер баланы алдырып, тастап жатыр. Əрине әркімде, әртүрлі себеп бар. Жаратушымыз: «Кедейліктен қорқып өз балаларыңды өлтірмеңдер сендердіңде, олардыңда ризығын беретін Бізбіз» — деп ескертеді. Сондықтан бұл мәселеде дұрыс шешім қабылдайық. Кедейліктен қорқып, сәбидің өміріне балта шаппайық. Əрбір біздің іс әрекетімізге сай, тағдырымызда соған сай өзгереді. Қаншама әйелдер баланы алдырып тастап, кейін көтере алмай жүргендер қаншама. Біреулері тіпті сәби сүймей өмірден өтіп кетіп жатыр. Жаратушы бізге нәсіп еткен сәбиді өлтірмейік. Əркімнің бұл дүниеде алатын ризығы жазылып қойылған. Оны Жаратушы әркімге әртүрлі етіп ризығын белгілеп қойған. Өйткені Оның Өзі Ризықтандырушы. Егерде біз бұл өмірде дұрыс тандау жасасақ, бәлкім біздің ризық несібеміз арта түсу ғажап емес. Жаратушыға сенім келтірейік. Жаман амалдарды жасаушы болмайық. Шайтанға ілеспейік. Ол нағыз дұшпан. Жаратушыдан қорқайық. Əлбетте Ол бізді көріп, естіп тұрады және жүректегі ойымызды біледі. Əрбір сәбидің бұл өмірге келуіне хақысы бар. Олардың бұл хақысынан айыруға біздің ешқандай хақымыз жоқ. Ақыретте әр жанның хақысы сұралады. Сонда біздің жауабымыз не болмақ?
Сауда-саттық
Кезінде менде жаңа көлік болған. Оны мінгеніме бес- алты жылдай болған еді. Үй алмақ болып, көлікті саудаға қойдым. Бірер жерінде ақау бар еді, алайда сатқан кезде ол туралы айтпаған едім. Мен жағымнан әділ сауда болмады. Сондықтан болар өзім басқа көлік алғанда ақауы бар көлікке тап болдым. Бұл ісім үшін көлікті сатып алған адамнан Алланың разылығы үшін мені кешіруін сұраймын. Жаратушы бізге мүліктерімізді араларымызда әділетсіздікпен емес, ризашылықпен жасалған сауда-саттықтан жеуге шақырады. Осы арада ойлап, қарасақ бізде қаншама сауда- саттықта әділетсіздік жасалып жатыр. Содан кейін ойлаймыз: «Ісіміз неге алға баспай қойды!» — деп. Əрине бәріне бірдей емес. Залымдарға мұндай сауда-саттық пайда әкелу мүмкін. Бірақ бұл уақытша. Жаратушы әркімге белгілі мерзім береді. Залымға өзі таңдаған жолында барынша зұлымдық жасап алуына және момынға өзі таңдаған жолында барынша игі істер жасап алуына. Кейін мерзімі келгенде қайтарға жол болмайды. Əркім өз ісінің есебін береді. Бұл дүниеде немесе ақыретте. Кімді Жаратушы кешіріп, рақымына бөлесе, сол жетістікке жеткен болды. Сондықтан әрдайым сауда саттықты әділдікпен және өзара ризашылықпен жүргізейік. Біреудің ақысын жемейік. Бұл араммен табылатын мүлік. Əділдікпен жасалған сауда-саттықтан үлкен табыс әкелмес, алайда Жаратушы біздің іс амалдарымызды көріп тұрады және ішкі ниетімізді біледі. Осыған орай Жаратушы біздің саудамызға береке береді, әрі өмір кітабымыз жақсы амалға толады деп ойлаймын. Алланың қалауымен. Ал арамға ерсек бұл жерде бізді шайтан тосады. Бұл жолда сенің серігін көмекшін болады. Əрине әркім өз тандауын жасайды. Менің ойымша серігін, жәрдемшін Жаратушын Алла болғаны дұрыс деп санаймын.
Арсыздық пен күнə
Біз қай жаққа бара жатырмыз? Біздің таңдаған жол тура ма? Және ол жол қайда апарады? Біз бұны көбіне ойланбаймыз. Дұрысы бұны көп ойлаған жөн болар деп ойлаймын. Жастығымда арсыз істерге барған күндерім болды. Əлбетте мен мұны дұрыс емес, күнә екенін білдім. Бірақ адам баласы жан қалауына еріп кетеді екен. Ал біздің бұл әлсіз тұсын білген шайтан, адамды тура жолдан тайдыру үшін, жаман ойларын сыбырлауын қоймайды. Əрбір жаман істің есебі бар. Бұл жастығымда жасаған арсыз ісім, біраз уақыт өте келе, өзгеге жасағаным, өзіме қайтып келді. Таяғы өзіме тиген соң ғана қандай ауыр күнә жасағанымды түсіндім. Жаратушы әрбір жаман істің есебін береді. Бұл дүниеде немесе ақыретте. Осы күні ойлана келе, жастығымда дұрыс жолды тандап, өз жан қалауларымен күрескенімде, бәлкім бәрі басқаша болар ма еді деп. Алайда егерде деген ол шайтаннаң. Кейде бір жаман ойдың жетегінде кетесін. Сол сәтте мен осы дұрыс жолда жүрмін бе деп өз-өзіне сұрақ қоясын. Сондықтан көп Жаратушыны еске алу қажет. Одан әрдайым кешірім сұрап, Оған қарай бет бұрғанымыз дұрыс болар. Жаратушымыз: « Мейлі жария, мейлі жасырын болсын, арсыздық пен күнә атаулыдан аулақ жүріндер» — деп ескертеді. Ал біз болсақ жарияда, жасырында арсыз істерді жасаушылардан болып қаламыз. Жаратушы бізді кешіре гөр. Кейде біз бұны күнә деп те санамайтын болғанбыз. Өйткені бұл амалымызды шайтан көркем қылып көрсетіп қойған және осыдан кейін бұл іс үйреншікті болып қалған. Тағы бір жай көбіне біз адамдардың көңіліне қараймыз. Өзгенің соңынан еріп кетеміз. Бізге көбіне өзгенің ойы, саған деген көз қарасы бәрінен маңызды болып қалатын жай бар. Алайда сол өзгенің шайтанның жетегінде жүру мүмкін ау деген ой бізге келмейді. Ал Жаратушымыз бізді шақырып жатқаны, басқа жайда қалып қояды. Арсыздық пен күнәнің соңына еріп, кейін бұл іс қалыпты болып қалады. Тағдырымыз сол сәтте өзгереді. Оның түбі қасыретпен қайғы. Шайтанның сыбырлаған жолымен жүрсек, түбтін-түбінде тозаққа жетеміз. Сондықтан арсыздық пен күнә атауынан аулақ болайық. Құдайға бойұсынып, Оған ғана сенім келтірейік. Сонда ғана біз тура жолды табушы боламыз. Жаратушы бізге жазып қойған тура жолмен жүрейік. Нағыз жетістік міне осы. Бірде пайғамбарымызға бір сахаба: «Маған зина жасауға рұқсат беріңізші» — дейді. Сонда қасындағы сахабалар ду етіп, оны жазаламақ болады. Ал пайғамбарымыз болса, оларды тыныштандырып, әлгі сахабаның қасына барып: «Сен сол жасағын келген нәрсені, анана жасағаның қалармедің?» -деп сұрақ қояды. Сонда ол: « Жоқ» — деп жауап қайтарады. «Ал қарындасына ше?» — деп сұрақтарды жалғастыра береді. Бәрінде әлгі сахаба: «Жоқ» — деп жауап берген екен. Сонда пайғамбарымыз: «Жаратушы Аллада бұны қаламайды!» -деп айтады.
Өтірік дейтіндер
Алғашында Құранды оқып шыққанда, мен түсінбедім. «Мұнда жазылған оқиғалар маған қажеті қанша» — деп ойға келдім. Бәлкім ойға салмай, тез оқып шыққасын болар, немесе жүрекке сенім ұяламаған соң болар. Құранда оның аяттарын оқығанда ойланып, асықпай оқу қажет екен. Əрі үңіліп қарайтын болсақ бір аяттарында нұсқаулар болса, тағы бір аяттарда үгіт насихаттар және ғибратты оқиғалар айтылғанын көреміз. Ең қызығы ол пайғамбарымыз қандай жағдайларға және қандай сұрақтарға тап болғаны және Алла Тағаланың бұған сай жауаппен шешімдері осы Құранда айтылған. Алайда өкініштісі Құранда кейбір оқиғалар атап айтылмаған, онда біз тек аяттарды көреміз. Ол аяттарға түсінікті хадистерден немесе түсініктемелерден оқып білуге болады. Ол түсініктемелерде Құранда кейбір сөздергеде түсінік береді. Менің ойымша Құранды қағазға түсірерде бір талай қиындықтарға тап болды, өйткені ол кезде араб тілінің жазбасы дамымағандықтан Құранды қағазға толық түсіріп, өзге елдерге жеткізу үшін ауырлық тудырды. Сондықтан өзге тілдің орфаграфиясын, сөздігің және граматикасын пайдаланып қана жазбаша үлгісін басып шығарды деп ойлаймын. Осы арада басқа араб емес елдердің ғалым, жазушылары Құранды кітап есебінде жазып жеткізуде үлкен рөл атқарған болу керек. Құранда «ниса сүресі 156—158 аятта» былай делінген: « Және күпірліктері мен Мәриям жайында үлкен жала жапқандары үшін және Аллаһтың Пайғамбары болған Мәриям ұлы Иса әл- Мәсихты «біз өлтіргенбіз» — деген сөздері себепті. Негізінде, олар оны өлтіргенде, асқанда емес. Тек олар үшін ұқсатылып қойылды. Əлбетте, Иса жайында таласып-тартысатыңдар оның жайында күмәнда қалған. Ол жайында ешқандай білімдері жоқ, тек қана күмәндары ғана бар. Оны өлтірмегендері анық. Жоқ оны Аллаһ өз алдына көтерді. Аллаһ- құдырет және даналық иесі. Осы аяттар мәселесінде көптеген талас-тартыстарды көруге нәсіп етті. Көбіне христиан дін өкілдері сөз таластырғанын байқадым. Ал иудей дін өкілдерінің таласы жоқ, өйткені Исаны Мәсих есебінде қабылдамайды, өйткені Құдай оны өлімнен құтқарып қалу тиіс еді. Ал Құранда болса, Исаны нақты иудейлер оны өлтірмегендігі және аспағандығы айтылады, өйткені оны өлтіруден, асуда рим басшылығы мен әскері іске асырғаның тарихтан білеміз. Менің ойымша рим әскеріне де оның өлгені ұқсатылды, бірақ бұл сәтте Иса ес түссіз болсада, оның өлмегені анық. Өйткені өмір және өлім бір Жаратушының қолында. Кейін біраз уақыт өткен соң, оның тірі жүргеніне және Құдай оны аспанға Өз алдына көтергеніне куә болған Исаға ерушілердің Құдайға деген сенімі артты деп ойлаймын. Ал осы күні Құранды «өтірік» дейтіндер көбейді. Жаратушымыз Құранды «өтірік» дейтіндерге бойұсынбауға шақырады. Сондықтан қайда болсақта ақиқат пен білімге қарай бет бұрайық бұл Жаратушының бізге берген нұры деп білем, тура жолды табуға нәсіп ететін.
Тірі жан
Əркімнің бұл өмірде өмір сүруге хақысы бар. Біреудің жаның тартып алу, не оның өліміне себебші болу, бұл үлкен зұлымдықтын бірі. Біз өзімізді өзгеден биік санап, ашуға бой беріп, кісі өлтірушілерден болып қаламыз. Не одан сорақысы дүниеге қол жеткізу үшін адам өлтіруге барамыз. Шайтанның жетегінде кетіп, кейін іс орындалған соң, бұл зұлымдықпен өзіміз жалғыз қаламыз. Ал бұның соңы өкініш қайғы. Өлген адамның туған- туыстары болу мүмкін. Анасы, әкесі, қарындасы, інісі т.б. жақын жандарына қайғы қасырет әкелуміз-ау деп те ойланабаймыз. Осы жандардың көз жасына қалып, келешегіміз не болмақ? Бізге өмірде сыйлаушы Алла, өмірімізді алушы Алла болуы тиіс. Ол бір Жаратушының хақысы. Бір сәт ойланайық. Бізде хақымыз барма өзгенің өмірін алуға. Мен мендік бізді тек шайтанға дос етеді. Ал оның жетегінде жүрсек, неге жететініміз бәрімізге белгілі. Жаратушымыз: «Өзінің қорғауына алған һәм өлтіруді харам еткен тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмеңдер» — деп бұйырады. Сондықтан жазықсыз адамдардың өліміне себебші болмайық. Бір көрген бейне жазба есіме түсіп тұр. Онда Александр Македонский жайында. Ол әскерімен Қытай еліне шабуыл жасамақ болып, сол елге таяп келе жатқан болады. Сол кезде бір кеште оларға бір жолаушы келеді. Александр Македонскиймен тілдесуге сұранады. Дегеніне жетіп оған өз жайын баян етеді. « Мен сен жаулап алайын деп жатқан елдің патшасымын. Сенімен бейбітшілік бітімге келу үшін өзім жалғыз келіп тұрмын» — деген екен. Бұған таңқалған Александр Македонский өз шартын айтады. «Ертесің келісілген жерге белгіленген қазына әкелу тиіссін» — деп келісімге келеді. Қытайдың патшасы ертесің саны беймәлім көп әскерімен Александр Македонскийді әскерімен бірге қоршап алады. Кейін осы арада келісілген қазына алтының әкеліп береді. Сонда Александр Македонский: «Сен осынша әскерімен маған алтынынды бермей-ақ қырып салуға шаман жетеді ғой» — дейді. Қытай патшасы сонда былай деп жауап қатыпты: « Маған алтыннан гөрі өз қол астындағыларымның өз үйлеріне ата-анасына, бала шағасына аман есен жеткені маңызды» — деген екен.
Құдайға сену
Балалық кезінде көп нәрсеге сенесін, әрі балалық сенім шынайы болады білем. Өсе келе бұл сенім шынайы өмірге тап болып, жүрегімізге жалған ұялайды, әрі қатайып кетеді. Осыдан кейін шынайы бала сияты Құдайға сену туралы айтуғада келмей қалады. Бала кезімде ата-ананың Құдайға деген құлшылығын байқамайтынмын, алайда Құдай бар екенін айтып жүретін. Адам Құдайды көбіне қиналғанда іздей бастайды екен. Тұңғыш балам ауырған соң, Құдайға бет бұра бастадым. Бірте-бірте Құдайға деген сенім, әрі құлшылықтарым пайда болды. Аллаға шүкір. Баламда Құдайдың құдыретімен сауығып, осы күні мектепке жұртын балаларымен қатар оқып жүр. Осы күні Жаратушының бізге берген кітаптарын оқып келем. Бұл маған кейбір жайларға басқаша көзбен қарауға және Құдайға деген сенімді артырды деп ойлаймын. Сондай-ақ өмірімде болған оқиғаларды сараптап, ойлана келе Құдайдың бар екеніне көзім жетті. Йә осы күні бәлкім менің құлшылықтарым дұрыс емес шығар, йә бәлкім кезінде күнә жасаған, әрі қазірде күнә жасаушылардан шығармын. Алайда Құдайдың мейрімнен, кешірімінен үмітімді үзбеуге тырысамын. Құдай қаласа! Өйткені Құдайдың мейірімнен, кешірімінен тек Оған сенбейтін адам ғана үмітін үзеді. Жаратушы: «Кім Оған сенім келтірсе және игі амалдар істесе, оның жамандық-күнәларын жойып, жаннатқа кіргізетінін» -атап айтады. Құдайға қалай сенеміз? Ол біздің тандауымызға байланысты. Егерде біз Құдайға бет бұрсақ, шынайы жүрекпен. Əлбетте Құдай Өзіне апаратын тура жолға салады деп ойлаймын. Егерде біздің тандауымыз жан қалауы болса, бұл жерде шайтан бізді адасу жолына салады. Осылайша біз Құдайға апаратын жолды таба алмай өмірден өтіп кетуіміз мүмкін. Құдай сақтасын! Құдайға сену үшін тағы бір амал-ол ойлану. Əрбір өмірдегі сәтті сараптап ойлансақ, Құдай әрдайым біздің қасымызда болғанын түсінеміз. Тағы бір жай ол Құдайға бойұсыну. Жаратушы бізге не қайырлы соңы бұл дүниеде береді. Ал бір нәрсе қайырлы болмаса соңы алып қояды. Осы арада біз соңы қабыл етеміз бе? Əлде жоқ па? Бойұсынамызба? Сенеміз бе Құдайға? Əркім өз тандауын жасайды. Бұл жерде ешкім кінәлі емес, бұл біздің өз таңдауымыз және есеп беруші өзіміз боламыз. Бұл дүниеде немесе ақыретте. Тағдырымызда осы біздің тандауымызға қарай жақсы не жаман жаққа өзгереді.
Мақтаншақтық
Арпалыс дүние. Өмірге келгеннен көретінің, бұл адамдардың жан таласып, мал-дүние жинауын көресін. Кейін бұл дүние қолына тиген соң, кеудемізді қағып, сол дүниемен мақтанып жатқанына куә боласын. Кейде ойланасын, біздің бұл өмірге келген басты мақсатымыз осы дүние ме деп? Əлде оданда ұлы нәрсеге жаратылдықпа? Бар мақсатымыз байлықпен билікке жетіп, мұрнымызды көтеріп, жүруме? Өзгені менсінбей, бізге Жаратушы нәсіп еткен дүниемен мақтанып, кеудені керіп жүреміз. Бұны қоймай бұны мен өз күшіммен, ақылымен таптым деп, бұл дүниені кешіп өтеміз. Былай ойласам, өз басым мені мақтағанды ұнатамын. Соны жаным қалап тұрады. Өзгені әрине білмеймін. Өз басым осы. Бәлкім жанымның әлсіздігі болар. Жүректегі мақсат мақтану болса, әрине бұл дұрыс емес. Неге былай болды? Бәлкім оның бір себебі, ол жан қалауым бұл дүние болар. Бұл біздің әлсіз тұсымыз. Сол тұстан шайтан бізді жолда тосады. Оның негізгі мақсаты сол тура жолдан адастырып, бізді Жаратушыға бос кеудемен қайтқаның қалайды. Жаратушы бізге: «Ешкімге мұрнымызды шүйірмеуге жер бетінде кердеңдеп жүрмеуге шақырады. Əрі кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтарды ешбірін ұнатпайтының» — нақты айтады. Осы арада мақтаншақ күйімізбен тек шайтанға жағып тұрғанымызды көреміз. Босқа текке өз-өзімізді мақтамайық. Мақтауға тек бір Жаратушы Алла лайықты. Өз-өзін мақтау, дандайсып жүру, өзгеге мұрнымызды шүйіріп қарау-бұл адасуға апаратын жол. Сондықтан Жаратушы берген дүниені игілікке жұмсайық. Бұл дүниені Жаратушыға жақындататын құрал есебінде пайдаланайық. Осы берген дүние үшін, Жаратушыға әрдайым мақтау айтушылардан болайық. Егерде Құдай бізге күш-қуат, білім және белгілі бір жағдайлар жасамағанда біз бұл дүниеге, билікке жете алмас едік.
Аллаға берген уəде
Хадиша қызымнан кейін әйелім бірден екі бала көтерді. Құдыретті Жаратушының қолдауымен. Барлық алғыс мақтаулар бір Аллаға тән. Бұл балаларды көтеріп жүргенде түсік тастау қауіпі болған еді, сол кезде Жаратушыға дұға етіп, уәде бердім: « Егерде бұл іштегі балаларды аман сақтап, дүниеге келуіне нәсіп етсең! Құдыретті Алла! Бұл балаларды сенің жолына бағыштаймын.» -деп. Əрине діни білім алу, дін жолында қызмет ету ауыр жол. Алайда бұл балаларға қатысты уәдемді орындау менің парызым. Сондықтан Жаратушымнан сұрайтыным: « Осы берген уәдемді орындауыма нәсіп ете гөр». Аттарын әйелімнің әкесі қойды. Өйткені әйеліме: «Қызымның атын өзім қоям себебі Алланың алдындағы уәдемді орындау тиіспін, ал кейін туған баланы әкен өзі қояды» -деп уәде бергем. Міне осы күні Жаратушым әйелімнің әкесіне екі балаға ат қоюға нәсіп етті. Қайын атам балаларымның атын Арнұр және Ернұр деп атап қойды. Құдайым осы балаларымды өзін сақтап, қорғай гөр және ғұмыр бере гөр! Балаларымды тура жолға сала гөр, саған ғана құлшылық етіп, сенің жолында қызмет етуін нәсіп ете гөр. Егерде мен балаларымның есейген күніне жете алмай қалсам, бұл жазған аманатым болсын. Балаларым Құдайдың дінін насихаттау, жеткізу жолында қызметін атқарсың! Құдай қаласа! Жаратушымыз: «Оған берген уәделерің орындауға» -бұйырады. Сондықтан қайда болсақта Жаратушыға берген уәдемізді орындаушылардан болайық.
Өйткені оның сұрауы бар.
Өлшеу мен таразы
Бұл менің жеке ойым. Адам жаратылғаннан бастап, осы күнге дейін, Жаратушы адамдарды Өз Рухымен қуаттап, Өзіне бойұсынуға шақырған деп ойлаймын. Көпшілігінде біз өмірдегі бір мәселеге келгенде қарсы боламыз: бұл қалай болды, неге солай, мен бұған лайықты емеспін т.б. қарсыласулар болады. Алайда бәрі Алланың қалауымен болып жатқаның ұмытамыз. Осылайша бойұсынбаймыз, қабылдамаймыз, жанымыз қиналады. Бұның соңы уайымға, кейін бір ауруға ұласады, не тағдырымыз өзгереді не т.б. жамандыққа тап боламыз. Көбіне біз сыртқы дүниені уайымдаймыз, ал ішкі дүниемізді аса ойға салмаймыз. Ішкі жан дүниеміз ол бір құмыра сияқты, және бізге байланысты оны немен толтыратынымыз. Жақсыға толтырсақ онда біздің жанымыз тірі болғаны және Жаратушының қалауымен мәңгі тірі болады деп ойлаймын. Ал енді жамандыққа толтырсақ біздің жанымыз құрдымға кету мүмкін. Осылайша қателеспесем пайғамбарымыздың бір сөзі есімде: «Мен сендердің қайтадан пұттарға сеніп мүшрік болып кетуінен қорықпаймын. Мен сендерге келешекте дүниенің есіктері ашылып, сол үшін таласып -тартысып кетуінен қорқамын.» дегендей келешекте мұсылмандар көп жерлерді жаулап алады Алланың қалауымен. Осылайша дүниенің көп есіктері ашыла бастайды. Осы дүние үшін талас-тартыстар басталып кетеді. Осы күнде де соғыстың, талас-тартыстың негізгі себебі осы дүние. Дүниеге жету мақсатында барлық тәсілді пайдалану мүмкін адам баласы. Діндіде, білімдіде және саясаттыда сол мақсатына жету үшін пайдалану мүмкін. Алайда біздің негізгі мақсатымыз дүние емес, негізгі мақсат бұл дүниеде жан, жүрек тазалығына жету және барынша Құдайға өз амалымен жақындай түсу емеспе? Сондықтан қай заманда тандау бізде. Əрі нағыз бақыт ол Құдайға бойұсынып өмір сүру. Құдайға бойұсыну бұл Құдайдың берген барлық сынақтарын жан дүниеммен бойұсынған күйде қабылдап, сынағын бойұсынған күйде өту, Жаратушыға сену, Оған құлшылық ету және жақсы амалдармен таза жүрекпен Жаратушыға қайту деп білем. Жаратушы: Менің алдымда Маған бойұсынған діннен басқа дін қабыл болмайды деген. Сондықтан бұл өмірде дұрыс тандау жасап, соған орай амал жасайық!
Жетімнің мал дүниесі
Əкем қайтқан соң жылын өткізіп, қалаға көшуге әрекет жасадық. Көшкенде әкемнен қалған бір талай дүниесі талаң-таражға түсе бастады. Əкем темір терсек жинай беретін. Туыстарымның арасында қызығушылық болып, әр қайсысы бір нәрсені алып қалғысы келді. Алайда ол дүние оларға пайда әкелді ме? Əлде қасірет әкеледі ме? Əйтеуір оны бір Жаратушы Алла біледі. Жаратушымыз: «Жетімнің малына балағатқа жеткеніне дейін, тек қана ең көркем жолменен жақындандар» — деп ескертеді. Ал біз болсақ, жетімнің дүниесіне қол сұғуға үйреніп қалдық. Осы күні қаншама жетімнің ақысына қол сұғып, пайдалануда? Ол тек бір Жаратушыға мәлім. Сондағы дүние біреуге бақыт әкелді дегенді естімеппін. Жеген адамға тек қасірет әкеледі деп ойламаймын. Бұл дүниеде немесе ақыретте. Оның есебі ауыр тиер. Сондықтан барынша аулақ болайық жетімнің дүниесінен. Тек жақсы ниетпен жетімнің дүниесін арттыруды, не сақтап қалуды қалап, кейін кәмелетке толғанда өзіне тапсыру оймен оның дүниесін іске жаратса болады деп ойлаймын. Бұл істе егер ниетіміз түзеу болса жәрдемшіміз Алла болады. Өйткені Ол жүректегі сырды Білуші. Сондықтан қайда жүрсекте жетімге қамқор болайық. Барынша жәрдем берейік. Ал жетім -жесірге зұлымдық жасайтын болсақ, бір нәрсені білгеніміз жөн. Жетім-жесірдің жебеушісі бір Жаратушы Алла, сондықтан оларға жасаған зұлымдықтын қайтаратын есебі ауыр болады. Қазағым жетім-жесірді жылатпауға тырысқан халық. Ал осы күні атадан қалған қазақтығымыз қалды ма? Əлде тек қазақ деген атымыз қалдыма? Кейде ойлаймын осы күні дүниенің көп есігі ашылған соң, біз сол дүниені қуып кеттікпе деп. Ал жетім-жесірдің жебеушісі бір Жаратушы Алла, оларды жәрдемсіз тастамайды. Мен бұған куәмін. Əкем өмірден озған соң бірталай қиыншылықтарды өтуге жәрдемші болған, Жаратушы Алла екеніне мен осы күні білдім. Сондықтан барлық алғыс, мадақтар бір Жаратушы Аллаға болсын.
Куəлік
Жұмыста болсын, не басқа жерде болсын жалған куәлік айтуға тура келеді. Көбіне біреудің күнәсін, не өз күнәнді жасыруға тура келеді. Əрине бұл дұрыс емес. Оны жүрегім сезеді. Ал керсінше ақиқатты куәлік еткенде, бәрі басқаша. Ішкі жан дүниен сезеді, бұл дұрыс екенін. Кейде қарама-қарсы жолдастарын не басқа жақын жандарын тұрады. Олардың көңілін ойлап, ақиқатқа куәлік етпей қаласың. Жаратушы: «Сөйлегендеріңде, куәлік бергендеріңде, егерде жақындарыңа болса да әділет қылыңдар!» — деп бұйырады. Бұл жерде Жаратушымыз біздің ісіміз дұрыс емес екенін ашық айтады. Анығында ішкі жан дүниемізде бұны біледі. Өйткені жалған ол шайтаннан, ал ақиқат бір Жаратушы Алладан. Олда бір сынақ. Таңдау жасайтын өзіміз. Жаратушымыз 7сүре 172—173 аятта: «Раббың Адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куә етіп: « Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» -дегенде, барлығы бір ауыздан: «Əлбетте, біз бұған куәлік етеміз!» -деп жауап берді. Біз мұны қиямет күні: «Расында, біз бұдан бейхабар едік» -деп сылтау айтпауларың үшін істедік. Не болмаса: «Біздің бұрын ата-бабаларымыз Аллаға серік қосқан еді. Біз бар болғаны солардан кейін келген, кейінгі нәсіл едік. Сонда сол жалған сенімді ұстанып, теріс жолға түскендердің кесірінен бізді құртпақсынба?» — деп сылтау айтпауларың үшін солай істедік.» — деген екен. Бұл жерде ойлап қарасақ Жаратушымыз о баста біз бұл бұл дүниеге келмей тұра, Раббымыз бір екеніне куә болуына және бұған куәлік беруіне түрткі болған, әрі біздің жанымыз ақ пен қараны ажырата білуміз үшін Аса Мейрімді осылай істеді деп ойлаймын. Бұл іліммен жанымыз дүниеге келеді және өмір сүреді. Есейе келе біреуіміз дүниені қызық көріп, Құдайды ұмытамыз, дүниенің сонынан еріп кетеміз. Енді, біреуміз қандай бір дін өкілдерінің дінің ұстанамыз, өйткені жан жүрегімізде «Құдай бар» деген о баста салынып қойған білім бар. Енді біреуіміз көңіл қалауымызға еріп, Құдайға серік қосамыз. Құдайдың бейнесін өз қолымен жасаушы боламыз, сол жасалған затқа табынушы боламыз. Не бір өзге адамдардың оның өзгешелігіне танты болып, оған табынушы, еруші боламыз. Алайда ол ерекшелікті Жаратушының өзі берген. Бір сөзбен айтқанда тандауды өзіміз жасаймыз. Не өзіміздің қалауымен, не өзгенің қалауымен, не Құдайдың қалауымен жүреміз.
