Читать книгу: «Тұран дүниетанымы. Дух цивилизации кочевников в ее религии», страница 3

Шрифт:

25. Адам-қанның өміріне әйел келгенннен оның өмірі бақытқа толды, және бұл бақыт мәңгі болатындай еді. Бірақ бір уақытта жалғыз жүрген әйел алма ағашқа келеді. Қызарған алмаларға қызығып қараған әйелді көрген жылан оны алманы жеуге азғырады. Ақ көңіл әйел жыланның сөзіне көніп, алмадан дәм татып, Ұмай-ененің тыйымын бұзады. Соған жаза ретінде Ұмай-ене жер-жәннәтті жер-табиғатқа айналдырады. Адам-қанды мәңгі өмірінен айырды, ал оның ұрпағын жалғастыру әйелге жүктелді. Кейбір шежілелерде бұл тыйымды салғанда, оны бұзған үшін жазалағанда жаратқан Тәңір деп айтылады. Бұны түсіну үшін, білу керек, Ұмай-ене ол Тәңірдің жалғандағы елшісі және оның әр ісі Тәңірдің бұйрығы.

III. Қам-баба

26. Жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, Адам-қан мен әйел ұрпақ жалғастырып тіршілігін жасады, және оларға бөлінген уақыт біткен кезде Тәңірге қайтты, ол адам баласы ұрпақтан ұрпаққа көбейіп үлкен халыққа айналды.

27. Тұңғыш халықтың коғамында өте маңызды орын бақсыларда еді, олардың жауапкершілігінде бүкіл жұртты дұрыс жолдан тайдыртқызбайтын әр нәрсе болды, және ең басты міндеті адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау. Бірінші болып адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатын жасаған Адам-қанның өзі. «Бақсы» сөздің мағынасы «бақ жолын көрсетуші». Әрине бақсылар тек насихатпен шектелген емес, өлшеумен зерттеуден бастап ұстаздыққа дейін солардың ісі және ерекше айта кететін іс ол емдеу немесе «құтқару» демек, олар Тәңірдің құт күшін емдеуге жарата білген. Бұл жерде анықтай кететін жәйт, кәзіргі ұлт-қазақ тілінде «қару» сөзі «қирататын немесе зақым келтіретін зат» деген мағынада бейімделді, бірақ бұл сөздің негізгі мағынасы «қолданатын нәтижелі аспап», ал ол нәтижелікті дұрысқа немесе бұрысқа жарату ол аспаптың пайдаланушысына байланысты. Бақсылардың қолындағы ондай аспап «құт» еді.

28. Адам баласы үшін Тәңірге деген алғысты жадында, жанында және жүрегңнде сақтау ең бастысы «алғыс» Тәңірдің жаратылыстарына басты талаб. Алғысымыз бар болғанша адамзатта бар болады, ал алғысымыздан айырылсақ қараң болып жойыламыз. Сондықтан бақсылардың басты міндеті Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау болды, олардың бұл міндеті Ерліктің кегіне қарсылық.

29. Себебі, жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған кезде, Ерлік ыңғайлы сәтті пайдаланып көптеген өз жаратылыстарын, Адам-қан мен әйелді нәпсі ойлармен істерге азғыртып Тәңірге деген алғыстарын ұмытсын деп жер бетіне жіберді. Бұрыс ағымдарда ол жаратылыстардың есімдері аталып, олар Ерліктің ұрпағы делінеді, бірақ ол мәселені талқылауға және олардың есмімдерін атауға, адам баласына тыйм салынған. Кейіннен ол жаратылыстарды шежірешілер «жын» деп атады. «Жын» сөзі « Тәңірдің жаратылысынан кем» деген мағнаны білдіреді, өйткені оларды Ерлік жаратты.

30. Жындар Тәңір өзі жаратқан, Ерлік өзі тірліткен Адам-қанды азғырта алмады, ал ол жындардан әйелді қорғасын деп Ұмай-ене оған құт көзінен – жарқыраған күннен, бір тамшысын – отты алып берді. Екеуінде азғырта алмаған жындар, олардың ұрпағын азғыртып алғыстарынан айырып қараң қылдыруға бел буды. Бұл ойлары іске аспасын деп Адам-қан балаларына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатты өзі бастады, ол бастаманың жалғасы бақсылардың мойында еді.

31. Сол бақсылардың үздіктерінің бірі Қам есімді бақсы болды, шежірешілер оны Қам-баба деп атайды.

Оның басты кәсібі құт күшімен емдеу – «құтқару» еді. Күндердің бірінде оған қарт әке мен ана өздерінің дертке ұшыраған бойжеткен қызын әкеледі, бірақ Қам-баба қалай тырысса да дерт кетер емес болды. Қыз қиналған сайын қарт әкесімен анасыда қиналды, оны көрген Қам-баба тәуекелге барады.

32. Түн жамылып ол жынмен тілдеседі, жын арқылы Ерліктен ауырған қызды емдейтін күш сұрайды. Ерлік көмектесу үшін шарт қояды, Қам-бабаның уақыты келе, жаны Тәңірге қайтпай Ерліктің иемділігіне бұйырады. Бақсы шартқа келіседі, оның келісуі өзіне қорлық жасау еді. Осыдан өзіне қорлық жасап өзгеге көмектесуді жұрт «қамқорлық» деп атады.

33. Қам-бабаның келісімін алған Ерлік жын арқылы оған өз күші бөлінген аспапты жібереді, ол аспапты жұрт «қамшы» деп атады. Қамшымен жерді сөгіп – «зікір салып» Қам-баба Ерліктің күшін бойына жинап қызды емдейді.

Бесплатный фрагмент закончился.

Бесплатно
400 ₽

Начислим

+12

Покупайте книги и получайте бонусы в Литрес, Читай-городе и Буквоеде.

Участвовать в бонусной программе

Жанры и теги

Возрастное ограничение:
0+
Дата выхода на Литрес:
13 июня 2019
Объем:
33 стр. 1 иллюстрация
ISBN:
9785449691958
Правообладатель:
Издательские решения
Формат скачивания:
Текст, доступен аудиоформат
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
По подписке
Текст
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
Аудио
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
Текст
Средний рейтинг 4,4 на основе 7 оценок
Текст
Средний рейтинг 5 на основе 1 оценок
По подписке
Текст
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
По подписке
Текст
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
По подписке
Аудио
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок
Текст PDF
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок