Читать книгу: «Құдайдан қорқу»
© Бүркіт Темір, 2026
ISBN 978-5-0070-4691-6
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Алғы сөз
Бұл кітапшада көбіне өз ойымды жеткізуге тыры- стым. Сондықтан мені қатты сынға алмауға шақы- рамын. Бұл өмірде әркім өз ойын айтуға және жазуға құқығы бар деп санаймын. Сондай-ақ кімде-кімге бұл жазғаным оның сеніміне ауыр тисе, одан алдын ала кешірім сұраймын. Бұл тек менің жеке ойым және жеке өмірімнен алған тәжірибемен бөлісу.
Мазмұны
Ғайып. 1
Раббыңды пәктеу 2
Жала жабу 3
Дұшпаннан қорықпау 4
Ойланбайтын. 5
Шыншылдық. 6
Сырт айналмау 7
Құлшылық ету 8
Жан тәнімен берілу 9
Құдайдан қорқу 10
Міндет 11
Бағыну 12
Аманат 13
Тәуекел. 14
Тура жол. 15
Жақсылық жасау 16
Әділ үкім. 17
Дұшпанды қорқыту 18
Пайғамбарға еру 19
Жәрдемдесу 20
Басқа жолдарға түспеу 21
Ғайып
Жас кезімде көп аура беретінмін. Ата-анам бақсы емшілер- ге апарып жүретін. Олар: «тіл көз бар» -деп, су, тұмар т.б. заттарды оқып беретін. Кей кезде келешекті болжап беретін жайлары болатын. Осы күні болжағандары дəлме-дəл бол- ды деп айту қиын. Əрине ол бақсы, емшілер жаман ниеттері болды деп айталмаймын. Жаратушы оларға адам емдеу, көріккелдік қасиет берген. Олар сол қасиетті пайдаланып, барынша адамдарға көмектескісі келеді. Алайда бұл ара- да адамдардың дұшпаны шайтан араласпай қоймайды деп ойлаймын. Өйткені ол көріпкелге сеніп, бір талай топ адам барады. Сондықтан бір талай топ адамды тура жолдан тай- дыру үшін, шайтанға сол бір көріпкелді тура жолдан тайды- ру жеткілікті. Жаратушы: «Күлі аспан əлеміндегі һəм жерде- гі бірде-бір жан ғайыпты білмейтінің. Ғайыпты тек Өзі ғана білетінің» — атап айтады. Сондықтан көріпкел айтқаныңдай болады деп кесіп айту қиын. Тағы бір жай ол біз көріпкелге сенім келтіріп, Жаратушыға серік қосқан боламыз. Бір нəр- сені есте шығармаған жөн деп ойлаймын. Емшілік, көріп- келдік қасиет ол бір құдыретті Алладан. Қай сəтте болсын Жаратушыны еске алып, мақтау айтсақ Жаратушыға серік қосудан алыс боламыз деп ойлаймын. Осы арада жаман ой салушы шайтанда Алланы еске алғанда бізден алыстайды. Оған бір мысал: «Иса» пайғамбар халықты Құдай берген қасиетпен емдегенде, бір талай адам Құдайды еске алып мақтау айтып, тура жолды тапты, ал бір талайы Құдайды ұмытып мақтауды Исаға арнады. Осылайша шайтан олар- ды адасу жолына түсірді. Сондықтан көріпкелдің айтқа- нындай болады деп, не жұлдыз жорамал бойынша болады деп жəне т.б. амалдар арқылы ғайыпты нақты білеміз деп сенбейік. Өйткені ғайыпты бір Жаратушы Алла ғана біледі. Енді əрине біздің жанымыздың əлсіз тұсы ғайыпты білгіміз келеді. Ал бұл біздің əлсіз тұсымыз шайтан пайдаланбай қоймайды, соңы есімізде сақтайық. Қай кезде болсын, бір Жаратушыға сенейік жəне Оған ғана тəуекел етейік!
Раббыңды пəктеу
Осы күндері бес уақыт бес уақыт намаз туралы жалпы ислам діні туралы қарама- қайшы пікірлерді естіп, көріп жатамыз. Бес уақыт намаз туралы Құранда айтылмаған деп те айтып жатқандар бар. Жаратушы- мыз: «Олардың айтып жатқан сөздерге сабыр ет жəне күн шығуынан жəне батуынан бұрын Раббына мадақ-алғыс айту мен пəкте жəне на- маз оқы! Түн кезеңдерінде жəне де күндіз кезеңдерінде де тасбих айт, намаз оқы, əрине сонда разы боласың» — деп бұйырады. Сондықтан сол белгіленген кезеңде Раббымызды еске алып, дұға еткеніміз дұрыс болар. Раббымызды еске алып қана жанымыз тыныштық табады, əрі тура жолдан тайып, адасып кетпеуге себепті болады деп ойлаймын. Осы күндері жалпы ислам діні таралған елдерді, дамыған елдермен са- лыстырғанда, жалпы əлемнің дамуына, экономикасының дамуына қо- сып жатқан үлесі аз деп жатқандар бар. Оған себеп дін, құлшылық бес уақыт намаз көп уақыт алады т.б. себептерді айтатындар аз емес. Мен ойымша оның бір себебі дамыған елдер өз күш қуатын пайдаланып
,сол дамымаған елдердің байлығын пайдаланып, өздерінің дамуы- на жаратып жатқаны бар. Əрине бұдан кейін дамыған елдер өзгенің байлығын пайдаланып дами береді. Бай байлығын жасайды, ал кедей кедейлігін. Байға қолындағы жалшы болып, жатқан кедейдің білімді жəне өзімен қатар болғаны қажет емес, оған тек надан құл айтқанды орындап, арзан жал ақыға жұмыс істегені қажет. Бұны біз бүкіл əлем елдерін қарайтын болсақ болып жатқан жағдай: дінді бұрмалау, бір ел- дің халқын бір-біріне айдап салу т.б. əрекеттер жасалу себебі тек бір мақсат ол ел қараңғылықта жүргені керек. Сонда ғана дамыған елдер, дамымаған елдің дүниесіне, арзан жұмысшысына т.б. игіліктеріне қол жеткізеді. Сондықтан осы күні бес уақыт намаз туралы қозғап жатқаны- на, айтқандарына сабыр етуіміз қажет. Раббымызды белгіленген уақыт- та пəктеп мадақ айтып еске алайық. Сонда ғана жан тыныштығымен шынайы бақытқа жетеміз, əрі Раббымыздың нығметтеріне разы бола- мыз. Тек өзара бөлінбейік. Жаратушымыз өзара бөлінбеуге бұйырған. Тату болайық. Өзара бір-бірімізге сенбеушілік жəне дұшпан көзбен қа- рамайық. Біз бір-бірімізге дұшпан емеспіз, нағыз дұшпан ол шайтан. Бұл əлемде қандай дінді ұстансақта бізде бір мақсат ол өзімізді жаман- дықтан тиып, жақсылыққа бет бұрып, оны ұстану. Жақсы игі амалдар жəне жанның тазалығы Құдай қаласа бізді жетістікке жеткізеді.
Жала жабу
Кей сəтте ойланбастан біреуге жала жаба саламыз. Өзімізді өзгеден аппақ көріп, тілімізбен біреуді масқаралауға дайын тұрамыз. Алайда қанша жала жапсақта, түбтін-түбін- де ақиқаттың беті ашылады. Алланың қалауымен. Сонда ғана біздің ісіміз дұрыс емес, бұрыс екенін жұрттың алдында ап-айқын көрінеді. Көбіне біз біреудің жетегінде кетеміз. Сол жаланы естігенде, сол айтып жатқанға ілесіп кетеміз. Ішкі жан дүниемізді тындамай, Құдайды еске алмай: «бұл айқын жала» -деудін орнына: «а солайма» — деп жала жабушымен бірге қосылып күнəға батамыз. Жаратушымыз: «Арсыз- дықтың күнəнің не екенін де білмейтін, ары мен көңілі таза мүмін əйелдерге зина жасады деп жалған жала жапқандар бұл дүниеде ақыретте де лағынеттеледі, сондай-ақ оларға алапат азап бар» — деп ескертеді. Бұл аят пайғамбарымы- здың (с.а.с) əйелі Айша (р.а) туралы түскен болу керек. Ол кісі бір жол сапарда, жұрттан қалып қояды. Кейін ол кісіні іздестіруге бір жас сахабаны жібереді. Олда көп уақытқа жоғалып кеткен болу керек. Содан біраз уақыт өткеннен кейін екеуі жол сапардағы жұртқа қосылған. Бұны көрген кейбір сахабалар жала жауып, өсек-ғайбат тарата бастаған. Кейін бұл өсек халықтың арасында тарап, Айша (р.а) қиын жағдайға тап болды. Əрине бұл жала деп ақтаушылар бар еді. Басты ақтаушы Жаратушының Өзі болды. Осы аят- тарды түсіріп, Айша (р.а) ақтап шығарды. Сондықтан бізге қандай жала жабылсада түбтін-түбінде ақтаушымыз Жара- тушы. Өйткені Ол бəріне куə. Біз өз тілімен өзгеге жала жа- уып, өз-өзімізге үлкен қасырет тауып алуымыз мүмкін. Бұл қасыретке лекпеу үшін барынша бұдан аулақ болайық.
