Читать книгу: «Šîğarmašîlîğîm»

Шрифт:

АЛҒЫ СӨЗ

«Лучше ужасный конец, чем ужас без конца»

Фердинанд фон Шилль

Прусский майор, народный герой Германии

Кезінде әйгілі қытайдың философы Конфуций айтқан екен ғой: Адамның өмірдегі ең қиын әрі ең күрделі жолы жәй бір кішігірім қадамнан басталады – депті. Шыныменде қарасақ, өзінің арманы мен мақсаты үшін бірде-бір қадам баспаған адамдардың қаншамасы солай мәнсіз құр өмір сүріп, тұрмыстық тіршіліктен шыға алмай, елге аты шықпай, мәңгілікке арманына қол жете алмай кетті.

Негізі армандар адамдардың бала кезінен қанаттарын қақтырып, алға қарай жетелейді дейді. Құдайға шүкір, бұл өмірде армандау тегін. Бұл дүниеде әр адам баласы өзінің өмірдегі орнын тапса бір жөн. Ал таппаса ше? Онда не істейді? Кезінде Абай атамыз айтқандай:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан

Сенде – бір кірпіш дүниеде,

Кетігін тапта бар қалан

Өзінің орнын тапқан адамдар, бұл өмірде бақытты шығар иә, шіркін-ай.

Шыны керек мен арнайы жазушы, не сценарист, не болмаса комикс әлде манга жазушысы болу мен үшін үш ұйықтасам да арманымда да мақсатымда да болған жоқ. Бірақ бала кезінен хобби ретінде өзінше сурет салатынмын, кішігірім шығармалар жазатынмын, мектепте өзім ватман қағазға стен-газеталар құрастырып сызып салатынмын. Кейінірек, бірақ өзім түсінбеймін қалай, бұл жазғандарымның бәрі ұсақ-ұсақ мәтіндерден толық ауқымды туындылар шыға бастады. Бастауышта балаларға арналған бейнелеу өнерінің курсына үш ай жазғы демалыста барғанмын. Неге суретші болмадым, сол күйі белгісіз. Суреттерімде көбінесе тірі табиғатты, жануарлар әлемін, ғарыштық кемелерді бейнелейтінмін. Айтпақшы иә менде бала кезімде ғарышкер болғым келді. Ғарыштық кемемен Құс жолын кезіп, тұрлі-түсті әлемшарларды(планеталар) аралап, бүкіл ғаламды(вселенная) саяхаттап ұшқым келді. Тағы бір айта кетерлік жайт, автокөліктердің суреттерін журналдардан, газеттерден қайшымен қиып дәптеріме желіммен жабыстырып жинайтынмын. Және сосын болашақтағы ғарыштық кемелерді де құрастыруды жақсы көретінмін. Білмеймін өзіме қатты ұнайтын. Тағы президент болуды армандайтынмын. Бірақ ешбір арманым әзірге орындалған жоқ.

Неге шығармаларыңды ертерек баспаға беріп шығармадың деушілерге айтарым, қайталап айтамын мен жазушы болуды армандамадым және өз-өзімнің қабілетіме, тәжірибеме сенімді болмадым. Сондықтан да мені қатты сынға алып сөкпеңіздер. Бірақ маған бәрібір, мен өзім үшін солай қаладым және солай жаздым. Бұл өмірде елдің бәрінің пікірін тыңдай берсең, одан өмірде ештеңеге жетпейсің. Оданша шама-шарқың келгенше өзің үшін өмір сүр.

Менің ең басты және ең шынайы ынталандырғышым(мотиваторым) ол менің өліммен бетпе бет келгенде пайда болды. Өлім аузында үш-төрт рет болғанмын. Кішкентай кезімде батып кеттім, мектеп оқушысы кезінде этажкадан құладым, кейін студент кезімде сабақ жұмыс сессия деп жүрегім шыдамай автобуста құлап түстім, одан соң тағы жұмыстан үйге келе жатқанда ұшып түстім. Былай енді ауызбен айту оңай, бірақ ол кезде шыны керек қалжыңдайтын хәлде болмадым. Сондықтан «ертең жастай өліп қалсам не болады екен, онда армандарым мақсаттарым бітпей қалса не болмақ, әлі алда қаншама жасалынбаған іс-шаралар бар» – деген ойлар мені күніге мазалайды. Ал оған дейін жүре бергенмін ғой, жаңағындай өмір бойы жас боламын деп, қайдағы иә саған. Өлімді өзіңнің тұла бойыңмен сезінбегенге дейін, өмірдің қас қағым сәт қысқа екенін түсінбейсің. Атақты швейцариялық психолог Карл Густав Юнг айтқандай: Адамның жаны дегеніміз, ол уақытпен кеңістіктен тыс бөлек нәрсе. Адамның денесі уақыт келгенде өледі, бірақ адамның жаны мәңгі бақи өлмейді. Менің жазғанымды түсіне алмай отырсаңыздар, мені түсініп қажет емес. Білемін маған көбісі психологқа барсын дейді, бірақ психологқа барсаң өзіңді жынды қылып тастайды. Кей-кезде психологтардың өздеріне психолог қажет ау деймін.

Жалғастыра кетейік, содан кейін енді өскенсін, универде заңгерге оқып жүргенде, киноға қызығушылығым артты. Миымда бір керемет қазақша кинолар түсіру туралы ойлар басым болды. Тіпті санамды жаулап алды десе де болады. Бір кездері универді бітірген соң киномен ауыра бастадым. Актер боламын деп соттағы жұмыстан шығып, массовкаларда түсе бастап, одан ары эпизодтар да, кейін уақытымен келе-келе неше түрлі рөлдерді сомдап түстім. Бірақ шыны керек бұған дейін кітап жазу, кино түсіру тіптен ойымда болмапты. Әйтеуір өмірдің өзі мені соған басынан бастап итермелей берді ма, әй білмеймін, бірақ ол туралы еш өкінбеймін. Болар іс болды, бояуы сіңді.

Содан әлгі өзім кино түсіруге бет бұрдым. Ол кезде енді жұмыстеп жүрмін, жұмыстан ты бос уақытта жаңағы съемкасына түсіп қоямын, бірдеңе бірбәле көріп үйреніп жүрмін. Соның арасынша, басымда идеялар бүлкілдеп сорпа сияқты қайнап, ет пісіп жатыр, ақырындап сценарий жазуды үйрене бастадым. Қысқаметрлік фильмдерде өзім түсіп, өзім соларға сценарий жаздым, енді режиссер болмадым, операторда болып қатырмадым, бірақ мен үшін соның өзі кішігірім прогресс болды. Енді болашақта не боларын ақтарып айтпай-ақ қояйын, шынымды айтсам өзімде білмеймін, бірақ енді мүмкін толықметрлік қазақ тілді киноны да түсіру топшалай болып қалар. Мен соған үміттенемін.

Негізі бұл жазған шығармаларымның бәрі 2015-те шығу керек болған. Бірқатар қаржылай қиындықтардан кейін сол күйі қалды.(мен енді жас кезімде ақшаны ұстай алмайтынмын, үнемі бірдеңеге жаратып қоятынмын, енді шыны керек адам деген көрсеқызар жыртқыш ғой, бәрінде зат болса сол зат сенде де болса ғой деп армандайсың шіркін, бірақ басқалар өз ақшасына алады, ал мен болсам банктен несиеге аламын, қазір енді қарасам, сол өміріңе қатты керек емес әншейін заттар екен ғой, болмайтын нәрселер үшін қарызға батқанша, оданша қарызға батпай, жұмыс істеп өз ақшаңа алғаның абзал екен, бірақ уайымдамаңыздар, банктен алған несиелердің бәрін жаптым). Сосын 2020-да шығарайын деген кезде, Ковид-19 болған соң тағы солай қалды. Одан кейін былтыр 2025-ші жылы ақыры бәрін бітіріп, жөнге келтіріп, шығаруға дайын тұрған, бірақ отбасымда болған қайғылы жайттан соң бәрі жайына қалды. Сонда да ештен кеш жақсы демекші, биыл осындай электрондық форматта шығаратын болдым.

Шын айтсам кітап жазудың өзі оңай нәрсе емес. Егерде кітап оқымасаң, білім ізденбесең, сөздік қорыңды көбейтпесең, ол тіпті одан екі есе қиын. Бірдеңе жазу үшін, басыңда қандай да бір білім, сөздік қорың болуы шарт. Және де бастапқы да елдің қолдауы болмаса да ары қарай талпыну керек(мен өзім қарапайым жұмысшы отбасынан шыққанмын. Біздің әулетте ондай өнерпаз жазушы деген атымен жоқ. Біздің отбасыда ондай нәрсені анша түсінбейді. Оларға өз қиялында шатқып жүрген бала керек жоқ, оларға нақты жұмыс істеп ақша мен нан табатын еркек керек. Сондықтан да сол жағынан бірталай түсініспеушіліктер де көп болды.)

Өз тәжірибемнен ұққаным, ең алдымен өз-өзіңе деген сенім ауадай қажет екен. Өмірде өз-өзіңе арқауда, қолдауда, тіреуде, тіпті керек болса өзің папа, өзің мама боласың.

Екіншіден өз-өзіңе деген қатал тәртіптің(дисциплина) болуы қажет. Мен мынаны істей алмайтын. Мынау мен үшін тым қиын. Шыны керек өзіңді тәртіпке келтіру деген, ішті пыстыратын нәрсе. Әлгі Павловтың итке жасаған сынағы(эксперименті) секілді, адам өз-өзін күнделікті тәртіпке үйрету керек.

Мен негізі басқа нәрсені қалаймын – деген сылтауларыңды ырбимай бір жеріңе тығып қой. Істегің келеді ма – істе, істегің келмейді ма – онда босқа уақытты рәсуа ғылма. Адам өз өмірін өз қолына алып, өз өмірі үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнына алған сәттен бастап қана шынайы өзгереді. Асыра сілтеп айтсам, ғафу өтінем қазақшама айып етпессіздер. Үшіншіден, әрине бұл өмірде біздің қолымыздан келмейтін, біз шеше алмайтын проблемалар және біз әсіресе ешқашан күтпеген проблемалар, әрі бізге ыңғайсыз уақытта, қолайсыз кезде келетін проблемалар, ондай ондай өмірде болып тұрады. Ондай кезде әлбетте бір Құдайыңнан қолдау сұрап жалбарынасың. Бірақ кейбір-кезде олда көмектеспеуі мүмкін. Оған да ренжуге болмайды. Өмірде ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Бәріне ренжи берсең бір күні күйбеңшілдіктен күйзелесің де кетесің. Өмір сол үшін тым қысқа. Не істейсің енді, болғанды бардай қабылдайсың да, ары қарай түк болмағандай өмір сүресің. Әйтпесе басқа амал жоқ. Бірақ Карл Густав Юнг айтпақшы: адам мән-мағынасы жоқ өмірмен мәңгі бақи бағынышты болып санаса алмайды. Индивид егерде кәдімгідей өмір сүруге құштарлығы оянса, жай ғана сандалып өмір сүру үшін емес, шынайы өмір сүру үшін, ертелі-кеш адам ол шектеулер шығады.

Әрине бұл тек бастамасы ғана. Әлгі айтады ғой, басы ащы болса, арты тәтті болады – деп, сол сияқты бұл тек жай ғана бастама емес, бұл нағыз жақсылықтың бастамасы деп есептеймін. Ал қазір халыққа ұнайды ма, не болмаса халыққа ұнамайды ма оны әлі уақыт көрсете жатар. Бұны ары қарай бізден кейінгі келешек ұрпақтар шешеді.

(Ескерту: Барлық авторлық құқықтар толықтай өзімдікі.)

ТУҒАН ЕЛІМ ТУРАЛЫ

(өлең шумақтарым)

Қазақ елім біздікі

Қазақ жерім біздікі

Көк аспаны біздікі

Асқар тауы біздікі

Сай-саласы біздікі

Кең даласы біздікі

Гүлмен шөбі біздікі

Соққан желі біздікі

Толған теңізі біздікі

Өзен-көлдері біздікі

Оттың шоғы біздікі

Жер жырағы біздікі

Аққан бұлағы біздікі

Тас-топырағы біздікі

Аттың пырағы біздікі

Көздің қырағы біздікі

Күн ай жарығы біздікі

Қоңыр күздеу біздікі

Әппақ қыстау біздікі

Көкше көктеу біздікі

Жасыл жайлау біздікі

Ұшқан құстары біздікі

Орманмен аңы біздікі

Әдеп-ғұрпы біздікі

Салт-дәстүрі біздікі

Жас жалыны біздікі

Қарт-қариясы біздікі

Жеті қазынасы біздікі

Барлығы түгел біздікі

Туған елімнің иісі

Өз елімнің әр шеті

Алақандай әр жері

Арпа, бидай, тары

Жаңа піскен наны

Самал сергек ауасы

Ауыл аймақ қаласы

Әр өңірдің тұрғыны

Әр адамның ыстығы

Өлеңі, үні, жырлауы

Атқан батқан әр күні

Қазақтың бар болмысы

Осының өзі барлығы

Туған елім, туған жерім

Осының бәрі біздікі

«ЖАС ҚАЗАҚ»

Біз еліміздің жастары

Еңсеңді көтер достары

Елді қорғау борышы

Әр қазақтың парызы

Балалардың қуанышы

Жарқыраған жұлдызы

Жас буыны болашағы

Мен елімнің жас қазағы

Қайырмасы:

Қазақ елім, ыстық маған

Сен туралы ән жырлаған,

Жас қазағың сенің балаң

Менің жаным, адал саған

Қазақ елім, ыстық маған

Біз сарбаз болар қорған,

Жас қазағың сенің балаң

Менің жаным, адал саған

Ата-бабамыздың қаны

Кең байтақ туған жерің

Әр қазақтың ұлы отаны

Туып өскен жайсаң елің

Сәулелі күннің шуағы

Біз еліміздің жас ұланы

Қазақты қолдар аруағы

Мен елімнің жас қазағы

Қайырмасы:

Жалындаған жанары

Бұл жастардың ұраны

Елдің қайсар жандары

Қаһарманның қыраны

Ұлы даланың тұлпары

Ежелгі қасиетті пырағы

Үміт оты халық шырағы

Мен елімнің жас қазағы

Қайырмасы:

(мектеп кезіндегі бітпей қалған әндерім)

«ТҰМАРЫМ»

Жанарың сенің мөлдіреген

Ажарыңа көзім тоймайды екен

Сені аңсадым

Сені күтіп едім

Сен менің мойныма таққан тұмарым

Қасымда мәңгі қолыстасқан серігім

Қайырмасы:

Қайда жүрсің

Көрінбейсің

Сен жүрегімде соғасың

Мен сені жаным күтемін

«СҰЛУ ҚЫЗ»

Көше бойын кезіп барады бір сұлу қыз

Жан-жағына қарамайды бұл не құлқыңыз

Сізбен танысқым келеді сәл тоқтаңыз

Әй қарындас тыңдаңызшы ұнадыңыз

«ҮМІТ ОТЫ»

Үміттенем үміттенем үміттенем үміттенем

Үміттенем келер әлі біздің көктем

Үміттенем үміттенем үміттенем үміттенем

Жаным еркем мен тек сені сүйем

«ЖАЗҒЫ САМАЛ»

Жаздағы күннің жылуы

Көшелермен келемін

Мен тек сені сүйемін

Жайқалған гүлшоғыры

Осының бәрі аруым

Тек саған ғана жаным

Таныстыққа баулайды

Сенің көзіңнен көремін

Тек сені мен аңсаймын

Жүректе оттай лаулайды

Менің саған сезімім

Тек маған сенші жаным

«САҒАН АРНАУ»

Неткен көркемсің қызбала

Қараймын саған тамсана

Гүлге жайқалған гүлдала

Келдім да саған жаңа ғана

Қайырмасы:

Бара жатыр қинап

Бара жатыр қинап

Бара жатыр қинап

Көкіректі

Бара жатыр қинап

Бара жатыр қинап

Бара жатыр қинап

Сүлдем мені

Ешбір ару тең келмейдіма

Жүрегімдесің тек сен ғана

Ешкім білмейді өзің тыңда

Әнімді арнадым саған ғана

Қайырмасы:

«МЕН СЕНІ СҮЙЕМ»

(бірінші нұсқасы)

Қара бұлт, қара бұлт кетті-ау

Артынан қайта күн шықты уау

Осы сәтті есіңе сақтап қал

Бұдан былай қайталанбас біздің бал

Бақыттан басымыз айналды-ау

Екеуміздің әңгімеміз жарасып тұр-ау

Сенің әсем нәзік жүзіңнен

Айналдым сүйкімді күлкіңнен

Болшы жанымда әрқашан

Кетпеші өтінем ешқашан

Қайырмасы:

Мен сені сүйем

Мен сені сүйем

Мен сені сүйем

Сүйем жаным жаным

Қолымнан ұсташы

Құшағыңа алшы

Ернімнен сүйші

Жаным менің

Бесплатный фрагмент закончился.

129 ₽
Возрастное ограничение:
12+
Дата выхода на Литрес:
13 января 2026
Дата написания:
2026
Объем:
50 стр. 1 иллюстрация
Правообладатель:
Автор
Формат скачивания:

Похожие книги