Бесплатно

Жалған

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

Тарау VIII

Үйге анау кісі оралды. Ол келгенше, Толқын ол арқылы қаша алатын тесікті іздеп, барлық киіз үйдің астын шарлап шықты. Бірақ ештеңе тапқан жоқ. Күтуге тура келді, ал бұл жағдайда күтуі төзе алмастық. Ол өз тізелерін құшақтап та әрі қарай не болатындығын елестетті. Ол ешқашан ұрлаудан қорыққан жоқ, ал енді… Толқын бір-ақ қана нәрсені анық білді – ол төзбейді. Әпкенің күші не ағаның тез ойлауы болмаса да абыройы одан да табылады.

Ал енді ол оралды. Көңілді, жас, бірақ әлдеқашан олпы-солпылан жігіт. Толқын күлетін адамдарға ұмтылса да бұл жігітке жиіркенуден басқа ештеңе сезген жоқ. Келбеттің өзінде бірдеңе болды – мүмкін, қу, жағымпаздана жұмған көздері мен өтірік, зілді күлімсіреуі.

– Болды, мен сені басқалардан ұтып алдым. Енді сен менің қатыным. Немене, жаман ма?

– Жақсыдан аз, – сабырлы дыбыс берді Толқын. – Өзін қорықпайсың ба? Ақсүйек рудан болсам, отбасым кек алуға келсе?

– Бұны сен дұрыс болжап білдің, руың атақты. Сен әкеңнің хан екенін білмейсің сияқты, рас па?

Жұлдыз оған бұны айтқан жоқ.

– Сені бұл жерге әкелуге әмір берген ол. Сағынды дейді. – Жауынгер, ханның нөкері сияқты, мырс етті.

Толқын өз “күйеуінің” жомарт әңгімешілдігін аңғарды да қарсы шығып деді:

– Менің ағам мен әпкем сендерден өш алады!

– Айтқым келмейді, бірақ жоқ. Сенің қарақшы-әпкең сені мұнда тастап кетті.

Толқынның жаны мұз қатып қалды.

– Бұл жалған.

– Сенбесең сенбе. Оны мұнда әкелген оның досы екен… Ол туралы айтқан шығарсың?

Толқынның бас изеуге де күші жетпеген. Бұл ащы тіл. Жұлдыз жортуылшы емес және ол оны тастап кеткен жоқ. Саткын ше… Жоқ, ол сатқын емес! Мүмкін емес…

– Ол оның басын өз қауіпсіздікке айырбастады. Ал Қарақшы қашып кетті. Біз оған сен мұнда деп айғайладық, бірақ ол тіпті тоқтаған да жоқ.

Улы күдік жүрегіне қона қалды. Ағаның айыбы болмаса да, Жұлдыз оны құтқару үшін тоқтар еді ме? Бірақ ол оны тұтқыннан құтқарды, бірнеше ат өтулер бойы оны алып жүгірді… Ол солай айтты. Және бұл ретте Толқын ханның қызы деп айтқан жоқ. Неден кейін? Толқын олардың анасын өлтіргеннен соң… Толқын Жұлдызды жек көретін ауылға тартқызды. Ол Жұлдыздың адамдарды, Толқынды тастауға ұмтылып, үнемі жоғалып кеткенін есіне түсірді. Және бұл байлықтарды қайдан алды екен? Ол Қарақшы болмаса, оны мұнда не үшін әкелер еді? Жұлдыз оған бұны да айтқан жоқ…

Біреудің шақырған дауысқа жауап қайтарып, жауынгер киіз үйден бас шығарып қарады. Не айтқанын Толқын естіген жоқ, оған тек қана абыржыған үні жеткен. Біраз уақыттан соң жауынгер қайта кірді. Оның төменнен жоғары қарай қорыққан қарауын көріп шығар, ол деді:

– Біз Қарақшының артынан бірнеше жебені жібердік. Маған жаңа ғана олардың біреуі мақсатқа жеткен деп айтты.

Мұз шытынап кетті. Толқын тізесіне бетін тығып, “Бұл түс қана, жаман түс. Көгім, ақылымнан адаспауға күш берші… ” деп жанталаса міңгірлей берді.

– Мен барып жағдайының қандай екенін көрейін. Бірақ бұның алдында…

Ол қу жымиып, бұрылды. Толқын күйбеңдеп сияқты қолдарын артына жасырды да түрегелді. Ол ақыры жақындады да алақандарын оның қалтыраған иығына қойды. Сол кезде ол көзін кенет алартты да, сәл қисайып, құлады.

Толқын соншама ұзақ уақытқа тыққан ауыр тостағанды лақтырып, аузын қолмен жапты. Бір жақтан жан түршігерлік қарлыққан айқайы естілді. Ол оның ішінен шыққан сияқты, соншама анық Толқын оны естігеннен гөрі сезді. Үмітсіздік оны іштей жұлқынып кеміре берді, тұла бойы тітіркенді, кенет оянған жауынгер оның қабырғасын сындырды сияқты ауыру басталды. “Мәңгі аспаным, оның өмірін сақташы… Әпкемнің өмірді сақтап ал, айырбасқа мені алшы… Тек қана өтінемін, бұл тезірек болып қалсаңшы… ” деп байланыссыз сыбырлап, Толқын шегінді. Сыртына бас шығырып қараған жоқ – көңілді аударудан қорқады. Бәрібір қазір қашуға оның күші жетпейді. Сол сәтте ол шынында да өз өмірін беруге дайын болды, анау соққыдан соң ол оған керек емес болды сияқты. Өзін өзі аяқтан да иығынан құшақтап, Толқын қайта бөлменің бұрышына отырды. Үйге ауыр, езгі тыныштық түсті.

Не істеуге? Азат қаланың ала әбігерде көрінбей кете берді. Әлгіде ол жай ғана ашық қақпа қарай өтті – қазір керуендер жүре берді, қақпасын ашық қалдырды. Азат оның киімі де бұратананы әшкереледі деп ойлады. Бірақ оның басқа талғауы жоқ, ол Толкун мұнда деп білді ғой. Бірақ қымқырушылар қалың топта көрінбей кеткен соң оны қайда іздеуге керек? Оның бір да ойы болған жоқ. Азат бір-ақ қана нәрсені анық білді – ол бас тартудан гөрі қаза табады. Толкун туралы ойлары оның рухын бағаналар сарай күмбезді тәрізді бекітті де ол әрі қарай жүрді. Ол бірнеше рет өтетін кісілерді тоқтаттып, салт атты мен қыз туралы сұрады, бірақ ешкім білмеген не тоқтаған да жоқ. Бұл қаладағы адамдар бірі де қалмастан ханның әйелдері сияқты өз ойыншықтарды даңғырлатып, бір жерге асыға берді. Азат семіз көпістермен толы гаремді елестетті де қатты күліп жібере жаздады. Жеңілдей түсті. Ақыр-аяғы, ол бұл жерге жетті ғой, және қалай қиын болмаса да, Толкунды табады.

Кенет біреудің таныс дауысы жиынды жарып өтті. Азат қауіпті сезген қоян секілді ширықты да, адамдарды кимелеп, жалғыз таныс нәрсеге қарай беттеді.

Ақырында сөйлесетін кісіні айырды. Қателескен жоқ, бұл Азат кіретін жүзді басқаратын Саткын екен. Және Толкунның ағасы… Бұны есіне түсіріп, Азат оған ұмтылды.

Жүз башы, әрқашан ойшаң мен тым көңілді емес, қазір қысқы бораннан гөрі жабыңқы боп көрінді. Самайға самғайтын жіңішке қастары кеңсірігін жапқан, ашулана қысылған еріндері, оны қартайып, төмен түсті. Саткын түнеріңкі жан-жағына ақырайса да, Азат оған жан дәрменмен соғылды. Елші қылыштың сабына қолын қоя салайын дегенде өз жауынгерін таныды да селқос деді:

– Ә-ә, сенсің бе, қалқам. Не істеп жүрсің бұл жерде?

– Толкунды ұрлап кетті!

– Білемін…

– Білесіз бе?! Ал… оның қайда екенін білесіз бе?

– Енді – иә.

– Олай болса неге тұрсыздар мұнда? – айқайлап жіберді Азат. – Біз оны құтқаруға тиіспіз!

– Құтқарамыз! – ақырып деді Саткын. – Бірақ қазір біз қатып қалған қарда тұрмыз сияқты. Әзір тұрғанда – үстіндеміз, ал жүгірсек, малтып түсеміз.

– Әр апаннан аяқты алып шығуға болады, – қызбалықпен қарсы деді Азат. – Біз Толкунды күтуге мәжбүрлене алмаймыз.

– Мәжбүр етпейміз, – оқыс кесіп айтты жүз башы. – Бұл қызбалық біреуді құтқарса ғана…

Ол әдеттегідей сабырлы, сезімсіз сөйле берді. Кенет көзінде жылан тәрізді қорқыныш жылжып өтті. Өз қолбасшының сенбеушілігін көруінен бетер жауынгердің еш нәрсесі жоқ. Бірақ Азат бұның өз не оның өмірге қорқыныш емес екенін аңғарды. Саткын бұрын істемегендей тура оның бетіне қарады.

– Карындашым үшін сен не істеуге дайынсың? Керек болса, үйіңді қалдыруға дайынсың ба?

Азат отбасың туралы ойлады. “Бұл жәлепке асықпай жетті ғой мыналар”.

– Дайынмын. Мен бәріне дайынмын!

– Олай болса, біз солай істейміз…

Онда көктем болды, жылына түсті. Сіңлісі жүруге үйренді де ол андамен бірге Тұсау Кесер жасауға шешті. Саткынның анасынан Ақ жолды өтініп сұрады. Олар үшеуінен басқа ешкім болған жоқ. Жалаң бұт шідерлі Толқынды жолдың басына тұрғызды да, сәби жолдың ортасына жеткен кезде, тұсауын кесті. Кенет шөптен, ұзын жасыл аяқтарын екі жаққа жазып жіберіп, көк шегіртке секіріп шықты. Қуаныштан шыр ете түсіп, Толқын оның соңынан, Ақ жолдан аулақ құлыншақтай жөнелді…

Оны жерге лақтырып тастаған кезде Жұлдыз жарықтан көз сығырайды. Оларды айнала адам сапта бірден тесік пайда болды. Сезіп сияқты, жұрт қызығушылықпен жинала бастады. Хан кежеуілдермен бірге шыққан кезде, барлықтары дәл сол сәтте етпетінен құлады. Жұлдыз әрең тұрды.

– Бұл әйел – Қарақшы екен.

Күңкіл сөздер қалың топқа тарап кетті, жақынырақ тұратын адамдардың беттерінде ғадауат жалт етті. “Мен тарата алатын жалғыз нәрсе”, – деп ойлады Жұлдыз. Олар жалғыз қимылдайтын белгісіз жортуылшының шабуылдары туралы көп естіді.

– Ол біздің жауынгерлеріміздің күшіне күдіктенді. Оны күресте жыға алатын адам табыла ма? – кекете сұрады хан.

Жұрт күлімсірді. Біреу шыққанша Жұлдыз қатты айтты:

– Хан мен жеңсем, ол сіңлімді жібереді деп уәде берді. Оның аты Толқын. Мен бұл хандықта хан сияқты шіріп кетпеген адамдар әлі бар деп сенемін. – Ақырындатып та оның долдана қалған бетке рақаттанып, ол қосып деді: – Және мен таулық емеспін. Маған сенбесеңдер де, бұл рас.

– Айтқанын сол ма? – зеріккен дауыспен сұрады хан. Жұрт қайта мақұлдап гулей бастады. Жұлдыз оның неге келіскенін түсінді. Бұл олардың алданышы болса да, оның – Толқынды құтқаруға жалғыз мүмкіндігі.

– Өлімге дейін күресесіңдер.

Жұрттан бір ұзын бойлы, екі жауырыны қақпақтай жігіт шықты. Күрес тез аяқталады деп ойлап шығар, ол күлімсіреді. Балуан киімді шешіп тастап, қар қатты жауып тұрғанына қарамастан тек қана шалбарда қалды. Мойны бұқа, тік мықты кеудесі, иықта мен қолда көк сіңірді бұлшыкеттері бар. Жұлдыз көп адамнан мықтылау да кеңірек болса да, бұл жолы оның қарсыласы одан екі есе үлкенірек екен. Жұлдыз кейде таулықтардың мерекелерде күрескен, бірақ сіңліннің өміріне қауіп ешқашан төндірген жоқ. Оның қолын босатқан соң ол бешпетті мен етікті шешіп тастады. Қолпылдаған жейдені, кедергі жасамау үшін, кеудесіне орады. Ол ішін ашты да жалаң аяқ боп қалды, бірақ жүректің қатты соғуынан суықты сезген жоқ.

Олар шеңбер бойымен жүрді. Жұлдыз, қарсыластың күрестің тәсілің көрейін деп, түзелді де, ыржиып, қолдарын екі жаққа жазып жіберді – аламанда. Ашуланып, балуан бақырып жіберді де тап берді. Соққы қатты болды, оның аяғы бір сәтке жерден ажыраса да, бәрібір тұра алды. Қарақшы балуан мықты болса да, оның жүйріктің жетпейтінін түсінді. Ол басын оның қолдың астынан тез шығарып, мықты иығын қысты да төмен тартты. Шыдай алмай, балуан тізесіне түсіп, бос қолмен оны жерге лақтырды. Жұлдыз тік тұрып, сергіді. Жынданып, қарсылас қайта оған барды. Олар бұқаны жарып кетуге тырысатын тазы тәрізді айқасып қалды. Төзе алмайтынын сезіп, Жұлдыз оның аяғын өзінікімен орап алды да жұлды. Балуан құлаған жоқ, бірақ Селсаяк босатып алды. Аласұрған, ызаланған, Жұлдыз қарсыластың оған беттенгенін күтті. Дәл балуан оны буындырғанына даярланған кезде Кезбе Жұлдыз жалтарып кетті де оның арқасына секіріп мінді. Жігіт шынында да бұқадай ақыра бастады. Өз салмағымен оларды аударып, Жұлдыз оны жерде ұстауға талаптанды. Бірақ табанды қарсылықтан соң балуан тұра алды. Оның соңынан Қарақшы да аяғына тік тұрды. Ашудан қызарған көзімен жігіт, ережелерді ұмытып, түйген жұдырықты алға жіберді. Жұлдызды қорғауға ешкім шықпайды ғой. Жұлдыз тайқып, оны ұстауға талаптанды, бірақ айырылып қалды… Қарсылас оны ажалды құшағына қысты. Сүйектер жиренішті бырт етті…

 

Күйіп-жанып ауыру денесінде жайылды, көздерінен жас ақты. Одан жан түршігерлік қарлыққан айқайы шығып кетті… Бірақ Толқын туралы ойы кез келген ауырудан гөрі шыдағысыз болды.

Қалған күшімен Жұлдыз жігіттің мойнын қолымен құшақтап алды да жерге лақтырды. Бұны күтпеген, балуан жалп ете түсті. Жұлдыз оның омыртқасына тізесін қойды. Мәз-мейрам, ызылдаған жиын оқыс тына қалды. Ханның қарауымен кездесті. Қайта сүйектің қытыры. Балуан жұмсарып қалды. Оны жіберіп, Жұлдыз түзелді. Ентігіп дем алып, ол көзін жұмды да күшсіз құлап түсті.

Тек жақын тұратын ғана ханның көзінде уытты ұшқынды байқа алды. Ол кежеуілдеріне елемеген сияқты қол сермеді. Олардың бірі Жұлдызды аяғынан зынданға сүйрелеп әкетті.

– Енді не, мырза? – сабырсызданып сұрады кеңесшісі.

– Оны бұл жерге әкелген елші әлі мұнда ма?

– Иә, ұлы хан. Әлдеқайда жүр.

– Жақсы. Мынау оянғанда – егер оянады – оларды бір-біріне өшіктіріңдер. Сондай жақсы балуан болса, оның тағы қанша жекпе-жек шыдай тұра алғанын көрейік.

– Бас тартса ше?

– Екеуіне де бұғау салыңдар. Және анау қызға ештеңе айтпаңдар.

Тарау IX

Саткын анау кісі атаған үйдің есігін ашты. Ешкім оған кіруге кедергі жасаған жоқ та ол елегізді. Үйдің ішінде тұрған сыңғырлаған тыныштығы сондай, Саткын өз жиіленген дем алысын естей алды. Екі биенің саууға тең уақыт бұрын ауыру оның кеудесін мен ішін бұрап тастады. Ыңырси бастамау үшін, ол бүкірейді де тістенді. Шынымен бір ауруды жұқтырып алды ма? Саткын ешқашан тым ырымшыл болған жоқ, бірақ қазір аспан ерігі туралы ойламауға болмайды. Шынында да оның қылмысқа бола ма? Бірақ ол бұл ойларды жіберді, оған қоса ұстамасы қайта қайталаған жоқ. Алайда ауыруы оның мазасын әлі кетіріп тұр сияқты.

Ақырында, кезекті есікті ашып, Толкунды көрді. Оның алдында Саткын таңда азаптаған жауынгер жатты. Бәрін түсінуге қиын емес болды.

Басын көтеріп, карындаш дем шығарды да оған жүгіріп келді. Саткын оның қорқынышын өзіне алуға үшін сияқты оны бауырына басты. Оның кеудесіне жүзін тығып, Толкун еңіреп жыла бастады. Бұл барлық өтірік пен арамдықтан соң карындаштың кішіпейілдігі оған дәрі болды. Ол қызмет істейтін жылдардың ішінде ол соншама алдауды көрді. Бір нәрсені айтып, хандар, манаптар мен султандар басқасын ойға алды. Қоқақтады, қорқытты, ау құрып қоя берді. Біреулер сенді де түсті, басқалары – жоқ. Және қуанышты хабардан қайғылы хабарды, кейде тағы да өтірік, ол аса көп әкелген. Оның, жай жауынгердің алдында адамдар сындырып та, түрін көрсеткен жоқ. Қанша рет жұдырықтар ашулы түйілді, амалсыздықтан көтерілді, қисапсыз көп.

Саткын Толкунды ұйпалақтанған бұрымнан сипап, сыбырлады:

– Енді бәрі жақсы, жылама, балапаным… Жарайсың.

– Ол маған аяңдады… Мен ештеңе істей алмадым…

– Сен дұрыс істедің. Жүр, кеттік.

Толкун орнынан қозғалған жоқ.

– Жұлдыз қайда, көке? Ол… тірі ме?..

– Әрине, тірі. – Бірінші сұраққа ол жауап берген жоқ. – Оған бірдеңе болып қалғанын қайдан алдың?

– Ол айтты. Тағы ол сен оны сатқындадың деп айтты, бірақ мен оған сенген жоқпын… Саткын-аға? Неге үндемейсің?..

Ол не айта алды? Оған да өтірік айтайың ба? Анданың әрдайым ашулы сықсиып қарауына қарап жалған сөйлеуге оңай болды. Ал Толкунның кең ашқан, Кыпшак көлдей терең, сондай үмітпен толы көзіне ол қарай алмады.

Карындаш оны итеріп қалды. Қатты емес, бірақ сондай өкпемен… Толкун енді жылаған жоқ.

– Неге сен бұны істедің? Сен ант бердің ғой…

– Маған тура келді, Толкун. Мен сосын бәрін айтамын. Ал енді кеттік.

– Жұлдызсыз мен ешқайда бармаймын.

– Бірақ, Толкун, ол қарақшы ғой, ол керуендерге шабуыл жасаған…

– Ол – менің әпкем.

– Меннен не тілейсің сен? Әкесіңнің қолынан оны босатайың ба?

– Мен ештеңе тілемеймін. Мен сенің кеткенін тілеймін, көке…

Эжесіндей қыңыр. Әрине, Саткын оны күшпен көтеріп шығара алады, бірақ содан кейін ол оны тура кешірмейді, бір ақымақтықты жасайды.

– Толкун, өтінемін… Жүр, – жалынып деді Саткын. – Онда Азат…

Ол оның көзін жалт еткенін байқаса да, Толкун тек басын шайқады. Карындаш өтіп жүруге талаптанғанда, Саткын оны қолынан ұстап алды.

– Қайда бара жатырсың?

– Әпкеме.

– Оған қалай жетесің? Ол зынданда, оны күзетеді.

– Не бұйырған, сол болады.

– Сен ешқайда бармайсың!

Толкун оған сабырлы қарады да көзін сығырайтты. Саткынның жаны еріксіз түршікті – бейне бір!..

– Оғашсың сен, аға. Біресе қуып шығарасың мені, біресе жібермейсің.

– Бұл үйден сен тек қана менмен бірге шығасың.

– Кім мені шығармайды? Сен бе, Саткын-аға?

Толкун оның қолынан саусақтарын алды. Саткын оның барғанын білді. Және қаза тапқанын сияқты…

– Тұра тұр, бірге барамыз.

– Рас па? – Тұңғиық көлдерде қайта жарығы жайнап кетті.

– Иә… Мен оны алып шығамын да үйге барамыз.

– Ант бер! – талап етті Толкун.

– Әрекеттеніп көремін деп ант беремін.

Тек қана әрекеттеніп көреді деп бекер емес деді. Олар тірі қалады деп оған ешкім ант бермейді ғой.

– Сен алып шығасың, ал мен ше?

– Азатпен бірге күтесің. Таласпа – мен өте аламын ғой, ал саған жол жабық.

Ол ойлап кетті де зауықсыз келісті. Олар кедергісіз шықты да карындаш батып бара жатқан күннің жарығынан көзін масайраған жұмды.

Саткын оны Азат пен жылқылар күтетін жаққа апарды. Кенет оларға жақындататын адамды байқап кетті. Толкунға сыбырлап деді:

– Тезірек бар. Біз үшін мазасызданама. Бар! – карындаш қарсы болайын дегенде қайта деді ол. Толкун амалсыз Азатқа жалғыз аяңдады. Саткын байқатпай қылыштың сабын қысты…

– Ә-ә, мұндасың ба, қашқын! – разы болып саңк етті ұзын бойлы, мықты жауынгер. – Хан сені табуға әмір берді. Бүгін күресесің.

– Неліктен? Кіммен?

– Қарақшымен. Сөзден тануға ойлама да! Жіберген кезде кетуге керек болды.

“Сендер болмасаңдар, мен кетпер едім сияқты”, – ызамен ойлады Саткын.

– Мен онымен күреспеймін.

– Қорқама. Оны әлгіде жақсы ұрып тастады екен. Қазір оны бала да жеңе алады.

Бұл сәтте Саткын анданы зынданнан қалай алып шығатынын түсінді.

– Кетші! Сенбеймін. Көрсет!

– Қалай көрсетемін? – бүлініп сұрады жауынгер. – Ол көрші бұтақта жатыр емес қой.

– Саған зынданға жол бермей ме? Түсінікті… – созып деді Саткын.

Жауынгер дәл ол ойлағаншай ашуланып кетті.

– Әрине, береді! Дәл қазір барасың да көресің. Жүр!

Жауынгер Саткынды қолынан дөрекі ұстап алды да сарай жаққа әкетті.

Аға оны қаланың шетіне әкелді. Бұл жерде анау шулы қала да болған жоқ, оның туған далаға да жақынырақ сияқты сезілді. Оның руы да таулық емес қой…

Ашық қақпадан күннің батуының алқызыл жарығы түсті. Тас дауалы, көліңкесің қалаға түсіріп, сесті көтеріліп тұр. Бұл көлеңкеден біреу бөлініп, оған жүре бастады. Толқынның жүрегі аттай тулап тұра бастады, денеде діріл пайда болды. Енді қорықпай, ол жүгірді. Ол да… Бір-біріне жақындап, олар кенет тұра қалды. Бұл туған, таныс бетінен көзіне жас алды. Пәрмен бергендей, бір-біріне ұмтылды.

– Толкунтай, Толқын-жан…

Толқын оның иығына бетін тығып, алақанын оның күлкілі ербек-сербек шашына қойды. Азат оның төбесіне бетімен жабыса қалғанда Толқын оның қолынан да өз бұрымдардан басқа айналадағы ештеңе көрген жоқ. Қазір олардан басқа ешкім, ештеңе болған жоқ.

Бір сөз демей, олар оның атына мінді де бұл қапа қаладан баяу әрмен кетті.

Үп-үлкен үйлер артта қалғанда, олар алыста емес орғыған жылқыны байқап қалды. Оларды көріп, жылқы жүгіре жөнелді. Азат, аңырып қалып, атты тоқтатты. Ал Толқын қалайша түсінді… Кенет жерге түсіп, шетке қашып шықты. Жылқы тоқтауға ойлаған да жоқ сияқты. Азат айғайлап жіберді, оның аттың дүбірі естілді. Толқын селк еткен жоқ…

Жылқы тоқтап қалып, артқы аятқан тік тұрды да, оларды айнала шанды көтеріп, ауыр тұяқтарын қаға бастады. Жұбанып, Бүркіт өзінді сипауға рұқсат берді. Қасына үріккен Азат жерге секіріп түсті.

– Не болды?

Толқын жылқының мұрнына алақанын қойып, ерке күбірледі:

– Жанымыз біздің…

Бие, құлақтарын мазасызданып тік тұрғызып, ашық қақпа қарай қарады. Толқын дәл сол жаққа бұрылды. Қайдасыңдар сендер…

Жауынгер оны дәл зынданның есігіне дейін ертіп апарып, тез болуға деді де кетті. Саткын еніп кірді, бірақ ең қиынысы әлі алда – анданы алып шығуға. Құрсаулаған есікті ашып, қыбыр етпей кірді.

Жалғыз сәулесі жоғарыдағы тордан түсті. Еденде жатқан адамның тұлғасын көру үшін ол жетті. Анда басын әдеттегідей қолмен бүркеп, екпетінен жатты. Ашқан есіктің дыбысын естіп те ол қозғалған жоқ. Жылдыз байланған да бұғауланған да болған жоқ – не үшін? Өз бетімен ол бәрібір шыға алмады. Саткын тек жақындап та еңкейіп оның ұйықтамайтынын түсінді. Жейдесі жыртылған, беті қалың тотығына қарамастан да сұп-сұр, ерінде қаны қабыршақтанып қатып қалды. Саткын құлағын оның мұрнына жақындатты – тынысы бар.

– Жылдыз! Оян. Анда, бұл менмін… – оның бетіне сәл қаққылап, міңгірледі Саткын.

Жылдыз қабағын әлсіз көтерді де оған селқос қарады. Ол бәрін түсінгенше біраз уақыт өтті. Одан ауыр, боздаған ыңқылы естіліп қалды да ол бетімен құмға соқтықты. Саткын бұл ауырудан деп шешіп, жайлап иығын тигізді.

– Не болды? Қане, көмектесейін.

Күтпеген жылдамдықпен Жылдыз қолды тартып алды да, бетін тыржитып, шынтақтап көтеріліңкіреді.

Ол еңбектегенде Саткын оған су бөрдекті созып берді. Жылдыз тыныш қырылдап күліп жіберді.

– Сен мынау қарғыс соққан суатың білесің бе қай жеріңе тығып қой…

Жылдыз дыбдыр сөйлесе де, Саткын оның бірдеңе соған сәйкес айтатын күтті де оған қоса анданың сөйлеуіне үйренді. Ауыртатын шабандықпен Жылдыз ақырында теңселетін әлсіз аяғын басып тұрды.

– Көрсетші…

Ол ашуланғанша Саткын оның жейдесін сәл көтерді. Ол кейде жауынгерлерің емдеді, бірақ соған ұқсас ештеңе кездескен жоқ. Оның бүкіл денесі көгеріп кетті, іші оғаш ісіп кетті. “Олар оның сүйектерін сындырды”, – түрін көрсетпей, жан түршігіп ойлады Саткын. Анда оны итеріп кетті де өзі әрең аяғын басып тұра қалды.

– Мен сені бұл жерден алып шығамын. Тыңда…

– Қара, Саткын. Тілегенің сол ма? – қолдарын екі жаққа жазып жіберіп, оның сөзін бөлді. – Мә, тамашала. Сенің өз дегеніне жеткеніңе өте қуаныштымын.

– Жылдыз, уақытымыз жоқ. Хан бізді айдап салуға шешті, төбелесуге мәжбүрленуге…

– Жаңа ғана түсіндің бе? Бұның бәрі – оның ойыны.

– Ол менің саған кім болғанын білген жоқ.

– Білді ол, – оны тыңдамай, құтылып деді Жылдыз. – Ол бәрін білді!

Жылдыз ақылсыз тәрізді қарқылдап күліп те қолын бұлғап, тордың ішінде жүре берді.

– Білесің бе не, мен дайынмын! Қазір бастайық та. Қане, кел! Мен әлгіде қандай аңды өлтіріп құлаттым көрсең ғана!.. Сен маған не болады?

– Тыныш сөйлеші, анда, – оларды естіп алады деп қорқып, деді Саткын.

– “Анда”? Енді сен бұны есіне түсірдің, иә?

– Сосын сөйлесеік…

– Ешқандай да сосын емес. Сен мені саттың…

– Саған бола соғыс бастала жаздады! – шыдай алмай, айғайлады ол.

Таңғалысқа орай, оны ашу қысқан жоқ. Жылдыз сәл басын бүйірге иді де, қабырғаға сүйеніп, үндемей қалды. Саткын сабырлай сөйледі:

– Жылдыз, онда Толкун мен Азат күтіп тұр…

Анда оқыс оған қарады.

– Толқын?.. Ол қайда?!

– Қаланың сыртында күтіп тұр.

Оны аяқта ұстайтын есалаңдық кетті. Жылдыз бетін қолымен басты да шоқиды. Саткын енді оның баратынын иығын босап түсінді.

– Жүре аласың ба?

– Иә…

– Олай болса, ақырында тыңдашы…

Шығаберісінде ол күзетшілердің біріне кілтті бейберекет лақтырды. Ол оған баяу арқасын бұрылды…

Ол мен төрменің көліңкесінде тұратын анда екеуі күзетшілердің алқымдарына қанжарлардың жалаңаш жүздерін басты.

– Қозғалсаңдар – өлесіңдер. Бір дыбыс та шығармай, ілгері адымдаңдар.

Жигиттер зынданға тыңдағыш кіргенде, олар олардың қолын байлады да ауыздарын жапты. Далаға шығып, қорқынышпен айнала қарады. Кенет дабыл қаққанды естіп, Саткын мен оған сүйенген Жылдыз қақпасына асығып жөнелді.

Әпкесі ауыр, шайқалып жүрді. Үріккен Толқын Бүркіттің арқасынан түсті де оларға жүгіріп жақындады. Азат оның артынан ерді. Олар мен Саткын үшеуі әрең есі бар әйелді жылқыларға сүйретіп әкелді де Бүркітке қойды. Жұлдыз сөзсіз артта отырғым келеді деп білдірді. Ешкім түсінген жоқ, бірақ сіңліні жебелерден жабу үшін… Ол Толқынның тар арқасына шаршап жабысты.

 

Оқыс оларға өспелі толқындай оянған қаланың шуы естілді. Мазасызданып, Саткын жылқыларды жіберді.

Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»