Бесплатно

Қалқаман – Мамыр

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Кетпей ме шаһит болып оның жаны?
 
 
Сол сөзге аударылды жұрттың бəрі,
Не қылсын көп наданға жалғыз кəрі.
«Кеселі көпке болып жүрмегей» деп,
Бабаңның шын кейіген шықты зары.
 
 
Салған соң өңкей надан көптік күшке,
Қалыпты қайран бабам қиын іске.
«Бір Алла, өзіңе аян жүрегім» деп,
Байлапты өлтірмекке ертең түсте.
 
 
Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай,
Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай.
Мысалы көз алдында тұрған жоқ па,
Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай?
 
 
Аллаға Бабаң сонда сиыныпты,
Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты.
«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін,
Көкенай сонда атсын», – деп бұйырыпты.
 
 
Өлтірсе, оғы тисе, өзі айтқан жол,
Аман кетсе, түк те жоқ, бітімі – сол!
Мəмбетей шуылдапты разымыз деп,
Осыған тамам Арғын басыпты қол.
 
 
Көкенай «құлдық» деді бұл билікке,
Мəмбетей шығып тұрды бір биікке.
Мінгізді Қалқаманды алып келіп,
Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке.
 
 
Төгілді көзден жасы көрген жанның,
«Шолағын қарай гөр, – деп, – бұ жалғанның».
Жиылған көп қауымға қарап тұрып,
Қоштасқан сөзі мынау Қалқаманның:
 
 
– Ей, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,
Орнына бауыздадың айтқан малдың.
Өз бауырын оққа байлап өлтіртті деп,
Қалдыңдар обалына мына шалдың.
 
 
Назасы нақақ жастың қате кетпес,
Деймісің қалмақ сені тентіретпес.
Мамырдан қалған жанның керегі не,
Ісім ақ, қосылармын, еш нəрсе етпес.
 
 
Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім,
Тұз-дəмін Орта жүздің жеп жүрмесім.
Жалғыз-ақ Тобықтының дұспандары
Рахымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін.
 
 
Қош, Баба, бата бер!» – деп тұра келді,
«А, Құдай, сақтай көр…» деп бата берді.
Жөнелді күрең атпен сырылдатып,
Ажалға көпе-көрнеу байлап белді.
 
 
Көкенай садақ тартты дүрілдетіп,
Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп.
Əйтеуір, ұлы дене аман қалды,
Оң жақта қара санынан өтіп кетіп.
 
 
Атының жалын құшып жүріп кетті,
Басына бір төбенің барып жетті.
Бір жеңін көйлегінің жыртып алып,
Аузына жарасының таңу етті.
 
 
Ат қойды «а, Құдайлап» көп бозбала,
«Ажалдан қақты ғой, – деп, – хақ тағала».
«Той қылып, ат шаптырып ойнаймыз» деп,
Жабылды «үйге жүр, – деп, – бара сала».
 
 
Қалқаман айтты: «Тоқта, құрбыларым,
Жоққа есеп осы күнде менің барым.
Аямай елім оққа байлаған соң,
Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.
 
 
Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Өлерде аямады, қайда аяйды,
Сендерге енді мойын бұра алмаймын».
 
 
Соны айтып қамшы басты күрең атқа,
Қуса да жеткізбепті жамағатқа.
Ұлы жүз Еділбайда нағашысы,
Жөнелді соған қарай – Бұхар жаққа.
 
 
Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды,
Халқына Əнет бабаң хабар салды.
Жаз шыға «Қалқаманды іздейміз» деп,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»