Бесплатно

Қалқаман – Мамыр

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Еркекше киімімнен ұялам деп,
Уақыт өтті, сол болды қатты ағатым.
 
 
Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да, өліп тұрмын,
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
 
 
– Ей, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң,
Зорлық жоқ өзің сүйіп таңдамасаң.
«Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер» –
Молдалардан есіттім əлдеқашан.
 
 
Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа,
Құдайға хақ, ісім жөн шариғатқа.
Басы – бабаң, аяғы – шала молда,
Бəріне анық оқыған жамағатқа.
 
 
– Қалқаман, рас болса айтқан сөзің,
Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.
Сүйген жарым, сүйенген жаным – сенсің,
Не қылсаң да біле бер, мейлің өзің.
 
 
– Олай болса, кетейін қазір алып,
Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.
Азар болса мал алар, адам алмас,
Тобықтыны жиярмын бара салып.
 
 
– Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты əзір,
Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.
Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,
Сен сау болсаң, болар ем мен-ақ нəзір.
 
 
– Мамыр-ау, айтып тұрсың əлденені,
Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап жаман ырым айта берме,
Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.
 
 
Мамыр айтты: – Мен сенсіз тірі тұрман,
Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған.
Бір Құдайға сиынып ал да жөнел,
Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан.
 
 
Алдандырдым мен Сізді сөзбенен құр,
Тəуекел деп Аллаға тез, жылдам жүр.
Заман қандай болар деп дайындап ем,
Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.
 
* * *
 
Мінді де екі ғашық кетіп қалды,
Ауылға бір сағатта жетіп барды.
«Не де болса қылдым, – деп, – бір жұмысты»,
Бара сала Олжайға кісі салды.
 
 
Олжай барды бабаңа түн ішінде,
Қысылшаңдық бар еді жүрісінде.
Бабаң басын көтеріп Олжайға айтты:
«Неге келдің, асыққан жұмысың не?»
 
 
– Қалқаман қашып келді Мамырды алып,
Қапы болдық өзгеміз білмей қалып.
Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба,
Ақыл сұрай келіп ем сізге салып.
 
 
Бабаң мұны есітіп қайғы жеді:
– Бір жаман түс көріп ем бүгін, –  деді.
Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен,
Көкенайдың мінезі қатаң еді.
 
 
Көкенай – Мəмбетейдің бастаушысы,
Өзі батыр, мінезі қатты кісі.
Сол кісінің алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.
 
 
Бабаң айтты: – Кете алмас бір жас бала,
Тобықтыға хабар қыл бара сала.
Болар іс болған шығар, малды аяма,
Өзі оңдасын ақырын хақ тағала.
 
 
Тобықты, Қанжығалы, Бəсентиін,
Атығай, Қарауылмен бəрі жиын.
Бабаң хабар айтқан соң ел жиылды,
Сүйтсе де сөз аяғы болды қиын.
 
 
Мəмбетей жатып алды ырық бермей,
«Қалыңмал ал, біт» деген сөзге көнбей.
«Қалқаман мен Мамырды өлтірмесе,
Кетеміз, – деп, – бабаңды тіпті көрмей».
 
 
Бабаң айтты: «Өлтірер жұмыс емес,
Таспен атып өлтірмек бұл іс емес.
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»