Бесплатно

Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
 
 
Күрсініп алып, күңіреніп кетті тау маңы,
Бағытын бұзып, бұлттағы Ай теріс заулады.
Тигендей бүйі, кең жайлау кейіп, аунады,
Дариға-жүрек, дамылын таппай, лаулады.
 
 
Жайлауды тастап, жапырлап ауыл көшкендей,
Шатырлап барып, ошақта оттар өшкендей.
Азалы бір үн, аяулы біреу өлгендей,
Азамат мерт боп, ауылын жауы жеңгендей.
 
 
Азалы бір үн, арызын кімге шаққандай,
Мезгілсіз күз кеп, мерейді тұман жапқандай.
Мекенін тастап, мезгілсіз құстар қайтқандай,
Қоңыр қаз əн caп, қоштасып бара жатқандай.
 
 
Қыршындай солған, қызғалдақ гүлге бүр жарған,
Қурайлар сыңсып, жоқтау caп құла қырлардан.
Азалы бір үн, бірде мұң-қайғы, бірде арман,
Азалы үннің астында жатыр бұл жалған.
 
 
Дариға-жүрек, лапылдап барып басылды,
Күрең күн келіп, мойнына таудың асылды.
Бір белден сонда, бригадир келді ашулы,
– Тездет! –  деп, жұрттың дегбірін əбден қашырды.
 
 
Тірліктің күні, тірліктің сəнін сырғытты,
Тірліктің күні, тірліктің əнін қылғытты.
Жалына аттың, біреулер жасын ырғытты,
Біреулер жасын, бетінен төмен жылжытты…
 
 
– Қымызың бүгін тəтті екен, құйшы, тентегім,
Айызым қанып, ішейін бүгін иен тегін.
Жеңгемде көзім, күдіктің бұлтын серпемін,
Белгісіз маған, көңілім бір күйі шертеді.
 
 
Ернінде оның, қиығы менің көзімнің,
Елестеп кетті, қылығы бағлан-қозымның.
Қозыма сусын бергендей болып сезіндім,
Лас ойларды лақтырдым мүлде, безіндім.
 
 
Сырлы тостақтан, сызылта сорып болды да,
Сызыла беріп сырғанай тұрды орнынан.
Аяныш көзбен, абайлап қарап сорлыға,
Жігерім жасып, көңілім сонда болды нан.
 
 
– Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба,
Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан!
– Дем алсаң етті, несіне сонша желіктің,
– Тентегім менің… түсінесің бе… жерікпін…
Түсіне алмағам, жерікті қашан көріппін.
 
 
Оңаша, жалғыз отырмын жұмсақ мақпалда,
Қоямын қарап, жеңешем кеткен шатқалға.
Оңбаған ойлар, оралып жатыр қайтадан,
Сонау бір өткен, сонау бір сұрқай шақтарға.
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»