Бесплатно

Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
 
 
Дариға…
Тфу!!!
Жаман еді аты қандай!
Сорлы аға, сойқан апты қатын алмай.
…Аузымды аңдаусыз ашып қалсам,
Жүрегім снаряд боп атылардай.
 
 
Тфу, ит!
Қандай жаман əн салады,
Əн емес, осы екен ғой аңсағаны.
Мына бір бояуы жоқ бозала тау,
Өзіне сұлумын деп тамсанады.
Мына бір бұрқыраған бұзық-өзен,
Даурығып озіне-өзі жар салады.
Мына бір татымы жоқ тау самалы,
Ана бір албастыдай аршалары.
Мен сұлу, мен сұлу деп қарсы алады;
Мына бір қызыл гүлдер қызынақсып,
Ана бір жаужапырақ қол соғады;
Қай жерден көрінер деп қансонары,
Сонау бір кəрі қыран тау шолады;
Қыран емес, жауыз ол, қан сорады!
 
 
Жақпар-жақпар жартастар, Құдайсыңдар!
Себебі, сендер, міне, былайсыңдар:
Тəкаппар сұлулықты сақтайсыңдар.
Беттеріңнен жосқанда лай сулар;
Тəкаппар сұлулықты сақтау үшін,
Тəкаппар қорлықтарға шыдайсыңдар;
Күннен жылу, желден тіл сұрайсыңдар!
 
 
О, жартастар!
Жартастар, Құдайсыңдар!
Жабыла кеп жалғандық күндегенде,
Əр «сұлудың» басына құлайсыңдар;
Сұлулықты қайтадан сұрайсыңдар;
Сендер ғана – мəңгілік ескерткіштер,
Сендер ғана – мəңгілік Құдайсыңдар;
Сендерге мен шыңғырып шынымды айтам,
Шыңғырып сендер бірге жылайсыңдар.
 
 
Жалған! – дедім, жалған деп айтам əлі.
Жалған-н-н! – деді, жартастар қайталады.
Таулар! – деп ем, тауларым байқамады.
Жартастарым таулар деп қайталады.
Дариға-жүрек! (Тағы да қайталады).
Құндыз бөркі құздардың шайқалады.
 
3. Намыс пен муза
 
Самалдап барып, саялап тынған шалғайда,
Дариға-жүрек, аққуға қосқан əн қайда?
Сұлулық шіркін, шынымен мені алдай ма?
Дариға-жүрек, жəне бір əнге салмай ма?!
 
 
Қою түн мынау, қоқырсып жатыр қос басы.
Бозкүйез тау тұр, бозбала бұлтпен достасып.
Бір бел мен бір бел – қосыла алмайтын қос ғашық.
Гүлдерін ұстап, қолдарын бұлғап, қоштасып.
 
 
Естерін жиып, есіней-есіней, маужырап,
Адамдар түгел ұйқыға кетті қалжырап.
Бұлақтың басы, бұйығы өскен бал-құрақ,
Бағады сыбыс, естілер емес əн бірақ.
 
 
Жартастар жатыр, жалаңаш тастап кеудені,
Сайлар да, міне, сарыла-сарыла, шөлдеді.
Мазасыз бұлақ маңайға тыным бермеді,
Аңсатып бəрін, Дариға-жүрек келмеді.
 
 
Несіне келсін, əн салу оған мақтан ба,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»