Бесплатно

Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
He жетсін, шіркін, несібе құшып жатқанға.
Несі бар оның: жетім мен жесір, қарттарда,
He жетсін, шіркін, темекіні орап тартқанға.
 
 
Жат көздер, мейлі, жазғырып оған қарасын,
Түсінсін бе олар, өлі мен тірі арасын.
Жарайды сол да, жанының басты жарасын,
Жадырап енді, жалыны бойға тарасын.
 
 
Дариға-жүрек, несіне енді салсын əн,
Несіне алды оның, жүрекке ине шаншыған,
He тауып еді, көзінен тамған тамшыдан.
He тапты əннен, көңілін ылғи жаншыған?
 
 
Күтпеңдер, таулар,
Дариға əнге салмайды,
Жартастар күтпе,
Дариға даусы бармайды.
Күтпеңдер сайлар, күлкімен енді алдайды,
Халқының үнін сауыққа енді арнайды.
 
 
…Осы бір ойлар, түн сайын мені езеді,
Бойымда қаным – тулаған таудың өзені.
Жанымды менің, жеңгемнің даусы кезеді,
Жүрегім ұлып, қалғандай жетім сезеді.
 
 
Шөпшабыс еді.
Қосымыз тұрған шатқалда
Ұйқыдан қауым, жаңадан тұрып жатқанда,
Дариға-жүрек, ботадай келіп боздады,
Бозарып тұрып, бозарып атқан ақ таңда.
 
 
Тыңдаған жан жоқ, өзінше жұрттар дүрбелең,
Кімдері сөйлеп, кімдері ұрсып кімменен.
Қауымның мұндай қатыгездігін білмеп ем.
Айғай мен айбар, айналам тегіс гулеген.
 
 
– Таң атпай жатып, ойыңа түсті əлдене?
Сайқалданба енді, үніңді өшір, қар неме!
Сұмдықты бастап, таң атпай жатып зарлама,
Үніңді өшір!
Өтірік зарлап, алдама!
 
 
– Пəруəрдігер, албасты ма өзі, пері ме?!
Əруақты мына ит, оятар болды-ау көрінен.
Дариға-жүрек, мына жұрт сенен жеріген,
Көмгелі жатыр, əніңді бірге сенімен.
 
 
Күрсініп алып, күңіреніп кетті тау маңы,
Бағытын бұзып, бұлттағы Ай теріс заулады.
Тигендей бүйі, кең жайлау кейіп, аунады,
Дариға-жүрек, дамылын таппай, лаулады.
 
 
Жайлауды тастап, жапырлап ауыл көшкендей,
Шатырлап барып, ошақта оттар өшкендей.
Азалы бір үн, аяулы біреу өлгендей,
Азамат мерт боп, ауылын жауы жеңгендей.
 
 
Азалы бір үн, арызын кімге шаққандай,
Мезгілсіз күз кеп, мерейді тұман жапқандай.
Мекенін тастап, мезгілсіз құстар қайтқандай,
Қоңыр қаз əн caп, қоштасып бара жатқандай.
 
 
Қыршындай солған, қызғалдақ гүлге бүр жарған,
Қурайлар сыңсып, жоқтау caп құла қырлардан.
Азалы бір үн, бірде мұң-қайғы, бірде арман,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»