Бесплатно

Райымбек! Райымбек!

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Белін шешпей, қисая кетеді екен.
 
 
Ел арасы дау-шарға араласпай,
Лоқ беріп, ағайынмен жағаласпай,
Қайсар болып, қатты боп өсті жігіт,
Қатыгез құмға біткен қарағаштай.
 
 
Қанағат қып əкеден қалған малды,
Бəленнен ассам деп те қамданбады.
Бозбасы сауыққа да алданбады,
Бойында болсам деген қалды арманы.
 
 
Қалқалап, қадір тұтып естілерді,
Талайды түйді жігіт, өсті, көрді.
Қазақтарды жау шауып жатыр деген,
Үзік-үзік хабарды естіген-ді.
 
 
Ойлап тұрса, сол жауы іргесінде,
Ойлап тұрса, сол жаудың түрмесінде
«Айламен алдарқатып кеткен дұшпан,
Кім кепіл қайта шауып кірмесіне?!»
 
 
Қиын екен өмірдің сұраулары,
Ойланды балаң-жігіт, біле алмады.
«Белінен дұшпан аттап баратқанда,
Біздің ел неге қарсы тұра алмады?!
 
 
Қайда жүр баяғыңның батырлары?
Бас қойып, неге ұранын шақырмады?!
Жігер тайып жігіттің жетесінен,
Сарқылды ма қарттардың ақылдары?!
Heгe бірі садақ боп атылмады?!
 
 
Қойын сойып, қолдарын қусырды да,
Дұшпандарын жіберді ту сыртына.
Қақпа бола алмаған қайран елге,
Қауқары жоқ күндерің құрсын мына!
 
 
Əзірге аман тұрғанға малы-басын,
Сауық пенен сайранға салынасың.
Қазақ жылап жатыр ғой, қазақ жылап,
Неменеңе жетісіп, қағынасың?!
 
 
Қайта шапқан жауының танығасын,
Құдайыңа шынымен табынасың,
Атамекен, жұртыңды сағынасың.
Бұралқы боп, жат жерде зарығасың.
 
 
Құланыңды бауыздар желіге айдап.
Құраныңның өртенер соры қайнап,
Қайда барсаң Қорқыттың көрі болып,
Қонысыңнан ауарсың «Елімайлап».
 
 
Қайтсем екен?
«Аттан!» – деп ағайынға,
Құрбандыққа басымды шалайын ба?!
Қабай-жырау қайда екен, не дер екен?
Ақыл сұрап көрейін барайын да».
 
* * *
 
– Ар ма, ата!
Арнай келдім, батаңды бер?
Қасыма балаңды қос, қатар жүрер?
Жол сілте, ақылыңды айт, қысылғанда
Аятым болсын менің атап жүрер.
 
 
Сырымбет əулетінен таралғамын,
Хангелді қасиетінең нұр алғанмын.
Əкемдей малжанды боп, өріс күйттеп,
Жарамас жабағы үйде қамалғаным,
Жанымды тұншықтырған бар арманым.
 
 
– Айт, балам
Арманыңды айт, жасқанбағыш,
Көріп тұрмын, көзіңнен шашқан жалын.
He айтам саған, көл едім, көлшік болдым,
Көзі бітіп, суалған бастауларым.
Тыңдайын, арманыңды айт, жасқанбағын, –
 
 
– Кенедейден көзімді ашқан жауым,
Еске түсіп, бойымды басқанға мұң,
Деген ой «жастығымды ала жатсам», –
Жоқ-тұғын менің мүлде басқа арманым.
 
 
– Арманда, балам, арманда,
Арманға толы жалғанда,
Армансыз, сірə, жан бар ма?
Армансыз жүрген жандарға
Алданба, балам, алданба!
Арманда, балам, арманда,
Қапелімде, жауларда,
Ақырғы демің қалғанда,
Айырылып естен танғанда,
Ақырғы рет қарман да,
Арманда, балам, арманда!
 
 
Ақылымнан танғанда,
Азуымнан шалғанда,
Кəрі қойдың жасындай,
Аз ғұмырым қалғанда,
Нендей ақыл айтармын?!
Аға жауың қалмақ-ты,
Ел-жұртыңды зарлатты.
 
 
Ата-қазақ ұрпағын
Аяқ асты қорлапты,
Аспаныңды торлапты,
Жазираңды шаңдапты,
Жазықсыз елді қандапты.
 
 
Жалғыз қайда барарсың?
Жауыңды қалай табарсың?
Ауызданбаған арланым,
Абайсызда шабарсың,
Айлалы жаудың алдында
Тұзаққа түсіп қаларсың!
 
 
Соңыңнан жұртың ермесе,
Қолының ұшын бермесе,
Дегеніңе көнбесе,
Ауызданбаған арланым,
Жауыңа жалғыз бармағын,
Қиылып қалар арманың!
Халқыңа хабар арнағын,
Аужалын түйіп, аңдаған,
Кекке соққан қанжарым,
Кемтіліп жүзің қалмағын,
Жауыңа жалғыз бармағын!
 
 
Беліңнен бір-ақ аттаған,
Берекеңді таптаған,
Қулығын ішке сақтаған,
Құмырсқадай қаптаған,
Жауыңа жөнсіз ұрынбай,
Ұрымтал жерден шап, балам!
 
 
Жауыңның күшін аңдамай,
Бетпе-бет ұрыс салмағай!
Ол көп-тағы, сен азсың,
Опық жеп, балам, қалмағай,
Алды-артыңды барламай,
Орынсыз іске бармағай!
 
 
Тұтқиылдан лап беріп,
Томаға-тұйық шап келіп.
Жауыңның есі кіргенше,
Қара түнді қақ бөліп,
Ізіңді жасыр жалт беріп.
Алды-артыңды аңғармай,
Айқаспай тұрып қорғанбай,
Қолайлы жерде қамданбай,
Ашкөзденіп, мерт болма,
Қораға түскен арландай!
 
 
Шабарыңды білдірме,
Шаужайыңнан ілдірме!
Жекпе-жек күтіп, ділгірме!
Жер қайысқан жауыңды
Жеңемін деме бір күнде!
 
 
Көзсіздік іске татыр ма?
Айласыз батыр батыр ма?!
Отырып қалар тақырға.
Күндіз ұйықтап, түнде жорт.
Қарасын Күннің батыр да, –
Кегіңді қайра ақылға,
Жалғыз жортып, шатылма
Аттанып жар сал, ер ұлым,
Ел-жұртыңды шақыр да.
Дүние – қоңыз, енші бер,
Соныңнан ерген пақырға.
 
* * *
 
Бидің үйі,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»