Бесплатно

Аққулар ұйықтағанда

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
 
 
Қасқа таң.
Бұлбүл үні.
Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тəкаппар құс келбетіне.
 
 
Тығып ап тұмсықтарын мамығына,
Айдын – төсек, аспанды жамылуда.
Арша, шырша, жартастар жағадағы,
Сұғынып, бəрі көлге табынуда.
Аласұрып, қан ойнап тамырында,
Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда,
He қыларын біле алмай, жабығуда.
 
 
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр – аппақ нұрға қосылады.
Көл – көкке , көк – көлге кеп асылады,
Ұйқы аққулардың ашылады.
Сұлулыққа сұқтанып, қашып əлі.
Ана-жүрек солқ етіп, басылады.
 
 
Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды,
Абыржып ана-көңіл мың ойланды.
Ғазиздің көзінде емес, көңілінде,
Айдын көл астан-кестен лайланды.
Дəстүр, ырым, жайымен Құдай қалды,
Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.
Айдынның аққуының орынынан
Көргендей, көзі тұнып, құмайларды.
 
 
…Аққулар…
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
 
 
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
 
 
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
…Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
 
 
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
…Ал, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
 
 
«Сірə, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»
 
 
Ана отыр. Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, əлдекім табалауда.
…Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
 
 
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..
 
 
Ию-қию көл маңы, астан-кестен,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»