Бесплатно

Аққулар ұйықтағанда

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
 
 
Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде,
Шойрылтып, түссе-дағы қайғым белге,
Алаңсыз аққуымды атпасын деп,
Жатқа да дастарқанды жайдым төрге,
Аққулар ұйықтағанда айдын көлде…
 
 
…Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!
 
II
 
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Əке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау – тамыздың маужыраған,
Тауың анау – шымылдық салбыраған.
 
 
Биік барып жаралған жер бетінен,
Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен.
Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,
Сайдан соққан самалмен тербетілген.
Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.
 
 
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..»
Аракідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
 
 
«Мана, күндіз, тəуіп шал не деп кетті?!
Əлде өтірік, əлде шын демеп кетті…
– Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жайымен жөнеп кетті…»
 
 
– Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тəуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
…Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
 
 
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бəрі жалған үміт…
 
 
– Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
 
 
Адуынды жан екен алған жары:
– Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі’!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты əкел!
Атты ертте!
Жалған бəрі!
 
 
…Оятып дүниені дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай-сайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке əн салдырып,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»