Оқжетпес

Текст
0
Отзывы
Читать фрагмент
Отметить прочитанной
Как читать книгу после покупки
Оқжетпес
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

© Джан Амании, мәтін, 2019

© Айгүл Хәкiмжанова, иллюстрациялар, 2020

© «Aspandau» баспасы қазақ тіліндегі басылым, 2020

© ARTQRAFT, безендіру, 2020

Ана бүркіт Өткіркөз


Аспанда ана бүркіт қалықтап жүр. Күн сайын ауыл тұрғындары оған қарап, шақырайған күннен көздерін алақандарымен көлегейлеп, жоғарыға зер салатын. Қандай жағдай болса да ана бүркіттің қалқып ұшуы олардың ойларын тыныштандырады, ал адамдар қорғанышты сезінгендей өз істеріне оралады. Қанша жыл өтсе де ана бүркіт ауылдың үстінен күн сайын қалықтап жүретін.

Ақсақалдар ертеде осы ауылда даңқты әйел тұрғанын сөз етеді: оның мінезі момын, көздері мейірімге толы, шашы ұзын болған. Ол таңертең шаштарын өріп, ал түстен кейін оның жалғыз ұлы бұрымын әшекейлеген сыңғырлаған шаш- бауымен ойнайтын. Сәби анасының иығында ұйықтағанды жақсы көретін және оның ұйқыға берілгені соншалық балалардың айқайы да, иттердің үргені де баланы оята алмайтын. Әйел ұлын ерекше әлпештейтін. Алайда бір күні ол жоғалып кетті.

Баланы анасы ұзақ іздеді, ұлының тау көліне батып кеткенін білгенде, ол қайғыға шыдай алмады. Ана бүркіт те әйел қайтыс болғаннан кейін аспанға көтерілген еді, ал тұрғындар жұбаныш таппаған ананы дәл осы бүркітке айналды деп ойлады. Жылаған бала даусын естігенде ана бүркіт жақын жерде пайда болып, сәбилердің бетіндегі жас құрғағанша ұшып кетпейтін.

Қанша жыл өтсе де күн сайын адамдар көктегі ана бүркітті көріп, ол ауылды бәле-жаладан қорғайды, балалар жылап, аналар қайғырмас үшін туған жерінде бөгде жандардың құйтырқы ойларына жамандық жасауға жол бермейді деп сенді.


Досжан ата және оның оқиғасы


Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың көптеген бастан кешкен оқиғалары болатын. Досжан бүкіл өмірін туған ауылында өткізді және өткен-кеткеннің бәрін есінен шығармайтын. Бүркіт пен көл туралы аңызды ол ерекше махаббатпен айтатын: ол ана бүркіт Өткіркөздің қарапайым құс емес екеніне шын жүректен сенді…

Қария Көксу көлі туралы айтқанды да ұнататын. Биік тауда орналасқан көлді ауыл тұрғындары қастерлейтін. Ақсақалдар бұл жерде бұрын терең шатқал болғанын, бірақ жер сілкінісінен кейін ол көлге айналғанын айтатын. Түсі көк болғандықтан, ол аспанмен бірігіп, көлдің қайдан аяқталып, аспанның қайдан басталатынын әрдайым анықтау мүмкін болмады…

Тек жел соғып, судың беті шымырланып бұжырланған кезде ғана аспан мен толқыған тау көлін адамдар ажырата алатын еді. Мөлдір көк суы үшін тұрғындар көлді Көксу деп атады.

Кейде күннің ыстығы басылған кезде жастар Досжан ақсақалдың дастарқанында жиналып, балалар өз сүйікті ауылы туралы әңгімелерді тыңдауға жүгіріп келетін.

Досжан атаның қазақи тазы тұқымды өте ақылды иті болды, ол оны Алапар деп атайтын. Итсіз аңшылықтың өзі ақсақалға қуаныш сыйламай, ауланың іші де бос көрінетін. Досжан ата итін шақырып алып, жотасын жаймен сипап тұрып, өз әңгімесін бастайтын:

– Әр ауылда мешіт пен мектеп бола бермейді, бұл – шындық. Қымбаттыларым, біздің жолымыз болды. Ал егер ана бүркіт пен мына менің итім болмаса, тіптен басқаша өмір сүруші едік…



Ол кезде жас болдым, пысық, білімқұмар едім. Мен тау көліне барып, құстарды тыңдап әрі ауасымен тыныстағым келді. Итім Алапарды шақырып, атқа мініп, тау соқпағымен жоғары тарттым. Менің көзіме күн сәулесінің төгілгені соншалық, қалпағыммен тасалауға тура келетін. Қалпағымды көзіме түсіріп, оның астынан жолға қарадым, ал Алапар болса қасымда жүгіріп жүрді, мені қалдырмады… Кенет ол қатты қобалжып, қыңсылай бастады. Содан соң күн бұлттар арасында ғайып болды, мен өзімді жайсыз сезіндім, ал жылқым болса қатты кісінеп жіберді… Айнала лезде қараңғыланды…



«Жаңбыр жауайын деді ме», – деп ойлай бергенде жоғарыда бірдеңенің ұшып бара жатқанын естідім. Қанаттарын қатты соғып, жақындай түсті… Мен асығуым керек екенін түсіндім. Ауыздықты тарттым, атым шаба жөнелді. «Менің итім жақын жерде, оның жанында онша қорықпаймын», – деп ойладым.

Соқпақтан орманға қарай бұрдым, ал жүрегім кеудемде қатты соғып тұрды… Бірақ мен өтуге болатын тіпті тар жолды да байқамадым, ал айналадағы орман бейтаныс болып көрінді… Мен қысылып, иығымды көтеріп, басымды шайқадым да: «Жолды ұмытатындай әлі қартаймадым ғой», – деп ойлап, терең күрсіндім. Жан-жағыма қарап, алыстағы тау көлін көрдім. Мен көлге әдеттегі үйреншікті жағынан келмегенімді түсіндім… Аттан түсіп, орман арқылы Алапардың ізімен жүрдім.

Бесплатный фрагмент закончился. Хотите читать дальше?
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»