Бесплатно

Желтоқсан желі

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

Тимур Қалдыбаевич: (көздері жыпылықтап, біресе Қайсарға,біресе Ақмаралға қарап) Ал сен-д-ер… Сіздер кімсіздер с-сон-да?…

Ақмарал: Менің есімім –Ақмарал, ал ана жігіт – Қайсар…

Тимур Қалдыбаевич: (тілі күрметіліп) а- г-где-е Алик-к?… Г-г-де-е Маржанка?…

Ақмарал: Оларды біз мүлде танымаймыз. Айтып тұрмын ғой,– Сіз адасып жүрсіз.

Тимур Қалдыбаевич: (бірдеңені есіне түсіргісі келгендей көзін жұмып, басын шайқап-шайқап жіберіп) Адасып?!… Такого не может быть!… Я вам твердо заявляю – осы уақытқа дейін Тимур Қалдыбаевич ешқашан адасып көрген жоқ. Еш-қ-қ-аш- шан-н-н! Біз буквально… осыдан он бес – жиырма минут бұрын осында қонақта болғанбыз. Анау үстелде отырып, бә-ә-рі-міз-з ішті-ік-к, ән салдық… Білесіңдер ме, Маржанка шіркін әнді керемет салады… Кер-ре-мет-т… айтпақшы, жолдастар!… Арақ қайда, шарап қайда?… Я не вижу и шампанского!… Туһ, неменеге селтиіп тұрсыңдар?!… Менің жан жолдасым Али-к-к, Але-ш-а-а… Кандидаттық диссертациясын қорғап жатқанда… Бүгін –той! Бүгін – мейрам!… Маэстро, музыка қайда, музыкаІ… Әй, осы қазақтар-ай – қашан жетер екенсіңдер мәдениетке?… Кән-е-е, кән-е-е…

Ақмарал: Сіз не айтып кеттіңіз өзі? Қайдағы той?! Қайдағы мейрам?!.

Тимур Қалдыбаевич: (Ақмарал мен Қайсарға әбден шарасызданған қалыппен алма кезек қарап) Туһ, мыналарың өзі шіп-шикі ғой! Неше рет қайталау керек, а, неше рет?! Сендер кісіні жынды қыларсыңдар мына түрлеріңмен. Айтып тұрған жоқпын ба – менің жан досым бүгін кандидаттық диссертациясын қорғады деп… Понтмаете, мой единственный друг и соратник…

Эх, шіркін, Маржанканың дауысы-ай!… Керемет салады ғой әнді, керемет… Между прочим, менің де даусым ешкімдікінен сорлы емес. Бір кездері институттың сводный хорына қатысқам… Сводный хор – это не шутка!… Ал. Кәне… (Екі жеңін түрініп, дирижерлік ете бастайды.) Рад,два,три… Поехали!… (Әндете жөнеледі).

«Широка страна моя родная

Много в ней лесов, полей и рек,

Я такой другой страны не знаю,

Где так вольно дышит чел-ов-е-ек…»

Қайсар: (Тимур Қалдыбаевичтің жанына жетіп барып, оны ызалана жұлқып-жұлқып жіберіп) Тоқтатыңыз бассыздықты!… Көршілер милиция шақырып жүрсіндемесеңіз!… Сағаттың қанша болғанын білесіз бе өзіңіз?!…

Тимур Қалдыбаевич: (қолын ербеңдетіп) Әй, жібер!… Жібе-е-ер-р деймін!… Вишь, нашелся, мне новоявленный геройІ… Қорқытатын кісіні тапқан екенсің!.. Милиция дейді ғой маған – а может быть я сам в союзном КГБ работаю. Сен білесің бе өзің, менің кім екенімді?! Я доцент Алматинского зооветеринарного института, кандидат наук! (Сұқ саусағын безеп). Кандидат наук!…

Ақмарал: (Қайсардың жанына жетіп барып, жалма-жан оның құлағына сыбырлап) Ойбай, қой, милиция шақырамыз деп, өз басымызға өзіміз бәле тілеп алармыз! Мас адам ғой, бірдеңе қылып алдап-сулап шығарып салайық та. Қойшы енді… Өтінем, ашуыңды басшы…

Тимур Қалдыбаевич (тілі күрметіліп): Маржанка!.. То есть, қарындас.. Су бар ма, су… Ән салам деп, тамағым құрғап қалыпты. Маған мұз-з-да-ай су… Басқа ештеңенің керегі жоқ.

Ол тәлтіректей басып, асүйдегі үстел басындағы орындықтардың біріне отыра кетеді. Үстел үстінде әлі жиылып үлгермеген кешкі шайдың жабдықтары: көкөнім салаты, жеиіс тоспалары салынған шыны ыдыстар, нан себеті, туралған колбаса, кесе-шәйнек, тағы басқалар. Ақмарал дереу бір кесеге мұздай су құйып, беймезгіл қонаққа ұсынады.

Ақмарал: Мінекейіңіз…

Тимур Қалдыбаевич (кесе толы суды өндіршегі бүлкілдей бір-ақ сіміріп): Уһ!.. Жаным жаңа жай тапты, ғой! Рахмет, қарындас-с… Өзің бір тәуір бала екенсің. Ал ана жігіт… (Сұқ саусағымен Қайсарды нұсқап, басын шайқайды.) Что-то он мне не нравится. Милиция шақыртам дейді-әй!.. Ал шақырт!.. Байқа, бала, Тимур Қалдыбаевич сен ойлағандай анау-аынау шәләй-бәләй емес. Понимаешь, до-о-о-цент-т!.. Кандидат биологических наук!.. (Ақмаралға бұрылып). Қарындас, білесің бе сен, Алик менің жан досым ғой».. Иә, рас, оның шын аты – Әлібай. Ха-ха-ах… Әлі-і-ба-ай!.. Бұ қазақтар әлдеріне қарамай шеттерінен бай болғысы кетет еще. Әлібай-Әлібай! Какая дикость!.. Эх, Алик-Алик, где ты пропадаешь?.. Ничего не понимаю, ей Богу…

Есіктің қоңырауы дың ете түседі де, ізінше ішке Мария Петровна кіреді. Сол бұрынғысынша маңдайын ақ орамалмен таңып тастаған.

Мария Петровна: Ал осыдан кейін қазақтарды қонақжай емес деп көр – сағат болса, түнгі он бір жарым, ал бұлар әлі есіктерін де кілттемепті.

Ақмарал: Ұмытып кетіппіз. (Қайсарға бұрылып). Баған мен сен кілттеген екен десем…

Мария Петровна: Әне, бұлар өсітіп бір-біріне сеніп жүре береді осылай. Қаңғырған біреулер кіріп кетсе қайтесіңдер? Жарайт. Ал қожайындар қайда кеткен?

Ақмарал: Ол кісілер мана баласының… Болаттың үйіне кіріп шыққалы кеткен. Қазір келеді.

Мария Петровна: Жайшылық па әйтеуір?!

Ақмарал (абдыраңқырап): Жай… Өздерінің бір шаруаларымен…

Асүйден теңселе басып, Тимур Қалдыбаевич шығады.

Тимур Қалдыбаевич (Мария Петровнаға): О-о, Маржанка-а!..

Мария Петровна (иығын қиқаң еткізіп): Қайдағы Маржанка!..

Ақмарал: Бұ кісі әйелдердің бәрін Маржан деп ойлайтын болу керек. Өзінің әдеті.

Мария Петровна (күліп): Иә, еркектердің кейде бізді өсітіп бір-бірімізбен шытыстырып алатын кездері болады.

Тимур Қалдыбаевич: Маржан-ка-а!.. Сен манадан бері қайда кеттің-әй?.. (Мария Птеровнаның топ-толық білегінен ұстап, асүйге қарай икемдейді). Пардон мадам! Прошу!..

Мария Петровна (Ақмаралға күлімсірей бұрылып): Байқаймын, жаңа қонақ көңілсіз адаи емес сияқты. Әрине, енді швқырған соң, бару керек.

Тимур Қалдыбаевич (Мария Петровнаның топ-толық білегінен ұстаған күйі орындыққа отырып жатып): Маржанка, Маржанка дейім. Сен манадан бері…

Мария Петровна: Қайдағы Маржан?! Мен сізді қалжыңдап тұрған шығар десем, мен Мария Петровнамын!..

Тимур Қалдыбаевич (көзін бақшитып, Мария Петровнаға мұқият зер салып): Әй, шыныда, Маржан емес-әй… Кешіріңіз, қалай-қалай…

Мария Петровна: Ма-а-ри-ия Пе-етров-на!..

Тимур Қалдыбаевич: Мария Петровна… Мария… Кешіріңіз, шыныда да, бүгін біраз… былай…

Мария Петровна: Оқасы жоқ. Кімнің басында болмайтын жай. Кейде қыдыру да, көңілдену де керек.

Тимур Қалдыбаевич (риза болғаннан орнынан атып тұрып): О-о-о!.. Міне, түсінетін кісі!.. «Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сондықтан да оны кейін өкінбестей етіп өткізу керек». Маржанка… То есть, кешіріңіз-з, Мария Петровна, осылай деп кім айтқан, а, айтыңызшы?!

Мария Петровна: Меніңше, Николай Островский болу керек.

Тимур Қалдыбаевич: О-о-о! Айтып отырмын ғой – түсінетін кісі деп. Менің манадан бері іздеп жүргенім осындай кісілер ғой. Да, ну, к черту этого Алика!.. Кешіріңіз, Мария, бұл сізге емес… Айтпақшы, басыңызды не ғып таңып алғансыз, жараланып қалғансыз ба?..

Мария Петровна: Жо-жрқ. Түстен кейіннен бері, басым солқылдап сынып барады. Осы үйден енді жатқан-тұрған анальгин табылмас па екен деп, сұрай келіп едім. (Ақмаралға мойнын созып). Қызым, тілеуіңді берсін, анальгин бар ма екен жатқан-тұрған, қарай қойшы, а… Табылса, кетейін. Мен сол үшін ғана келгем.

Ақмарал: Қазір-р…

Тимур Қалдыбаевич (Мария Петровнаға): Түһ, Сіз де қызық екенсіз. При чем тут анальгин?! Бас аурудың бірден-бір дәрісі – мынау ғой!..

Ол костюмнің қойын қалтасынан аузы бұрандалы, төртбұрышты шетелдік ықшам шишаны суырып алады да, оның ішіндегі арақты лықылдатып алдында тұрған екі кесеге құяды.

Мінекейіңіз!.. Таңданбай-ақ қойыңыз. (Шишаны көрсетіп) Это мой – ДП. Дополнительный паек дегенім ғой. (Екі алақанын бір-біріне шабыттана ысқылап). Ал, қане!..

Мария Петровна (басын шайқап): Мені одан сайын ауырсын дегеніңіз бе…

Тимур Қалдыбаевич: Қымбаттым!.. Мария Петровна. Мен ғылым кандидатымын. Білмесем айтып нем бар, дүние жүзіндегі дәрінің атасы – осы! Нанбасаңыз, медиктерден сұрап көріңізші, не дер екен. Дәрі атаулының бәрі осыдан, спирттен жасалады.

Мария Петровна (манағыдай емес, босаңсып): Қойыңызшы…

Тимур Қалдыбаевич (өзеуреп): Қоятын түгі жоқ. Кәне, таныстық үшін…

Арақ құйылған кесенің біреуін қағып салады.

Мария Петровна: Менің осыған онша зауқым соқпай тұрғаны. Жарайт, сіздің көңіліңіз үшін…

Мария Птеровна мұрнын тыржитыңқырап, екінші кесені төңкереді. Тимур Қалдыбаевич бәйек болып, оған салаттан шанышқымен бір түйреп, басытқы ұсынады.

У-х!.. (Шанышқыны алып жатып). Рахмет!..

Тимур Қалдыбаевич: Ничего-ничего!.. Қазір бес минуттан кейін көзіңіз шырадай жанып шыға келмесе, маған келіңіз.

Мария Петровна: Айтпақшы, Сіз өзіңізді таныстырмадыңыз да ғой.

Тимур Қалдыбаевич (маңаздана қалып): Тимур Қа-л-ды-баевич-ч… Доцент Алматинского зооветеринарного института!.. Так что, сіз мені көшедегі шәлей-бәлейлердің бірі екен деп қалмаңыз.

Мария Петровна: Қойыңызшы!.. Мен сіздің зиялы адам екеніңізді бір көргенде-ақ байқағам.

Тимур Қалдыбаевич орнынан теңселе түрегеледі де, бір қолымен Мария Петровнаның ту жауырынынан құшкқтап, оның бетінен жабыса екі-үш рет қайтара сүйеді.

Тимур Қалдыбаевич: Осындай       адамдардан айналып кетпейсің бе, ішіндегіні айтқызбай ұғатын. (Алдындағы салатан шанышқымен көсіп-көсіп, бір-екі қарбыта асайды. Сонан- соң салат салынған тарелканы Мария Петровнаның алдына қарай ысырып, екі ұрты қомпаңдап) Ал… Алың-ы-ыз-з, қымбатты Мария… Ауыз тиіңізші енді тым болмаса… Жалпы, мен өзіңіз секілді блондинкаларды ұнатам. Мнің әйелім – полячка. Ол да блондинка. Айта кетуім керек, мен өзім… жалпы… жаратылысымнан интер-нац-иноалист-т жанмын. Жаратылысым сондай!.. Ұлтшылдар мен… әлгі кім еді… Иә-иә… империалистерді иттің етінен жек көрем-м!.Я коммуни-и-ст-т со стажем!.. Партияға жиырма бір жасымда өткем. (Сұқ сайсағын шошайтып) Жиырма бір-і-ір жаста!.. Так что, біздермен, коммунистермен ойнауға болмайды!.. Қажет болса. Біз әлгі жолымызға кесе-көлденең тұрып көрсін! Табамыз біз оларды құртым жіберудің айласын!.. (Костюмнің ішкі қалтасынан бір қызыл книжканы суырып алып) Нанбасаңыз, міне партбилет!.. Партбилетпен ойнап көрсін олар!.. Әлгі ұлтшылдар мен… кім еді… империалистерді, экстремистерді айтам. (Партбилетті қайтадан орнына салып жатып) Мен мұны жанымнан өлсем де тастамаймын. Түмінесіз бе, өлсем де… Бәрібір партбилет аман қалуы керек!.. Ал, кәне, Мария, алып жіберелік… Денсаулық үшін…

 

Мария Петровна: Жиілеп кеткен жоқ па…

Тимур Қалдыбаевич: Ничего-ничего!..

Мария Петровна (қылымсып): Жарайды, болмадыңыз ғой… Кесені босатады.

Тимур Қалдыбаевич: Міне-міне!.. Мен мұндайды түсінем. Мария Петровна, мен бүгін банкеттен шыққам. Менің досым Алик кандидаттық диссертация қорғады. Эх, Алик, Ал-и-и-к-к-к!..

Асүйдегі бұлардың жанына Ақмарал келеді.

Ақмарал (Мария Петровнаға): Таптым. Мінекейіңіз…

Мария Петровна: Анальгин бе? Түу, жақсы болды ғой. Рахмет.

Тимур Қалдыбаевич (Мария Петровнаның дәріні алуына қарсылық білдіріп): Мария, керегі жоқ дейім… Айттым ғой, түкке қажеті жоқ деп (саусағымен шишаның ішін көрсетіп) Сіз маған сеніңізші: дәрінің атасы – мынау!.. Остальное все чепуха!.. Ей Богу, ничего не могу понять – при чем тут анальгин?! Ерунда какая-то…

Мария Петровна (дәріні халатының қалтасына салып жатып): Дегенмен бір керегі болар.

Тимур Қалдыбаевич (жуасыған үнмен): Мейлі, өзіңіз біліңіз. Менікі жай. Өзіңіз…

Шишаны қолына алып, екі кесеге арақтан қайта құя бастайды.

Ал, кәне, Мария Петровна… Алып жіберейік.

Мария Петровна (иегімен қонақ бөлме жақты нұсқап): Айтпақшы, біз мына ортақ дәмге жастарды шақырмадық қой.

Тимур Қалдыбаевич (қолын көңілсіздеу бір сілтеп): Әй, қойш-ш, соларды! Өздері шіп-шикі бірдеңелер… Эх, Мария Петровна, Мария!.. Алтын адамсың ғой сен, алтын-н… Ал, кәне, кеттік!..

Екеуі тағы да алып жібереді.

Тимур Қалдыбаевич (Қолын Мария Петровнаның иығына салып, өзінің орындығын оған қарай жақындата түсіп): Мария, ән салып жіберейікші, а… Білесің бе, мен студент кезімде институттың сводный хорына қатысқам…

Мария Петровна: Онда тыңдап көрелік үніңізді.

Тимур Қалдыбаевич: Жоқ, сіздің де қосылуыңыз керек. Мен вокалист емеспін. Мен тек хормен ғана айтам.

Мария Петровна (күліп): Жарайт-жарайт, ондай болса…

Тимур Қалдыбаевич: Кәне, онда… Кеттік!..

Екеуі әндете жөнеледі.

«Широка страна моя родная,

Много в ней лесов, полей и рек.

Я другой такой страны не знаю

Где так вольно дышит человек…»

Мария Петровна: Шынында да даусыңыз ғажап. Сондай бір… Қалай айтсам екен… Иә-иә, сондай бір жанға жайлы, астарлы сырға толы дауыс…

Тимур Қалдыбаевич: Міне-міне!.. Осындай түсінігі мол адамдардан айналмайсың ба!..

Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»