Бесплатно

Желтоқсан желі

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

Қайсар: Бірақ енді біздің – жастардың – құл болғымыз келмейді. Егер сол үшін де қазақтың құлқын мен мансап үшін мәдениетті құл болуға арланбайтын интеллигенциясы мен басшылары бізді ұлтшыл экстремист, сепаратист десе – дей берсін. Мейлі онда салиқалы, сарабдал интернационалистер, халықтар достығының нағыз жанашырлары солар-ақ болсын!..

Баймырза: (жылап тұрған Ақмаралды бір қолымен құшақтап) Е, айалайындар-ай!.. Шыбын жандарыңды шүберекке түйіп шыққан екенсіңдер, қайтейін. Мен де сендердей жас болғам, менде де сендердегідей асқақтаған асау, шыншыл жүрек бар еді бір кезде. Бәрін таптады ғой. Ар да, иман да тапталды. Ана тіліміз бен қасиетті дініміз аяқтың астында жаншылып жатты. Басшыларымыз бен белсенділеріміз «осыларыңыз дұрыс, осылай істесеңдер, нағыз интернационалист боласыңдар» деді. Не көрмеген халықпыз – көндік. Сәл бірдеңе дейін десек, жоғарыдағылар «Бұларың – бассыздық, бұларың – ұлттар арасына жік салу, бұларың – ұлтшылдық» деп, прокуроры мен милициясын, заң орындарын сайлап шыға келеді. Сонан соң, қайтесің, әбден зәрезап болып қалған момын қазақ – көнесің. Дегенмен, бүгінгі істеп отырғандары сұмдық екен…

Ақмарал: Ағатай, жаңағы қайсардың айтып отырғаны – бер жағы ғана. Бірін-бірі жақтап тұр деп ойлап қалмаңыз. Нансаңыз, осыдан екі-үш сағат бұрын біз бір-бірімізді мүлде танымайтынбыз.

Баймырза: (сәл-пәл таңданып) Солай ма?..

Ақмарал: Иә, аға. Мен алаңға осындағы политехникалық институтта оқитын інімді іздеп келгенмін. Жұбайым сапарда болатын. Інімді таба алмадым. Бірақ алаңға барғаныма өкінгенім жоқ. Сенесің бе, аға, менің көзім бір-ақ күнде ашылды, нансаңыз, бұрын соқыр екенмін. Сонымен ымырт түсіп, қараңғылық қоюлана бере жазалаушы отрядтар мен милиция бәрімізді алаңнан қуды.

Құр қол не істейміз, жаппай дүркіреп қаша жөнелдік. Коммунистік проспектісінің бойымен мен де жүгіріп келе жатқам – алдымнан бойшаң екі солдат шыға келді. Дереу тура менде әкелерінің ақысы кеткендей жолымды кес-кестей берді. Біреуіе айналып өте бергенімше болған жоқ, екіншісі тура шашымнан уыстап ұстап алып, жерге алып ұрды, – мен шыңғырып барып, жолдың жиегіндегі тастың үстіне ұшып түстім. Бір сәтке есімнен танып қалыппын. Жаңағы солдат бір қарасам, осы Қайсармен алысып жатыр екен. Қысқасы, Қайсар ер екен, ананы да , екі жағындағыны да екі жаққа жалпасынан түсіріп, мені сүйрелей қашты. Екеуміз сөйтіп қашып жүріп, сіздің үйден бір-ақ шықтық. Әйтпесе, бұрын бір-бірімізді мүлде танымаймыз.

Баймырза: Е-е, шынында да, Қайсаржан нағыз ер екен ғой! (Күлімсіреп). Бәсе, ана тұнжыраған қабағы біраз нәрсені айтып тұрғандай еді – тура жас көкжалдың қабағы емес пе, Маралжан, ә?

Ақмарал: Аға, тура дәл таптыңыз!.. Қалай дәл таптыңыз, аға, айтыңызшы!..

Қайсар: (ыңғайсызданып) Ақмарал, сен қойшы енді әсірелей бермей.

Ақмарал: Аға, мен ешқандай әсірелеп тұрғаным жоқ. Құдай бар ғой, енді…

Баймырза: Е-е, Маралжан. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» депті ғой ілгерідегі аталарың, сол айтқандай, мен қалай танымаймын, мына жаман ағаң да талай зобалаңды бастан өткерген емес пе.

Ақмарал: Аға. Шындығын айтсам, Сіз де нағыз ерсіз, батырсыз. Қазақтың сіздердей азаматтарына кездестіргені үшін де бүгінгі кешке мың рахмет. Әйтпесе қай қазақтың ғалымы Кенесары бабамыздың аруағы үшін басын бәйгеге тігіпті.

Баймырза: (ыңғайсызданып) Е, қарағым-ай, ол бір өткен нәрсе ғой. Мен ешқашан батыр болғаным жоқ, бар болғаны шындыққа, ғылымға адал болуға тырысып көрдім, бірақ одан ештеңе шықпады ғой. Сонан соң бәрін де – ғылымды да, шындықты да – жиып қойдық. Бұл күндері мына жаман ағаларың – от басының тыныштығын күзеткен бір жар басындағы жапалақ.

Ақмарал: Аға, әншейін скромничать етіп отырсыз ғой. Жарайт, мен тым шешенсіп кеттім-ау деймін осы. Кешіріңіз.

Ақмаралдың сөзін телефон қоңырауы бөліп жіберді. Трубканы Баймырза алады.

Баймырза: Әле!… Иә, жайшылық па? Үйге әкелсеңдер енді бірдеңе қылып, алдап-сулап көндірмейсіңдер ме? Суыр? Қайдағы суыр?! Тағы да шығам дейді? Әй, о немең әлгі жынды суды ұрттап алғаннан аман ба өзі? Е, жарайт, ендеше. Мен қазір жетем…

Баймырза трубканы орнына қойып, сыртқы киімдерін киіне бастайды.

Баймырза: (коридордан, киініп жатып) Е-е, айналайындар, сендерді шамалы уақытқа үйге жалғыз қалдырып кетуге тура келіп тұр. Әлгі жаманды әжесі мен шешесі бірдеңе қылып үйге ертіп әкелген екен, енді сол тағы: «демонстрацияға барып көмектесем, туыстарымыз қанға боялып жатқанда, сендер суыр тышқандарша індеріңнің түбіне тығыласыңдар» деп, қиғылықты салып жатыр дейді. (мырс-мырс күледі) Жаман, суырда қайдан біледі-ай ол неме?… Ал, әзірше… Мен де көп кешіге қоймаспын. Кетеді.

Шымылдық.

Екінші бөлім

Баймырзаның пәтері. Қонақ бөлме, Ақмарал диванның үстінде шоқиып, бүрісіп отыр. Кірер ауыздағы жұмсақ креслоға жантайған Қайсар көзін жұмып, ойланып кеткен.

Ақмарал: Қайсар, шыныңды айтшы, қазір не туралы ойланып отырсың.

Қайсар (көңілсіз): Жәй, әншейін…

Ақмарал: Кешір. Мен негізі кейде қайдағыны айтып, мылжыңдай берем. Шынында, осындай күні ұйқы келуші ме еді?.. Қайсар, сенің жасың нешеде?

Қайсар: Жиырма бірге шықтық қой…

Ақмарал: Ал мен жиырма төрттемін. Сенен бақандай үш жас үлкенмін, так что әпкең екенмін ғой. Айтпақшы, келіншегің бар ма?

Қайсар: Әскерден келгеніме бір жарым ғана жыл. Бар болғаны екінші курстамын – қайдағы келіншек.

Ақмарал: Онда жүретін қызың бар шығар…

Қайсар: Ол да жоқ. Қызға қарауға уақыт болмай жатыр.

Ақмарал (күрсініп): Иә, қыз қайда қашар дейсің. Әуелі дұрыстап мамандық алып алу керек. Біз оқып жүріп үйленгенбіз – көрмеген бейнетіміз жоқ. Үйленгендерді жатақханадан шығарып жіберетінін білесің ғой. Содан бері, міне, төрт жыл – жүрміз көрінгеннің босағасында телміріп.

Қайсар (сәл-пәл жымиып): Онда неменесіне асықтыңыздар?..

Ақмарал: Соны өзім де түсінбеймін. Күйеуім теміржолда машинист, былайша жуас жігіт… Бірақ күнде кешкілік – біз тұратын жатақхананың алдында бір жуан емен ағашы бар – соның қасында қылқияды да тұрады. Жазың ба, қақаған қасың ба – оған бәрібір. Бір рет сәндігі қысып, жалаңбас келген екен – құлағының ұшын үсітіп алыпты. Бейшараны біртүрлі аяп кетім…

Қайсар (күліп): А-а, тұрмысқы шығуыңа үсіген құлақ себеп болған екен ғой.

Ақмарал: Жоқ енді, былай… Құлақтан басқа да себептер болды ғой.

Қайсар: Түсінікті-түсінікті…

Ақмарал: Айттым ғой мен, жалпы, мылжыңдаумын деп. Сен мені кешір… Қарап отырғанша, ағайлар келем дегенше әңгімелесе тұрайық дегенім ғой. Айтпақшы, менің СХИ-да екінші курста оқитын туған сіңілім бар, сен соны алар ма едің? Шын айтам, маған сен секілді батыл, ер жігіттер ұнайды. Бағана сен болмасаң мен сөзсіз құритын едім. Білесің бе, мен екіқабатпын ғой. Жә, басқасын қойшы, шын айтам, егер алатын болсаң, мен ол қызды көндірер едім. Туған сіңілім ғой…

Қайсар: Сіңіліңіз әдемі ме?

Ақмарал: Әне, сендер жігіттер, сондайсыңдар – қит етсе, әдеміні іздейсіңдер.

Қайсар: Жалғыз біз емес, қыздар да сондай ғой.

Ақмарал: Оның рас. Дегенмен… Ал, кәне, тек Құдай үшін шыныңды айтшы, мен қандаймын: әдемімін бе, әлде былай…

Қайсар (күліп): Бұл сауалды жұбайыңызға қойып көрдіңіз бе?

Ақмарал: Қоймағанда. Талай сұралған нәрсе ғой.

Қайсар: Ол кісі не дейді?

Ақмарал: Оның сөзіне мен онша сене бермеймін. Жаңа айттым ғой, ол тым жуас, кісінің ыңғайна жығыла салады.

Қайсар: Сонда да…

Ақмарал (күмілжіңкіреп): Оның айтуы бойынша, мен аққұба, талдырмаш, ботакөз, нағыз хас сұлудың өзімін.

Қайсар: Меніңше ол шындықтан тым алыс кетпепті. Жалпы, о жігіттің сіз қанша жамандағанмен, вкусы жаман болмау керек. Емен ағашты бекер күзетпепті.

Ақмарал (қуанып кетіп): Ендеше сіңілім менің аузымнан түсіп қалғандай! Тура мені көр де – оны көр!..

Қайсар: Онда бітті. Мен келістім. Енді сенің сол сіңіліңді көндіруің ғана қалды.

Ақмарал: (орнынан атып тұрып, Қайсардың жанына жетіп келіп) Әкел онда-бесті!.. Сен тек мені ойнап тұр екен деп қалма – мен шынымды айтып тұрмын!..

Қайсар: (Ақмаралдың қолын алып жатып) Мен де.

Дәл осы мезетте сыртқы есік елеусіздеу ашылады да, ішке үстінде – қыстық пальто, басында – құндыз малақай, ақ түбіттен тоқылған ұзын сәнді шарфты жер сыпырып, омырауы алқам-салқам ашылған, «нағыз бабына келген» Тимур Қалдыбаевич тәлтіректей басып, кіріп келеді. Ақмарал беймезгіл, бейтаныс қонаққа аңтарыла қалған күйі қалшияды да қалады. Мән-жайды білмекке алакөлеңке коридорға шыққан Қайсарды беймезгіл «көңілді» қонақ бас салып, құшақтай алады.

Тимур Қалдыбаевич: Али-и-к-к!.. Бауырым!… ты слушай, мен енді болмағанда адасып кете жаздаппын ғой-әй!… Ей, Богу… Әзер таптым. Тым сілтеңкіреп жіберіппіз, ә?… Ничего… мен шын жүректен қуаныштымын!… Кәне, тағы да құттықтап қояйын кандидаттығыңмен!… Поз-др-р-ав-ляюю!… Енді көп ұзамай доктор бол!… Ана бәлемдердің онан сайын іші күйсін… ха-ха-ха!… Кәне, сол үшін тағы бір алып жібереміз бе?… Ты, слушай, сен не ғып үндемей қалдың, а?

Қайсар: (мойнынан тас қып құшақтап алған бейтаныс қонақтың құшағынан әзер босанып) Кешіріңіз, міз мені біреумен шатастырып тұрған болуыңыз керек. Мен Алик емеспін.

Тимур Қалдыбаевич: (Қайсардың уәжіне мүлде мән бермеген күйі аяғын тәлтіректей басып, құндыз малақайын, пальтосын шеше бастайды) Ха-ха-ха! Ық-ық-ық-қ! Ой, ішегім-ай!.. Алик, Алик!.. Алик дейім, баяғы Қапшағайдағы история есіңде ме?! Сол жолы да сендер мені алдай алмағансыңдар!.. Алик, бау-у- ыр-рым-м… сен немене, соныңытып қалғансың ба?! Ей богу, мен сені дәл осындай ұмытшақ деп ойламаппын. (Қолын ызылана сермеп). Әй, бәрін қойшы солардың!… Шетінен – қырт!… Біле білсең, бүткіл кафедрада сенің кандидат болғаныңа шын жүректен қуанған мына мен ғана!.. Мен!.. Мен!.. Ал қалғандарының сенің сыртыңнан не айтатынын білсең ғой?! Эх, Алик- Ал-и-к-к!.. Сен баяғыда осындай наивный едің – әлі сол… Ей Богу… Саған қашан ақыл кіреді – түсінбейім, түсінбейім-м… Ну ладно… Но ты помоги мне раздеться, пожалуйста, Или ты не рад моему возвращению?

 

Қайсар: Апырау, мен Сізге түсінікті-ақ қылып айтып тұрмын ғой – ешқандай да Алик емеспін мен!… Сенсеңіз, осындай есімді біреудің бұ дүниеде бар екенін өмірімде тұңғыш рет естіп тұрмын.

Тимур Қаладыбаевич: (теңселіп, бір қолымен қабырғаның жарын тіреп, бір қолымен пальтосын кіре берістегі киім ілгішке іліп жатып, Қайсардың сөзіне бұрынғыша мүлде мән бермеген күйі) Эх, Алик!… Алик!… Един-н-ственный друг-г моо-о-о-й! Сендер мені ешқашан да алдай алмайсыңдар!… Понятно тебе!… Ты сегодня выглядишь каким-то старомодным!… Правда, сенің о бастағы әкең азан шақырып қойған атың да сондай старомодный бір пәле еді. Қалай еді өзі?… (Әлденені есіне түсіре алмағандай сәл ойланып тұрып қалады. Пауза) А-а-а!… (Ақыры есіне түсіріп) Ха-ха-ха! Ық-ық-қ-ық!… Әлібай, ӘлібайІ… Ну и имя!… Әкең марқұм сені бай болсын деп армандаған болса керек. Бірақ сен, өзің айтпақшы, өмір бойы жарымай келесің. Ничего-ничего!… Енді байисың – айлығыңа қосымша кандидаттығың үшін төленетін жүз сом қалтамда дей бер енді. Соны жуу үшін сен бүгін бәрімізді үйіңе шақырдың. Біз келдік. Правда, қалғандары сенің тапқан-таянғаныңды ішіп-жеп, тайып тұрды. Как будто сол үшін келгендей. Ал мен сенің ең жақын досың емеспін бе, өйтуге арым жібермеді. Ей Богу… Міне, сондықтан да қайтып келіп тұрмын. Или ты действительно не рад моему возвращению, тогда скажи прямо! В лоб!… Эх ты!… Еще друг называется…

Қайсар: (даусына аздап ызалы діріл араласып) Сіз шынымды айтсам, менің жыныма тие бастадыңыз.

Тимур Қалдыбаевич: (кенет, аналай жерде состиып тұрған Ақмаралға көзі түсіп кетіп) О, Маржанка!… О, алтыным менің! (Тәлтіректеп, қонақ бөлмеге қарай жылжиды.) Сен мына байыңа… то есть, жұбайыңа айтсаңшы былай… түсіндіріп… Немене өзі мас болып қалған ба? Бұндай жоқ секілді еді. Эх, Маржанка, бұл өмірде менің жанымды түсінетін бір-ақ адам бар; ол сенсің ғой, жаным!… (Ақмаралдың иығынан құшақтайды). Тек сен… сен ғанасың…

Ақмарал: (Тимур Қалдыбаевичтің қолын иығынан сыпайлап ысырып жатып). Ағай…

Тимур Қалдыбаевич: Өй, аға деген даусыңнан айналдым әшейін!… Айттым ғой – бұл өмірде менің жанымды түсінетін адам жалғыз сен ғана деп. Мұрныңнан сенің… Ің-ң-ің!…

Ақмарал: Ағай, сіз мені дұрыстап тыңдап алыңыз: бұл – Аликтің үйі емес, мен Маржан емеспін. Бұл үйде ешқандай кандидаттық диссертацияның құрметіне қонақ шақырылған жоқ. Сіз адасып жүрсіз. Түсінесіз бе?!

Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»