Бесплатно

Күй

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз.
 
 
Сондықтан осы күйден, ұлы күштен,
Көңіл шат, көкейге үні қона түскен.
«Жалғыз үн, жарық қобыз, Молықбай шал,
Тартар ма керек күйді – көкей тескен?»
 
 
Жоқ, тартпас, қобыз үні кері кеткен
Берінің ыңыранғаны – белі кеткен.
Болмаса ажал күтіп анау шалдың,
Жұртта қап еңіреуі – елі кеткен.
 
 
Арылып жастың албыт тентегінен,
Құтылып соқыр сордың жетегінен.
Қуарған, қуанбаған сорлы шалдың
Енді қош айтысқан жер ертегімен.
 
 
Сонымен сол сапардан қайтқам елге,
Өкініп өміріме кеткен желге.
Жаңартқан жан жүректі əсем күйдің
Əніне əсерленіп басқам мен де.
 
 
Сонымен сол барғаннан кейін қайтқам,
Мен дағы жаңа тапқан күйді тартқам.
Бағыстап жарлы жұртқа жүрек жырын,
Байқамай, жыр айтам деп, сырымды айтқам.
 
 
Мен емес, мендей талай бармыз бірге,
Сол күйді айналдырдық оркестрге.
Даланы дүркіретті күй оятты,
Басылды қобыз үні… шал да көрде.
 
 
Күй күшті, тауды-тасты бұза-тұғын,
Орнына өз өрнегін сыза-тұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қыза-тұғын.
 
 
Күй күшті, істі, еңбекті сүйдіретін,
Тамырын тас емшектің идіретін.
Пенденің тілек күйі, жүрек күйі,
Өмірді бүлдіретін, күлдіретін.
 
 
Аңдайын айдаланы мекендеген,
Көңілін өміріне көтермеген.
Жарлы жұрт жаны сүйіп тыңдаған күй,
Мұратқа енді осылай жетем деген.
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»