Бесплатно

Күй

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Жын, əруақ не берсін,
Өлтіресің қинасаң,
Көпке ортақ айуан мал,
Айтайын халқым, айтайын,
Түйеңе көрген түсім бар,
Ботасыз бедеу боз інген,
Болжадым, бермен алдыршы,
Өрістен ұстап қалдыршы.
Мүйізгегін жондыршы,
Шал бураға шөгерші,
Боз қараған шалдыршы,
Жібектен бұйда тақтыршы.
Желекі кілем жаптыршы.
Желге-күнге тигізбей
Жекеше өзін бақтыршы.
Боталайды боз інген!
Болғай мың бір қатасыз,
Ал түшкірдім: «аптұщы!»
 
III
 
Күннен күн, аптадан ай, айлар өтті,
Төлежіп, түгі түлеп, желін жетті.
Күн бітті, боз інген де боталапты,
Ботасы алтын басты, күміс көтті.
 
 
Бір ұры бұл ботаны ұрлап апты,
Бай дағы, бақташы да білмей қапты.
Ботаны ел аулаққа буып тастап,
Енесін керуенге əкеп сатты.
 
 
Ақдамда апақ-сапақ сауда біткен,
Інгенді тіркеп керуен жүріп кеткен.
Артына қарай-қарай, боздай-боздай,
Құба құм, қоңыр түнді күңіренткен.
 
 
Боздаған ботасына зар илеген,
Қозғалған қоңыр іңірді əлдилеген.
Екі көз жасты өзендей сорғалатып,
Төрт табан құмды қосып нан илеген.
 
 
Сыр суы көңілі босап сыңқылдаған,
Аспанда қаз бенен қу қыңқылдаған.
Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей,
Күйініп көкте жұлдыз, жел жылаған.
 
 
Күркілдеп жөтеліскен кейіп көппек,
Тартынып тұра қалса көткеншектеп:
Тоқымға білеуітпен бұттаған құл,
Жол тартқан, қузап айдап «атшу», «шөк» деп.
 
 
Сатылған, саудаланған құл да ашулы,
Айрылған ботасынан бұл да ашулы.
Басы бір-біреуі адам, біреуі айуан,
Білсін бе бірақ бұлар мұңдасуды.
Қайғырған қара түннің қараңғысы,
Томасарған тоғайдағы тораңғысы.
Жалғыз-ақ жылқышы құс көңіл айтып,
«Жоғыңның болсын, – деген, – оралғысы»!..»
 
 
Елсіз жер… еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
 
 
Көбейген көк жүзінде жұлдыз қоздап,
Боз інген зар қақсаған жолда боздап.
Түктіде түйедегі зарлы сарын
Қажытпас қам көңілді қалай қозғап?
 
 
Қозғайтын қобыз тартса əсіресе,
Төңкеріп жан көңілін əлденеше.
Құм кезіп, түзде безіп тыңдайтынбыз,
Түйенің күйін сонау тартқан кеше.
 
 
Түн қандай жазғы өліарадағы,
Үн қандай күңіренген даладағы.
Тартынса тақымына таяқтаған,
Тарынған тазша-дағы бағанағы.
 
 
Құл ұрса тартқан бұйда іркілмеген,
Бұйда үзсе – қайта мықтап тірке деген.
Телміріп құлға төніп төгілген зар,
Дегендей «неткен қатал шіркін» деген.
 
 
Дегендей: «тазша-ау, мені тақымдама,
Тап берме, таяғыңмен жақындама.
Өзің құл, өзің-дағы мен сықылды,
Ұрмастан ойла соны! Ақыл бар ма?
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»