Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Текст
0
Отзывы
Читать фрагмент
Отметить прочитанной
Как читать книгу после покупки
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

Қарақозы:

– Мына Алдажұман бүгін құбылып сөйлеп отыр. Осы берген қалың малды азсынып отыр ма, білмеймін. Әлі де балаларыңмен тағы бір сөйлесіп көріндер дейді. Ол не сөз екенін түсінбедім…

Былтыр Телқозы баяғы берген қалың малды қайтарыңдарды айтып барғанда осы қызын Шоңға бермеші болған. Бұл құбылысына Алдажұманның Жамал да түсінбеді. Содан кейін ешнәрсеге түсінбегендей ой білдірді. Соңында айтқаны:

– Қалың малды азсынып отырса тағы да мал береміз…

Қарақозы келінінің айтқаның жеткізуге Алдажұмаға қайыра барды.

Қарақозы келіп Жамал айтқан сөзін жеткзігенде ол, көңілінде түрған күдікті сөзін ашық айтты:

– Мал жағын қойшы, мен сол берген малға ризамын. Менің ойлап отырғаным қазіргі баламның бақыты. Осы сіздердің балаларыңыздың жаратылысында бір кіәрат бар ғой деймін.

Қарақозының аңқаулығы бар еді, әуелінде Алдажұманның сөзіне түсінбей:

– Ол қандай кінәрат? – деп сұрады

– Әйелге шабыты жоқ, тәрізді. Екі күн қасында жатқанда қасына бір бармай ма?

Қарақозы Алдажұманның сөзін енді түсінді. Қарсы айтар сөзі жоқ сияқты көрінді.

Қарақозы қайтадан келіні Жамалға келді. Алайда, Алдажұман аузынан шыққан сөзді айтуға дәті бармады. Ұялды. Басқаша сөйледі.

Ол Жамалдан Шоңның анау Ақмола жақта алайын деп жүрген қызы жоқ па деп сұрады.

Ондай болса айтар еді ғой, айтқан жоқ, -деді Жамал.

– Аналар қыздан қашып жүр дейді. Мынасы ұлкен ұят болды, ішіңнен шыққан бала ғой, өзің сөйлесіп көрсеңші.

Шоңның бұл қылығы шешесін де таңқалдырды.

Жамал Қарақозыны Ағеке дейтін. Сонысына салып:

– Ағеке, Телқазы айтып отыр, қай бала әкесіне қарсы шығады.

– Жамал мен байқап жүрмін, осы баланың мінезінде бір өзгешелік бар. Орысша оқығанның әсері ме, білмедім. Түсініксіздеу өзі…

Жамал Қарақозының сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры, Шоңды оңаша шақырып алып сөйлескен еді.

– Мына құдалар реніш білдіріп отырған көрінеді. Сен қызына бірдеңе дедің бе?

– Осы сіздердікі қызық, мен көрмей жатып құда түсесіңдер де, енді келіп маған ал дейсіздер. Мен әлі де ойланамын, қызды сынап көремні. Содан кейін барып өз пікірімді айтамын. Қазір қызтуралы ешқандай пікірім жоқ.

Шоңның бұл сөзінде қулық бар еді. Кейінге салып алмай кету ойы бар болатын.

Шешесі басқаша қаттырақ айтқысы келіп еді, көңіліне қарап оны жасаған жоқ.

– Шоң қалқам оның ұят болады. Әкең құда түсіп қойды, енді аласың. Қыздың саған несі ұнамай қалды. Қыз жап-жақсы бала…

Сіз қалай-қалай сөйлейсіз. Қыз сіздерге емес, маған ұнауы керек алдымен…

Енді Жамал қаттырақ кетті.

Қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі бар, бала әкенің айтқан жерінен әйел алуға тиісті.

Егер көңілімнен шықпай тұрса қалай аламын?

– Кейін ұнатасың, бәрі де ретке келеді.

– Сіз Телқозыға қосылғанда ұнаттыңыз ба?

Мына сөзді естігенде Жамал сасып қалдыда, есімде жоқ дей салды.

– Сіз енді бұлай жалтармаңыз. Әр уақытта сүйіп алып, сүйіп тию керек. Күміс те мені ұнатпайтын секілді. Екеуміз бір-бірімізді ұнатпай қалай өмір сүреміз.

Жамал сөзі таусылып қалғандай үндемей қалды. Шоң бұдан кейін үйден шығып кетті. Жамал баласының бұл қылығын Қарақозыға айтқан болатын. Ол мына хабарды естігенде ойланып қалды да:

– Бұл жастар өзгере бастаған екен. Біз жас кезімізде әкемізге қарсы сөз айтпай, ал дегенін ала беруші едік.

– Бұл Шоңның мінезі ешкімге ұқсамайды, осындай бір тік кететіні бар.

– Мен әкем мен Телқозыға баланы орысша оқытпаңдар деп баяғыда айтқанмын. Мына орысша оқудың әсері.

– Ағеке бұл одан емес. Шоңның жаратылысы сондай. Мінезінде мен түсінбейтін қылықтар бар. Білмеймін. Кішкентай күнінен бір айтқанынан қайтпайтын мінезібар. Сонысына салып отырған тәрізді.

– Олай болса бұл баланы мына қызға телудің қажеті жоқ. Шатыстырмайық. Содан Қарақозы үйден шығыпкеткен еді. Тыста мұны күткендей Алдажұман отыр екен. Сөзді Алдажұман бастады.

Бұлар да Жамал Шоңмен сөйлесіп жатқанда әйелі екеуі қыздарымен сөйлескен еді. Екі түн бойы қасына жуымаған жігітке бармаймынды айтып, ат тонын ала қашқан екен. Күміс бұл жолы тіптен қатты кетті. Кімге бар десеңдер де барамын, бірақ мына жігітке бармаймын. Бұл сөзі әйелі арқылы Алдажұмыан құлағына да жеткен. Қыздың сол сөзі әсер етті ме, екеуі оңаша сөз бастаған еді, Алдажұман:

– Қареке, мен сіздерге қызымды бермеймін.

Қарақозы ашуланып кетті де турасын айтқан:

– Олай болса алған қалың малды қайтар! Мен қайтармаймын. Мен қыз бермеймін дегенім жоқ. Балаларың анадай мінез көрсетіп отыр. Барлық кінә сіздерден. Сондықтан малды қайтармаймын. Алдажұман тентек адам еді. Сол екі арада екеуі шатасып қала жаздап, зорға тоқтаған. Мұның артынан үлкен жанжал бет алып бара жатқанын түсініп Қарақозы айтқан еді:

– Жастарда ондай-ондай бола береді. Қайда кетер дейсіз, түсінеді де. Бұл баланың әуелден сондай мінезі бар. Әкеміз Жанкелді еркелетіп жібергендіктен бе, білмеймін…

Алдажұман ақыры көкейінде тұрған сөзді айтқан.

– Мен сіздерге баланы бермеймін демеймін. Сіздерде өсіп келе жатқан жастар көп қой, солардың біреуіне берейін. Бұл екеуін әуре етпейік. Қарақозы ойлаған, егер құдалықты бұзып барсам, Телқозы улкен шу шығарады. Пәлен бас мал босқа кеттіні айтып, соңынан қалмайтынын білген еді. Жанкелді тұқымының малдарының барлық билігі Телқозықолында еді. Базарға апарып сатып, Жанкелді тұқымына қарасты шаруаның бәрін Телқозы атқаратын. Одан асып ешбір әкесі қимыл жасамайтын. Жанкелді оған тұңғыш немересі болғандықтан барлық билікті беріп қойған. Бабасы Жанкелді, әкелері алдында Телқозыда еркін сезінетін. Қазір Қарақозы Телқозыға не айтып барамын туралы ойға берілген еді. Бір байламға келе алмай ұзақ отырды. Алдажұман да оны асықтырмай күтіп отыра берді. Әлден уақытта Қарақозы тіл қатты.

– Ондай жағдайда өмірде бола береді. Оған не істейміз. Рас, Жанкелдіде ұрпақ көп, болмаса солардың біреуіне алып береміз. Бәріміз де Алтайдан тудық. Туыстығымыз да, құдалығымыз да сол қалпында қалсын.

Бұл Алдажұман тілегінен шыққан сөз болды да ол былай деді:

– Менің де сіздің өзіңіз де менің ойыммен ұштасып бір жерден шығып отыр. Бірақ осы сөзді Телқозы аузынан естиін. Әйтпесе, етреңгі күні ол келісімді бұзуы мүмкін. Алдажұман Телқозыберген малдарын алатынын ойлап қорқыңқырап отыр.

Қарақозы барлық жағдайды айтып ауылға Малайды шаптырған. Телқозы Қарақозының сәлемін естіп алып Малайға айтқаны.

– Олай болса Алдажұманның қызын сен ал.

– Менен бес жас үлкен көрінеді. Қалай аламын? Ана шешең де менен үлкен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қызтисе алабер. Мен де алдым ғой. Қайта өзіңнен үлкені жақсы болады. Ақылы толған, бәрін үйретіп отырады.

Әкесінің мына сөзіне қарсы Малай ештеңең айта ламды. Жаратылысында өзі жуас еді. Әкесінің сәлемін айтып келген. Бірақ Малай көңілінде мазасыздық бар еді. Бұған Шоң қалай қарайтынды ойлаған. Телқозының айтқанын әуелі шешесіне жеткізді.

Ол отырып:

– Әкең солай дес солай жасаймыз

– Мен оған қарсы емеспін. Бірақ Шоң не дейді? Деді Малай. Шоңда жұмысың болмасын, деп шешесі қысқа қайырды.

Жамал Телқозының сәлемін Қарақозыға жеткізген. Олболса Алдажұманға айтқан.

Екеуі шақырып алып Малаймен сөйлескен. Ана жақтан әкесі қайрап жіберген болуы керек. Ол турасына көшкен:

– Шоң алмаса мен аламын.

Қарақозы Шоңды шақырып алып:

– Сен өзің көзге көрінбей осы ауылдан кетші, – деді.

Шоң әкесінің айтуымен бір өзгерістің болғанын білді. Бірақ ол қандай өзгеріс екенін білмеді. Ештеңе айтқан жоқ. Сол күні Жәмкені ертіп алды да екеуі екі салтатпен тайып тұрды. Басқалары Алдажұман ауылында қалды.

Шоң әкесінен қорқып ауылына соқпай Елгелділер ауылына кетіп қалған. Сондабарып жатып алды. Телқозы ашуының басылуын күткен еді.

Алдажұман ауылындағы шаруа ретке келген соң, Қарақозы мен Жамал Малайдың қасында Әлсен бар сол ауылда қалдырып қайтып кетті. Шоңның аузы күйіп қалған Күміс де бірден қабылдады. Малай бар қызыққа батып Алдажұман ауылында жата берді.

Шоңның ойы осы жақтан Жәмкені ертіп алып Ақмолаға тартып кету еді. Бәріне кедергі болып тұрған Жәмке болатын.

Жәмкенің ең жақын туысы Сәтекке Таубай бастаған ақсақалдары салған. Ақыры ол көнген. Жәмкенің оқуына төрт жылқыберді. Таубай Шоңның өз аттарына мініп шапқанына риза болып Кербестінің тұқымынан бір жүйрік тайдыберген еді. Енді ертең Ақмолаға жүрмекші боп отырғанда Телқозыкелді. Баласының Жәмкемен бірге Елгелділер ауылына кеткенін сезген. Елдегілер Телқозыны жақтырмай отырса дабаласы үшін жақсы қарсы алды.

Телқозы Кербестінің тұқымынан бір тайды Шоңға жетектеткенін естігенде қатты қуанды. Елгелділерге ашуы тарқағандай болды.

Телқозы сан сұрап Таубайдан Кербестінің бір тұқымын ала алмай жүрген. Таубайдың мына қылығына риза болды.

Қасында Жәмке бар үшеуі Қараағашқа қайтқан. Содан келе жатқанда Телқозы баласынан сұраған.

– Саған Алдажұман қызының несі үнамады?

– Бұрын көзім көрмеген қызға менің сыртымнан құда түсесіздер. Ондай қыздың маған керегі жоқ.

– Ақымақ-ау, онда менің малым кетіп бара жатыр. Қыз ұнамаса кейін тоқал алатын едің ғой.

– Маған сіз тәрізді екі әйелдің керегі жоқ, бір әйел де жетеді. Тек өзім сүйіп ұнатқан адамды ғана аламын. Онымен қоса қызға мен де ұнауым керек. Бұдан былай сырттан құда түсендіқойыңыз!

Телқозы бұл орысшаоқудың әсері болар деп ойлаған еді. Айтары бар еді, айтпады…

Шоң ауылында тағы екі күн жатып Ақмолаға жүріп кетті. Бұл кезде Малай қызауылында жатқан болатын. Әдеттегіден ұзақ жатты. Шоң кеткен соң бір аптадан кейін келді. Телқозы Малайдың қызкөңілінен де, әкесінің де ойынан шыққанын біліп жүрді.

Шоң сұлтан көңілінен шықты.

Арада екі жылдан астам уақыт өтті. Жәмке Шоңның арқасында оқуға түсіп оқып жатты. Шоң оқуын бітіріп, жұмыс таба алмай әуре болып жүрген. Қанкелдин деген биге аудармашы болған. Ол аудармашы емес, атын жегіп, жолда тамағын істейтін жалшы балаға айналдырып жіберген. Содан одан кеткен еді. Шоң арманы дуанға қызметке тұру болатын. Ол сұлтан Қоңырқұлжа басқарған мекемеге қара қазақ баласының қызметке орналасуы қиын екенін білетін. Сұлтан қара қазақ түгілі төрелердің балларын да таңдап, талғап алатын. Соны біле тұрып Шоң бағын сынап көрі үшін Ауызүйде отырған көмекшісі татарға айтып еді, ол сұлтанға кіріп кетті де тезшықты. Кірсін депті. Шоң сұлтанның бұл тезқабылдағанына таңқала ішке кірді.

 

Сұлтан отырып сұрады:

– Сені орыс мектебіне тұсірген кім?

– Ешкім де түсірген жоқ, өзім келіп түстім.

Егер азын аулақ орысшасы болмаса мектепке қабылдамайтынын білетін аға сұлтан.

– Сен жалған айтып тұрсың, мектепке орысшабілмесең қалай қабылдайды.

– Біздің ауылда орманшы Василий деген бар. Әуелде соның балаларынан үйрендім. Тіл сындырдым.

Бұл орысты Қоңырқұлжабілетін. Ол Қараағаштан Ақмолаға аң-құс аулап әкеліп сататын. Ол қазақ жеріне алғашқы келген орыстардың бірі еді. Нұра бойын аралап жүріп, Қараағашқа тоқтаған. Қазақтың көзіне іліне бермейтін байлықтың көзін тапқан. Ақмоладан үй салып жатқандарға ағаш сататын. Қараағаштааң көп еді. Соларды аулайды. Соның арқасында ол орыс байып алған болатын. Шоңның айтып тұрғаны сол орыс еді.

Ендеше орысша сөйлеші деді. Шоң өзінің қай жерден екенін, руы туралы бәрін орысша айтып берді.

– Тілің орысшаға жақсы жаттығып қалған екен. Ертең кел, содан кейінжұмыс жағдайын ойластырып көремін.

Шоң сұлтанның бұл сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді, келесі күні тағы келді. Тағы да орысша біразсөйлетіп, өткен жолдай ертеңге сілтеп тағы жіберген еді.

Қоңырқұлжа Құдаймендин аға сұлтан қаптаған қазақ

байларын қалаға жібермейтін. Омбыдағы облыс бастығының талабысондай ма, әйтеуір, қазақты қалада тұрғызбайтын. Қазақкелсе саудасын жасаған соң кету керек. Жаңа ғана бекеттен қалаға айналған Ақмолаға анау жылдары кіріп лаған, Кенесарымен соғыс кезінде Қоңырқұлжамен қосылып орыстарды жақтап соғысқан, бірен-сараң төрелерге ұлықсат берген. Олар қанша көп емес еді. Қазақтармен байланысқа керек болған соң біраз татарлардың көшіп келуіне жоғары жақұлықсат берген. Қазыргі Ақмоланың негізіүш халықтан тұратын – олар орыстар, татарлар төрелер болатын. Қазақтар тек қана саудамен келетін. Кенесары көтерілісінен кейін орыстар да, сұлтан да қорқып қалған. Шоң соңғы кіргенде дуан басы айтқан:

– Мен сені жұмысқа алайын. Қызметіне ақша төлеймін…

Мына сөзді естігенде Шоң іштей қуанып кетті. Бар арманы Ақмолада қалып, дуан кеңесіне сіңісіп біразеңбек етіп, ар жағында мүмкіндік болса дуан басымның көмегімен Омбы жаққа барып оқуын жалғастыру болатын. Өйткені, оқыған төре балалары мұнда біразжұмыс істеп, орыс қалаларына кетіп жататын.

Көкейінді сол ой тұрған Шоң, соған орай былай деді:

– Қадірлісұлтан мырза, бізкедей дамадар емеспіз. Мен ақшаға оншақызықпаймын. Мақсатым білімімді жетілдіріп, сіздің басшылығыңызбен осы кеңседебіразқызмет істеу. Бұл сөздерді де орысша айтқан.

Қоңырқұлжа мына баланың сөз сөйлеу мәнерінде орыстарға тән бір ерекшелік барын әуелінде байқап қалды. Азырақ акценті боламаса орысшаны таза сөйлейтінін өткенде байқаған. Төре балларына да, татарларда да өзіне тән ерекшеліктері бар еді. Лоар оншыорыс сөзін мәнеріне келтіріп айта алмайтын. Қоңырқұлжаға Шоңның таза сөйлегені ұнады. Сонысына таңқалды. Әйтпесе, жалпы, Қоңырқұлжа қара қазақты ұнатпайтын.

– Жарайды, мен сені қызметке аламын. Әкең қалаға келсе маған жолықсын. Қоңырқұлжа Шоңның әкесінің малдыекенін біліп бұл сөзді әдейі айтып отыр еді. Шоң дуан басының тамағы жыбырлап отырғанын біле қалды. Шоң да жаста болас алды-артын байқағыш, оның үстіне қулығы да бар еді. Сол арада әкесінде қанша жылқы барын сұрағанда, сол маңдағы ең бай дама екенін мақтанышпен айтқан.

Қоңырқұлжаға мына баланың өзіде, әкесінің байлығы даұнады. Сол күні Омбыға жіберілетін бір хатты ауызша айтып, соны орысшалап шығуды тапсырған еді. Шоң қолма қол аударып, жазып берген. Сұлтан орысшаны нашар білсе де, орыс сөздерінің мән мағынасын жақсы түсінетін, Шоңның сөзін тыңдап отырып орысшасына да, аудармасына да көңілі толғандай болды. Сол күні-ақ Шоң жұмыс қа кірісіп кетті. Осыны күтіп тұрғандай елінен Телқозы келген. Баласының дуан басы мекемесіне қызметке орналасқанын татар Табристен естіп қатты қуанды. Ес қалмады. Оған ол жерде қызмет атқару қара қазақтың қолы жетпейтін биіктей болып көрінетін.

Ертеңіне Шоң әкесін Приказной-Дуан басының кеңсесіне ертіп апарған. Түс кезі болатын. Бұлар Қоңырқұлжаны күтіп отығанда түскі үзілістен ол келген. Шоңның қасында отырған әкесі екенін айтпаса да бірден білген сұлтан. Кабинетіне ертіп алып кеткен Аға сұлтан әкесімен оңаша қалып біраз сөйлесті. Ақыры сұлтан кабинетінен әкесі қуанышты, ткөңілді шықты, Шоң да оны бірден аңғарды.

– Бүгін сұлтанның үйіне қонаққабарамыз, – деді.

Шоң әкесінің Қоңырқұлжамен біржолатіл табысқанын сезді.

Кешінде Шоң әкесін Есілжағасындағы ағаштан салған сырт аумағы

еңселі үйге ертіп апарды. Шоң бұрын татарлардан дуан басы қалада екі әйелмен тұрады деген сөзді естіген еді. Жұрттың бәрінің аяғы баспайтын үйге кіріп отырған Шоң мен әкесі.

Бұлар келгенде сұлтанның отбасылары кешкі тамақтарын енді ғана алдарына алып отырған екен. Қоңырқұлжа көп жылғы есік танысындай Телқозы мен Шоңды қарсы алды. Телқозыбаласынан жасырған жоқ, осында келер алдында, сенің жұмысқа тұрған көрімдігіңе сұлтанға бір үйір жылқы беретін болғанынын айтқан. Сұлтанның әкесіне ықылас көрсетіп отырғаны соның әсері екенін білді. Әуелінде әкесінің бұл сөзіне сеніңкіремей де қалған. Өйткені, әкесінің керемет сараң екенін білетін. Бір үйір жылқыны бердім сөзінеғ сеніңкіремей ойланып қалған. Бірақ пайдасы қайтатын жерден әкесінің де аянбайтынын және білетін. Пайдасы ол өзін жұмысқа алуы екенін Шоң сезіп отыр. Олар үйге кіргенде бұларды Қоңырқұлжаның жақсы қарсы алуының сыры осында жатқаныны әкесі де, өзі де жақсы түсінген. Қоңырқұлжада некелі, некесіз әйелдер көп болатын. Солардың ішінде мына сән-салтанаттты үйде төре қызы Қаниса мен Шыңғыстың қарындасы Аққағаз тұратын. Бұл екі әйел апалы-сіңілілердей тату еді. Қоңырқұлжаның Аққағазды алуында үлкен сыр бар еді. Жас қызәуелінде қартаң тартқан сұлтанға тигісі келмеген еді, бірақ ағасынан асып кете алмаған. Тиген. Содан бұл қыз Қоңырқұлжамен Уалихан балаларын жақныдастыруға себепкер болды. Шоң оқуға түскелі хандар мен сұлтандар өмірін зерттей бастаған. Олар бір-біріне жақындау үшін қыз беріп, қыз алатынын білетін. Аққағазды да сұлтан сондай жағдаймен алып отырғанын түсінді. Аққағаз бұл үйдің табалдырығын он үшке келмей жатып аттаған. Бұл кезде сұлтан елуге келіп қалған еді. Аққағазәйел есебінде Қоңырқұлжаға онша ұнамаса да, бірақ сұлтанның көңілдері жақындасуына себепкер болған. Аққағазон бестен аса бала тапты да, оның атын Қоңырқұлжа туысқандық белгісіндей, көңіл жақындығы үшін Шыңғыс қойған. Екі әйелді жақындату үшін сұлтан оны бәйбішесіҚанисаның қойнына салдырған еді. Бала тапқан Аққағаз осы үйдің еркесінде болып жүре берген. Сұлтан қасына жатқысы келсе жатып, жатқысы келмесе жатпайтын. Бірақ үйіне келген төрелермен қанша ойнаса да өз ерікнде еді. Сұлтанға сездірмей өзі ұнатқан төрелерінің қасына ретін тауып түндебара беретін.

Сұлтан бәйбішесін жас Аққағаздан әлдеқайда жақсы көретінін Шоң кейін сезді. Төре қызы онымен қатар көрікті де, ақылды еді, сонымен сұлтанды билеп алғанынын Шоң кейіл білді.

Қоңырқұлжаның ұлы әкесі Сәмеке хан бір кезде Әбілхайыр ханмен бірігіп орыстарға проктер болып кіруге келіскен еді. Қазақтың атақты билері Қазбек, Төле, Әйтеке билер онысын ұнатпаған. Кейін билікті төре тұқымынан шыққан, Төле бидің есігінде жүрген Абылайға бергенде Сәмеке ханның баласы сұлтан Құдайменде орыстар жағына біржола шығып кеткен. Олардың жолын Қоңырқұлжа да жалғады. Орыс шенеуніктері сұлтанның онысын жақсы көретін. Сыйлайтын. Патша адамдарының хан тұқымынан өздеріне тартқаны осы Сәмеке хан ұрпағы еді. Абылай балаларымен жанасу үшін Қоңырқұлжа Уәлиханның немересі Аққағазды алып отырған. Бұл үйлену Абылайдың Уәлиханнан тараған тұқымдарын Қоңырқұлжамен біржола жақындастырған еді. Кенесары соғысы кезінде Уәлихан балаларының патша жағына шығып кетуінің бір сыры да осындажатқан болатын. Қазір сұлтан үйінде төре қызы Қаниса мен осы Аққағаз ғана тұратын.

Қоңырқұлжада басқа да қара қазақтардан алған әйелдерінің әрқайсысының өз ауылдары бар. Әр жердетұратын. Олардың басқа еркектермен ойнап қоймасын деп күзет қойғызған. Оларды Аөмолаға жуытпайтын. Қара қазақтан алған әйелдің біреулермен ойнап қоймауы үшін күзет мықты еді. Содан олар басқа да біерулермен ойнауға қорқатын. Еркіндік тек Аққағазда болатын.

Қаниса мен Аққағаз екеуі де бір үйде күндестердей емес, апалы-сіңілілердей тұратын. Оларда күндестік жоқ, татулықтары жарасқан апалы-сіңілідей. Шоң оның бәрін кейін білді.

Дастархан басындағы барлық қызметті Аққағаз атқаратын, күтушілеріне бұйрықты дасол беретін.

Шоң мен әкесі кірген соң сұлтан оларды дастарханға шақырды. Анау-мынау адамдарға күйеулерінің оны жасамайтынын екі әйелі де білетін. Шақырғаннан-ақ бұл адамдар бір мықты жерден екенін сезген еді, олар да. Бұлар жайғасқан соң сұлтан әйелдеріне әкесі мен Шоңды таныстырды.

Бұлар Нүра бойында тұратын маған көңілі жақын Тоқа Жангелді Деген кісінің ұрпақтары. Содан кейін бүгін үйге қонаққа шақырып отырмын, – деді.

Сұлтан төрелер мен қазақтардың мықтыларын ғана үйіне шақыратынын екі әйелде білетін. Оның сөзінде алақаныан бірдеңе салғандарды ғана қадірлейтінін сезетін. Екі әйел күйеулерінің осы азсөзінен көп жайды түсініп, мына дамның қолы ашық адам екенін біліп отыр еді. Өйткені, берері жоқ адамдарды сұлтан үйінің табалдырығынан да аттатпайтын. Сол кеңсе жақта шаруаларын реттеп жіберетінін білетін әйелдері. Дегенмен, екә әйел да қара қазақты баласымен қосып шақырғанына таңқалып отыр.

Сұлтан кең отырып, көсіле сөйледі. Тағы да сөзін екі әйеліне арнап сөйледі.

Жанкелді бабаларын сыйлап, соған мына баланы жұмысқа дуанға алдым. Өзім тәрбиелеп өсірмек ойым бар. Орысшаға судай жігіт. Талабы күшті. Амандық болса мынау деген тадам болады. —Мына сөзді сұлтан аузынан естіп, Телқозының есі шыққандай болып отыр еді.

Екі әйел қара қазақтың баласын сұлтан ешқашан жұмысқа алмайтынын білетін. Мына бала бір ерекше жасөспірім екенін әйелдері де түсінді.

Қоңырқұлжаның өзі кәрілікті мойындап қалған дама болса да жақсы күтімнің әсері ме, көзге әлі елудің ішіндей көрінетін сырт адамға. Үлкен әйелі толыға түскенмен, дене бітімінде ешқандай жақсы келгеннің белгісі байқалмайды. Ал кіші әйелі тіпті қыздай. Жаратылысы солай ма, денесінде түйір артықет жоқ. Телқозы оймен шолып, көңіл дүниесіне салып отырған бәрін. Әйелдерге қарап отырып сұлтанның талғамы да жоғары болар деп топшылаған. Телқозы да төре қыздарына құмар еді. Әсіресе, сұлтанның бәйбішесі қатты ұанды. Осындай әйелді құшып жатқан сұлтанның да арманы барма екен, деген деген ойға берілді іштей.

Бұлар дастарханға отырғаннан кейін басқа бөлмеден шығып он бес-он алты жастар шамасындағы бір қыз да дастарханға келіп отырды.

Бұл осы үйдің кенже баласы сұлтанның бәйбішесінен туған Сақыжан еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі де қуланып алған. Сұлтанның емдейтін дәрігерімен ақылдасып, бала таппаудың жолын біліп алған. Мұны Аққағазға да үйреткен еді. Содан Жәніләдән кейін бәйбішесі де, Аққағаз да Шыңғыстан соң бала таппай кеткен. Көп жыл жүріп бәйбішесі ақыры мына қызды тапқан. Қыз барлық жағынан толысып, пісіп отырған кезі еді. Телқозы да өзініңі байқағыш көзімен байқап қалған.

Шоң сырттай, қала ішінен ілуде-шалуда базардан, көшеден көріп жүретін. Бірақ тіл қатысқан адам емес. Қыз Шоңның өзі ұнататын қара торының сұлуы еді. Айтпай-ақ Канисадан туғанын біліп отыр.

Іштей ұнатып жүрген қызбен бір дастархан басында отыр. Жақын жреден көргенде Шоңға ол тіптен ғажайып сұлудай болып көрінді. Оның үстіне анау-мынау емес, сұлтанның қызы. Хан тұқымынан екені сұлулығына сұлулық қосқандай әсер қалдырады. Шоң талай қызды көріп жүріп мұндай күйге түспеген шығар. Айрықша бір сезімде отырды.

Әке-шешесінен жасырып, ұрлана қызға қарап қояды. Қыз оны аңғармағандай, мән бермегендей жайбарақат тамағын ішіп отыр. Осыдан-ақ, Шоң қызкөңілінің биікте жатқанын, қыздың ауылы өзіне алыс екенін аңғарды.

Дастархан басына отырғаннан соң Телқозы мен сұлтан арасында жарасымды әңгіме біраз жерге барды. Қоңырқұлжа елдегі адамдардың өзіне көзқарасын сұрады. Телқозы шынын айтты.

Кенесарының көтерілісі кезінде бараз адам соған мойын бұрып еді, бүгінде түзелді. Сізге қазір бәрінің де көзқарасы жақсы.

Мына аға сұлтанның көңілінен шыққан тәрізді. Әңгіменің тиегі енді тіптен ағытылып кеткендей болды. Сұлтан Телқозымен енді тіпті ашылып сөйлесті.

Бұл Нұра бойының қазақтарына өкпем қара қазандай. Кезінде балам Шыңғыстың өліміне осы Тоқалар себепкер болды ғой.

Телқозы оған не айтарын білмеді, бірақ бірдеме деуі керекін түсініп:

Сұлтеке, адамдардың да жаратылысы әртүрлі ғой. Сондай жігітке қолдары қалайбатып барғанын түсінбеймін. Кезінде соған өзіміздің де ішіміз ауырды. Ол балаңыздың хан тұқымына лайықты адам екенін еститінбіз.

 

Қонағының мына сөзі тілегінен шығып, жақсы көріп қалды үй иесі. Екі әйел де сондай күйде еді. Телқозы аузынан мындай сөзді естігенде Аққағаз жылап жіберді. Шыңғыс туралы сөз болғанда Аққағаздың көзінен жас көрініп қалатын. Сұлтанның дәрігерінің көмегімен кейін жалпы бала таппай кеткен. Содан кейін бала көтерм еген. Сұр бойдақ болып алған. Ал Қанисадан екі бала бар болатын. Жәнілдә мен мына отырған кенже қызы. Сұлтанның басқа қара қазақтан алған әйелдерінен де балалары бар болатын. Алайда, ілуде-шалуда болмаса қара қазақтан туған балаларға оншамән бермейтін сұлтан. Қоңырқұлжаның бар үміті осы төре қызы мен Қанисадан туған бала еді. Қазір сонау Санкт-Петербургте оқи Жәнілдә мен Аққағаздан туған өзі айтып отырған Шыңғыс болатын. Қандарына біткен бе, төре қыздарынан туған баллары мен қара қазақтан туғандарын ала-құла ұстайтын. Қара қазақтан туған балаларын әйтеуір, төре атанып, оларды хан тағына жіберу, сонау Шыңғыс хан заманынан келе жатқан тәртіп еді.

Сұлтан да Қанисадан туған баласын айрықша көретін. Сондықтан Жәнілдәні алыстағы Санкт-Петербургке щқуға жіберген. Ойы білім алып патша маңайынан бір жерден ойып орын табатынына үміті бар болатын. Ал Нұра бойында болыс болып істейтін сұлтанның тағы бір баласы бар. Ол қара қазақәйелінен туған бала. Баланың пысықтығын байқап Қоңырқұлжа оны кішкентай кезінде шешесынен алып Қаниса бауырына салған. Өзінің қара қазақтан туғанын білмейтін ол. Кеміткені ме, Қоңырқұлжа оқытпай он жетіге толған соң болыс етіп қойған болатын. Ағасын оқытып, өзін оқытпағанынана Бекәлі әкесіне ренжіп жүретін. Сұлтанның қара қазақ әйелінен туған Әділ аты баласы және бар болатын. Оның денсаулығы нашарлау еді. Ол Нұра бойында шешесімен тұратын. Ауру болғандықтан оны мазаламайтын. Қоңырқұлжаның қара қазақтан алған тағы екі-үш әйелі болатын. Бірақ олардан туған балларға сұлтан мән бермейді. Сұлтан қара қазақтан алған иәйелдеріне барған күнін қағазға жазып отыратын. Сол қағазда жазған мерзімге келмей туған балаларды өзінікі емеспе санап, мән бермейтін. Қанша күзет қойсада ретін тауып әйелдердің ойнап қоятынын сұлтан да білетін.

Бекәлі әкесіне қарсы келе аламй сол болыстықта істеп жатқан. Әкесіне жолыққан сайын оқымағанын әкесіне мұң етіп айтып қояды. Ондайдасұлтан айтатын, кішкене байиық, содан кейін оқытамын дейтін. Кенесары көтерілісінен кейін сұлтанның кедейленіп қалғаны рас еді. Барлық малын Кенесары айдап әкеткен болатын. Алдау болса да, шын болса да соған көніп Бекәлі болыс болыр Нұра жақта істеп жзататын. Бұл жігіт әкесі итерм елей ме, алымпаз еді. Түйені түгімен жеп қоятындай әдеті бар болатын. Сонысына ыза болып оның үстіне Қоңырқұлжаның өзінен асырып сонау губернаторға дейін жергілікті халықтар арыз-шағым жазып жататын. Ана жақтан орыстар да сұлтан құлағына салып қоятын. Патша алдында беделі бар сұлтанды Омбыда, Тоболда отырған бастықтар сыйлайтын. Сондықтан әзірге олар да құлаққа салумен, ескертумен келеді. Сол жағдай еске түсіп, қазыір отырып айтқан Қоңырқұлжа:

– Телқозы сен анау Тоқаларына айтып қой, жоғары жаққа жаза бермесін. Одан түк өңбейді. Айтатындарын маған келіп айтсын. Ал олай болмаса малдары ана жылқылары жиырма мыңға жақындап қалған Сапақ тәрізділер салықты түгел төлемей отыр. Оларын қоймаса малдарының жартысын сыпырып аламын. Соны жеткіз. Тоқа туысқандарың сенің айтқан сөзіңді тыңдайды ғой. Мен де ына балаңа мына жақта қамқор боламын.

Бұл сұлтанның сәтті пайдаланып орынды келістіріп айтқан сөзі еді. Бұл сөзіңе шындық жатқан. Қоңырқұлжаның ойы Телқозы арқылы қорқытып, Нұра бойының байларынан біраз мал жинап алу. Жанкелді балаларының Тоқалар арасында беделі бар екенін

білетін.

– Сұлтеке, өзіңіздей көріңіз. Қолдан келгенше аянбаймын.

– Телқозы қолдан келгенді ғой. Сенің айтқаныңды аяққақалдыратын Тоқалар ішінде адам жоқ. Тіпті, сол арыз жазатын адамдарды маған көрсетші. Содан кейін олармен өзім сөйлесемін.

Телқозы мына сұлтанның өзіне аса ауыр жұмыс тапсырып отырғанын білді. Қорқып кетті. Бірақ ол күйін сездірмей:

– Сұлтеке олай болса Тоқалардың тәуірлерміен сөйлесіп көрейін.

Бұл сөзді сұлтан көңілі үшін айтып отырған. Баласының қолы жетті ме, жетпедіме деп отырғанда басқа сөз айтуға Телқозының мүмкіндігі жоқ еді.

Кенесары соғысы кезінде орыстар жағында болған Қоңырқұлжаны губернатор да жақсы көретіні туралыТелқозыда естіген. Мына адамның көңілін тапса балсының ертеңгі күні шарықтау биікке көтерілетін сезетін Телқозы.

Сұлтан да маңайында өзіне берілген адамдарды жинап, бұл дуандыөзінің берік қамалына айналдуыруды ойлап жүрген. Соған орай орыстан да, төрелерден де өзіне берілген адамдарды маңайына жинап жатыр еді. Сондайлардың біреуі мына қара қазақтан шыққан Шоң болатынына сенімді болатын. Орысшаға зерек. Оны қызметке алуында да осындай ой бар еді. Әзірге сын мерзімге алған. Бірақ бұл туралы баласына да, әкесіне де айтпаған.

Қазір дастархан басында отырып сұлтан Телқозының көңілін көтеру үшін айтқаны:

– Балаң зерек, амандық болса өзім үйлендіріп, тәрбиелеймін деген сөзін әңгіме арасында бір айтып қойды.

Сұлтан шындап қолға алса айтқанын жасайтынын Телқозы біліп отыр. Шоң да сұлтан қызын көргеннен кейін әлгі сөзден соң көңіліңе бір арман орнап қалғандай. Ұрлана қызжаққа көзсалып қояды. Әкесінің мына сөзі қызға қалай әсер еттті дегендей ойда отыр еді. Бірақоған түк әсер етпегендей тамағын ішіп жаймыен отыр. Алайда, сұлтан қызы өзінің қолы жетпес биікте тұрғанын Шоң да сезген. Дегенмен, әлгі сұлтанның сөзі көңілінде түсініксіз бір үміт ұялатқандай болды. Сұлтанның үйінде олар біраз отырып түннің біраз уақытында әкесімен екеуі Табрис үйіне қайтқан. Келе жатқанда Телқозы былай деді:

Әлгінде қыз әкесінің сөзін естідің ғой. Егер көңіліңнен шықса қызын саған беруі мүмкін, – деді Телқозы

Тіпті, төре деемес, хан тұқымынан туған қызды маған бере ме? Сіздің үмітіңіз зор екен…

– Ол сенің оның көңілін табуыңа, іскерлігіңе байланысты… Қыз да сонда саған кет әрі болмайды. Сені әкесі мақтап отырған соң саған байланып қалуы мүмкін.

Шоң әкесінің мына сөзінде бір шындық жатқанын білді. Жас Шоңның көңілі бір көтеріліп қалды. Әкесінің мына айтқаны мен сұлтан сөзі Шоң көңіліне бір әдемі сезім ұялатқандай еді, сонымен қатар онда күдік те бар. Қазір соны айтты әкесіне:

– Сіз тым артық ойлайсыз. Қай төренің қызы он бес жасқа келгенше басы бос болып еді. Сұлтан Баяғыда бере жерін белгілеп қойған шығар.

Телқозыда баласының мына сөзінде шындық жатқанын аңғарды. Сонда да баласын жігерлендіру үшін:

– Қыз көңілін жаулап алсаң, сұлтан ешқайда кетпейді…

Ертеңіне әкесі қайтып кетті. Шоң Қоңырқұлжа кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Арада үш-төрт күн өткен соң Шоң Қоңырқұлжаның шақыруымен оның үйіне барды. Түннің біразуақытына дейін отырғызып Қоңырқұлжа хат жаздырды. Бұл Тобылдағы Бас губернатор атына, Омбыда тұратын көңілі жақын мықты орыстардың атына жазылған хаттар еді. Әуелі сұлтан айтатынын айтып шықты, осыны Шоң ретке келтіріп айтқанын орысшалап жазды. Жазып болғаннан кейін Шоң сұлтанның өзіне орысшасын оқып берді. Жоғарыда айтқандай, Қоңырқұлжа ошна орысша білмегенімен, хаттың қалай жазылғанын мән-мағынасын түсінетін. Ол Шоңның мына жазғанынан риза болып:

Мен саған енді жоғары жаққа жазатын хаттардыжаздырып отырамын. Бұл сөзі шындық болды. Жоғары жаққа жазатын жазатын хаттарды Шоңға жаздыру әдетіне айналды. Жұмыстан кейін үйіне ертіп келіп, түннің біразына дейін жаздырадыжоғары жаққа. Бұл кезде көп жерлерде дуанды уезге айналдыру басталған. Оған тек орыстарды бастық етіп қойып жатқан. Шоң енді Санкт-Петербургтегі патша маңайындаотырған мықтылар жазған хаттарынан осындай қауіп Ақмола дуанынан төніп келе жатқанын сезген. Шоң Қоңырқұлжаның мұнысын кеңседегі отырған адамдарға жаздырмай өзіне жаздыру елге сездірмеудің амалы екенін түсінентін.

Бүгін түннің біраз ауқытына дейін отырып жазған еді. Сонда Қоңырқұлжа:

– Бұл жазғандарың туралы тірі жанға айтпа, аузыңнан шығарма, – деді.

Шоң сұлтанның қорқып отырғанын түсіне қалды да:

– Аға, ол жағына өзіңізге сенгендей сеніңіз, – деді.

Қоңырқұлжа Шоңның мына сөзіне риза болып болған тәрізді. Сол күні үйіне жібер мей өз үйіне қондырды. Таңертең Шоңды қыз көріп сұраған болатын:

Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»