Бесплатно

Масғұт

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

МАСҒҰТ

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
(1845–1904)
 
Я, Алла, құрметіне достың Махмұт1
Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан-Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
 
 
Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
Кез болды бір бишара шал байғұсқа.
 
 
Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
Айырып алған жан жоқ оны барып.
Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.
 
 
Масғұтты ұры шапты қылышпенен,
Тəуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.
Есен-аман шал дағы құтылыпты,
Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.
 
 
Масғұтқа келді əлгі шал көзін тіктеп,
Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.
Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші
Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:
– Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,
Көргейсің ерлігіңнің берекесін.
 
 
Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,
Маған қылған қарызыңды Алла өтесін!
Бай емен, батыр емен, хан емеспін,
Атақты артық туған жан емеспін.
 
 
Себеп болып айырдың мені ажалдан,
Жақсылықты білмейтін шал емеспін.
Мен – бір шал дүниеде жиһан кезген,
Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.
 
 
Ертерек пəлен жерден тосып тұрып,
Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.
Пұл үшін қызықпассың, сен де – бір ер,
 
1Махмұт – Мұхаммед пайғамбар.
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»