Бесплатно

Аққулар ұйықтағанда

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Аққулар ұйықтағанда
Шрифт:Меньше АаБольше Аа

АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
(1931–1976)
І
 
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірə.
 
 
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп əн-самалы,
Қаншама аққу кетті екен – аңсаған əн?
 
 
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ,
Айдынына аққуы қонбаған ба?!
Қызғыштары қиқулап, қорғағанда,
Сорлағанға ұқсайды, сорлағанға,
Шүрегейлер айдынын қорлағанда,
Көкқұтандар қанатын қомдағанда…
 
 
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
 
 
Қанатынан аққудың балапандап,
Əн ұшатын сымпылдап таң атарда.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға.
Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,
Қарай-тұғын айдынға, ақ отауға.
 
 
Таң мен күннің арасы таянғанда,
Таудың басы алаумен боялғанда,
Тірілетін таудағы бар тіршілік,
Қанатынан аққудың оянған ба?!
 
 
Көмейінде тəтті үні былай қалып,
Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып.
Жетті аққулар. Түгендеп «Жетім көлін»,
Жағалауда ұшып жүр шыр айналып,
(Бірден көлге қонбайды құлай барып.)
 
 
Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын,
Асығыстық оларда болмай-тұғын.
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп, жағаға кеп қонбай-тұғын.
Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын,
Ақ мүсін айдынға кеп орнай-тұғын.
 
 
Əлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербей-тұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмей-тұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдей-тұғын.
(Суымен сырқаттарын емдей-тұғын.)
 
 
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,
Сондай бір дəстүр бар-ды қалыптасқан.
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдің налытпастан
Дəстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дəстүр бар-ды жарық шашқан,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»